Сатылханова гульмира алихановна



Pdf көрінісі
бет40/66
Дата07.01.2022
өлшемі1,74 Mb.
#17302
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   66
«идеалды» 
пейзаж
М.Н.Эпштейн  «идеалды»  пейзаждың  адамның  бес  сезім  мүшесіне  сәйкес 
келетін бес негізгі белгісін бөліп көрсетеді: самал жел, жанын рақатқа бөлейтін, 
жағымды иістер; шөлді қандыратын қайнар, таза бұлақ; жер бетін құлпыртып, 
кілемдей  көмкерген  гүлдер  мен  ағаштар;  адам  жанына  салқындық  сыйлайтын 
көлеңке; ағаш бұтағында сайрап, ән салып отыратын құстар. Бұл топқа жататын 
пейзаж  әдемі,  қанық  бояулармен  көркем  суреттеледі.  Идеалды  пейзажды 
суреттеуде  жазушылар  көбіне  жасыл,  сары,  көк,  ақ,  қызыл  реңктерді 
пайдаланады.  Қазақ  новелласындағы  идеалды  пейзаждық  детальдың  үздік 
үлгісіне  К.Ахметованың  «Көңілдің  кейбір  шақтары-ай»  атты  новелласында 
жүрегі қуанышқа, нұрлы да жарқын болашаққа деген сенімге толы жас қыздың 
көңіл күйі табиғат күйімен астастыра өрілген: «жазира дала балбырап жатушы 
еді.  Шығыс  жақ  жалынға  малынып,  қыр  жусаны  бусанып,  бозала  таңда 
бозторғайлар ән салып, бояулы өлке баянды өмірді қарсы алып, алыстан талып 
таң  хабаршысындай  бір  үн  кеп,  тамаша  гүлдер  дірілдеп,  тамылжи  қалған 
табиғатты  таң  сәулесі  аймалап  жатушы  еді.  Шыққа  шыланған  қасиетті  қоңыр 
топырақ  мамыр  жұпарына  елітіп,  елжіреп,  тұла  бойы  шымырлай  иіп  жатқан 
кезде  көкжиектің  көгілдір  пердесі  сырылар  еді  де,  аржағындағы  алқызыл 
мақпал  шымылдық арасынан  ару  жүзі албырап  күн  көтерілер  еді»  [110]  деген 
жолдарды  жатқызуға  болады.  Бұл  қыз  жарық  ғұмырдың  жарықшақ  кемшілігі 
ұмытылып,  жалаң  аяғын  жалпақ  даланың  жауырынына  тіреп  тұрғаны  үшін 
бақытты.   
Ш.Құмарованың  «Жеңіс»  новелласында:  «Май  айының  таңы  болатын. 
Шығыс жақ алауланды. Адамдар да ерте оянды. Таң жап-жарық еді. Сонымен 
қоса ол маужырап әдемі басталды. Ақ қайың, көк терек, қарағаштар бір түнде-
ақ  бүршік  жарып,  жапырақтары  жайқалып,  шыға  келіпті.  Төңірек  жасыл 
желекке  малынып,  жайнап  салыпты.  Бір  түнде  өзгеріп  кеткен,  бұл  не  керемет 
дей  ме,  адамдар  елегізи  тұрып,  жан-жағына  таңырқай  қарайды.  Мынау 
тамылжыған  ашық  таң,  жайқалған  жасыл  дүние  олардың  үміттерін  аялай 
түскендей»  [131]  деп  келетін  суреттер  де  идеалды  пейзаж  бола  алады. 


99 
 
Халықтың  қабырғасын  қайыстырған  соғыс  аяқталып,  жеңіске  жеткен  күні 
табиғат та елжіреп, жайқалып шыға келеді. 
«Мұңды» және «түнерген» пейзаж – жаңбырлы күндер, солған гүлдер, өңі 
кеткен  күзгі  табиғат  көрінісі  суреттеледі.  Мұның  әдемі  үлгісі  новеллист 
Т.Бердияровта кездеседі. Қыздың әніне ғашық болған жігіттің махаббатына қол 
жеткізе  алмай  шерменде  болған  халін  автор  табиғат  көрінісімен  сабақтастыра 
береді:  «Мен  сені  қайдан  табамын»  дегендей  қалың  жыныс  дүр  сілкініп, 
жапырақтар сыбдыр қақты. Тоқымдай қара бұлт біртін-біртін молайып, осы бір 
сөзді  қайталағандай,  алма  бақтың  бүр  жарған  аппақ  аршын  төсіне  ызғарлы 
тізесін  батыра  түсті.  Ызыңдаған  жел,  сыбдырлаған  қайың,  сіркіреген  нөсер 
бүкіл табиғат бір-ақ сөз айтып тұрғандай еді. Ән мекені құлазыған. Шырқалған 
әнге  телміре  қарап  тұратын  көгілдір  аспан  төмен  салбырап  түсіп  келе 
жатқандай,  жалғыз  аяқ  жолды  сақал-шашы  өскен  пендедей  шөп  басқан, 
сіркіреген  жаңбырдан  тайсақтап,  ала  сиыр  мая  қуысын  паналайды,  судырлап 
түскен  жапырақтар  ой-сезімді  қажып,  көңілді  қамықтырады»  [130].  Демек, 
бұлбұлынан айрылған бақ та көңілсіз. Көктемгі көрікті гүлінен, жазғы қырмызы 
алмасынан  айрылған  алма  бағы  да  қуқыл  тартқан,  өңсіз,  өмірсіз.  Тіпті 
сабағынан  шайқала  үзіліп  жерге  түскен  түскен  сарғыш  жапырақтар  да  үміт 
отын сөндіргендей. Автордың пейзаждық деталі кейіпкердің жүрек бұлқынысы 
мен  санасына  сәйкестік  ыңғайында  бейнелеу  мүмкіндігінің  молдығын  еркін 
дәлелдейді.  Қаламгер  табиғаттың  болмысын  қаһарман  рухани  әлеміндегі 
күймен  жымдастырып,экспрессивті-лирикалық  бояуы  қанық  көркем  өрнек 
жасай білген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет