Сабақтың түрі: жаңа сабақ, суретпен жұмыс



бет1/5
Дата27.09.2023
өлшемі1,2 Mb.
#110855
түріСабақ
  1   2   3   4   5

Сабақтың тақырыбы: Адам тұлғасының суретін салу.
а) Білімділік: Адам анатомиясы туралы түсінік беру, адам тұлғасының құрылымын көрсетіп, оқушыларды сауатты сурет салуға үйрету.
ә) Дамытушылық: Сурет салудың заңдылықтарын меңгерту арқылы, адам пропорциясын, пішінін дұрыс салу жолдарын үйрету. Оқушыларды көзбен елестете біліп, дұрыс бейнелей білуге баулу.Көлеңке мен жарықты сауатты бейнелеуге үйрету. Өнер түсінігін қалыптастыру. Атақты суретшілердің туындыларымен таныстық.
б) Тәрбиелік: ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелей келе, эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ, суретпен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: Адам тұлғасының салыну кезеңдері бейнеленген плакат, тақырып жазылған плакат, тұлғаның салыну жолдары.
Сабаққа қажетті құрал жабдықтар: Формат А3, қарындаш, өшіргіш, ұштағыш.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Білімдерін тексеру.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
IV.Тапсырмаларды орындау.
V. Сабақты бекіту.
VI. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасып, түгендеп, сабаққа көнілдерін аудару. Адам анатомиясының құрылымын үйрету арқылы суатты сурет салуға баулу . Ең алдымен бейнеленетін заттың жалпы пішінін қағаз бетіне дұрыс белгілеуден бастау қажет. Ол үшін оқушыларға бейнелеу өнеріне байланысты заңдылықтардан бірнеше теориялық сұрақтар қояйын.


ІІ.Білімдерін тексеру:
Оқушылар жаңа сабаққа көшпес бұрын, өткен сабақты есімізге түсірейік. Өткен сабақта біз адам басының суретін бейнеледік. Адамның басын салу үшін нені білу керек ? Өткен сабақта не ұқтық? Өткен сабақты қорыту ретінде « адам басының құрлысын білеміз бе?» атты сұрақ-жауап ойынын өткізейік.
«Адам басының құрлысын білеміз бе?ойыны:
Мұғалім адам басының суретін тақтаға іледі, және балаларға сұрақтар:
Адам басының суретін салу үшін нені білу керек? (Бас сүйек құрлысын)
Бастың негізгі мүшелері көз, ауыз, мұрын, құлақты жасау үшін бастың құрлысын қанша бөлікке бөлеміз? (үш бөлікке және көз, ауыз сызықтарын бөліктің ішінен табу)
Бастың негізгі мүшелері көз, ауыз, мұрын, құлақты жасау үшін қандай геометриялық денелерді қолданамыз. (Көзді-шарға,ауызды -параллепипедке, иұрынды-призмаға, құлақты -овалға жұмыртқаға)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет