ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш. ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
Ғылым және технология кафедрасы
«Kerbez» oil cosmetics
БИЗНЕС-ЖОСПАР (ЖОБА)
6В015088(4)-Химия-Биология
Орындаған: Сағындық Тілеулес, Бауыржанқызы Ұлжан, Тұрарова Әсел, Курбаниязова Жансая, Мендибек Ақбаян
Оқытушы: Кадирова Гулжиан Маратовна
Ақтау
2022 жыл
Түйіндеме
Аты-жөні: Сағындық Тілеулес, Курбаниязова Жансая, Турарова Әсел, Мендибек Ақбаян, Бауыржанқызы Ұлжан.
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Мамандығы: Химия-Биология-21-1
Байланыс деректер: +77756659225
Валюта: Теңге
Жобаның жалпы сомасы, теңге: 168 200
Жылы: 2022
Жобаның саласы/ОКЭД: Косметикалық тауарлар
Өнім / Қызмет сипаттамасы:
«Кербез» косметикалық майлары
Орналасқан орны: Ақтау қаласында 32 ш/а Ш.Есенов атындағы университет аумағында.
Органикалық таза майлардың қоспасынан дайындалады.
Майлар кімдерге арналған:
Кірпік, қас қалыңдатқысы келетіндерге;
Шашы көп түсетіндерге;
Массаж;
Терісі құрғақ адамдарға.
Аса қуатты антиоксиданттық қасиеті бар майлар теріні керемет қоректендіріп, терең тазартады, әжімнің түсуіне бөгет болады. Оны тіпті өте майлы теріге жағуға да болады.
Майдың құрамындағы май қышқылдары, таниндер, метилксатин мен дәрумендер тері жасушаларын жаңартып, қоршаған ортаның кері әсерінен қорғайды, терінің құрғауы мен әжім түсуінің алдын алады. Терінің кемшіліктерін кетіреді, әжімдерді қабыршақтайды және тегістейді.
Егер сіз оған қамқорлық жасамасаңыз, ескі өлі жасушаларды алып тастамасаңыз және оны шаңнан, терден және декоративті косметиканың қалдықтарынан тазартпасаңыз, теріңіз түтіккен және сау емес көрінуі мүмкін. Теріні сапалы тазартып, оны қайтадан жылтырату үшін «Кербез» майларын қолдану қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |