“Сараптамашының процедуралық жағдайы, оның міндеті, құқығы және жауапкершілігі. Техникалық сараптаудың өткізу реті.”



Дата10.12.2023
өлшемі6,54 Mb.
#135615

“Сараптамашының процедуралық жағдайы, оның міндеті, құқығы және жауапкершілігі. Техникалық сараптаудың өткізу реті.”

орындаған: Рымхан Алина, БЖД 20-2

қабылдаған:аға оқытушы Амиргалина А.Қ.


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды Техникалық Университеті
Кеніштік аэрология және еңбекті қорғау кафедрасы
Қарағанды 2023

Жоспар:

Кіріспе

Кіріспе


Маманды тартудың мақсаты - үрдістік әрекеттер өткізу кезінде сотқа көмек көрсету, ал сот сараптамасы өз алдына дәлелдерді анықтау мақсатын қояды. Жұмысқа тартылған маман сот өткізетін әрекеттер шеңберінен орын алады. Оның қандай үрдістік қызмет атқаратынын сот анықтайды. Шешімдер қабылдауда маманның өздік жекелігі, қандай үрдістік қызмет атқаруы тиістігі - ойға сыйымсыз, сонымен қатар, маман үрдістік әрекет қорытындыларын құқықтық баға бере алмайды, оның қызметі сотқа кеңес беріп отыру және соттық ішкі сенімділікті қалыптастыруы кезінде тартылған маманның қызметі қосымша, екінші реттік болып табылады

Техникалық сараптама реті

  • Тапсырыс берушімен сараптама міндеттерін келісу.
  • Ситуациямен алдын - ала танысу, жұмыс гипотезаларын ұсыну, зерттеу дизайны, жұмысты жоспарлау.
  • Сметаны жасау және оны тапсырыс берушісімен келісу.
  • Ақпаратты жинау және тіркеу деректерді талдау және түсіндіру.
  • Есепті дайындау және оны тапсырыс берушіге ұсыну.

Сарапшының міндеттері, құқықтары және жауапкершіліктері

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сот сарапшылық қызмет туралы» Заңының 1 бабына сәйкес сот сараптамасы - арнайы ғылыми білімдер негізінде өткізілетінт қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істерді зерттеу. Сот сараптамасының мақсаты берілген іске рұқсат үшін мәні бар жағдайларды анықтау мақсатында жүргізіледі. Сараптама барлық кезде зерттеу жүргізуді болжайды және бұл зерттеулердің бәрі әрқашан қолданбалы сипатта болады. Сараптама міндеті материалды әлем, құбылыстар, фактілер нысандарының қасиеттеріне кәсіби баға беру.

Сарапшы

Сарапшы.

1. Арнаулы ғылыми бiлiмi бар, iске мүдделi емес адам

сарапшы ретiнде шақырылуы мүмкiн. Сараптама

жүргiзу тапсырылуы мүмкiн адамға қойылатын өзге

де талаптар «Қазақстан Республикасындағы сот сарапшылық қызмет туралы» Кодекстiң 243-бабының бiрiншi бөлiгiнде белгiленедi.

2. Сарапшыны шақыру сараптама тағайындау және жүргiзу Кодекстiң 32-тарауында, сондай-ақ, 354бабында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.

Міндеттері

    • Сарапшы:
  • 1) қылмыстық процестi жүргiзушi органның шақыртуы бойынша келуге;
  • 2) өзiне ұсынылған объектiлерге жан-жақты, толық және объективтi зерттеу жүргiзуге, қойылған мәселелер бойынша негiзделген және объективтi жазбаша қорытынды беруге;
  • 3) Жүргiзiлген зерттеуге және берiлген қорытындыға байланысты мәселелер бойынша айғақтар беруге;
  • 4) зерттеуге ұсынылған объектiлердiң сақталуын қамтамасыз етуге;
  • 5) iстiң мән-жайы туралы мәлiметтердi және сараптама жүргiзуге байланысты өзiне белгiлi болған өзге де мәлiметтердi жария етпеуге;

Құқықылы

Сарапшының:

1) сараптама нысанасына қатысты iс материалдарымен танысуға;

2) қорытынды беру үшiн қажеттi қосымша материалдарды өзiне беру туралы, сондай-ақ, қауiпсiздiк шараларын қолдану туралы өтiнiштi мәлiмдеуге;

3) қылмыстық процестi жүргiзушi органның рұқсатымен iс жүргiзуге және сот отырысына қатысуға және оларға қатысушы адамдарға сараптама нысанасына қатысты сұрақтар қоюға;

4) ана тiлiнде немесе өзi бiлетiн тiлде қорытынды ұсынуға және айғақтар беруге; аудармашының тегiн көмегiн пайдалануға; аудармашыдан бас тартуды мәлiмдеуге;

5) сараптама жүргiзу кезiнде қылмыстық процестi жүргiзушi органның және iс бойынша iс жүргiзуге қатысушы өзге де адамдардың өзiнiң құқықтарына нұқсан келтiретiн шешiмдерi мен әрекеттерiне шағым жасауға;

6) сараптама жүргiзу кезiнде шыққан шығыстарға өтем және егер сот сараптамасын жүргiзу өзiнiң лауазымдық мiндеттерiнiң шеңберiне кiрмейтiн болса, орындалған жұмысы үшiн сыйақы алуға құқығы бар.

Құқылы емес

Сарапшы:

1) қылмыстық процестi жүргiзушi органды хабардар етпестен, процеске қатысушылармен сараптама жүргiзуге байланысты мәселелер бойынша келiссөздер жүргiзуге;

2) зерттеу үшiн материалдарды дербес жинауға;

3) егер сараптама тағайындаған органның бұған арнайы рұқсаты болмаса, объектiлердi толық немесе iшiнара жоюға не олардың сыртқы түрiн немесе негiзгi қасиеттерiн өзгертуге әкеп соғуы мүмкiн зерттеулер жүргiзуге құқылы емес.

Жауапкершілігі

1) Сарапшы жалған қорытынды бергенi үшiн заңда белгiленген қылмыстық жауаптылықта болады.

2) Сот сараптамасы органының қызметкерi болып табылатын сарапшы өз қызметiнiң сипатына қарай жалған қорытынды бергенi үшiн қылмыстық жауаптылық туралы ескертiлген деп есептеледi.

Қорытынды

Сот сараптамасы дегеніміздің өзі сарапшының жүргізетін жеке үрдістік қызметі болып табылады. Нысанды әртүрлі әдістер көмегімен зерттеу, сараптау, сараптамат қорытындыларын бағалау, нәтижелер пікірлерді құрастыру сарапшының міндеттері болып табылады.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

  • ҚР Еңбек кодексі. Астана, 23 қараша 2015 ж.
  • Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1077 Қаулысы.
  • «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. - Астана, 2014.
  • Методические рекомендации для работников органов дознания иследствия по расследованию дел о пожарах. - Астана, 2009.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет