Саясаттану және әлеуметтану негіздері


Ережелердің бұл екі тобының бір-бірінен айырмашылығы бар



бет71/71
Дата31.12.2021
өлшемі0,55 Mb.
#22913
түріОқулық
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   71

Ережелердің бұл екі тобының бір-бірінен айырмашылығы бар.

Олар мынадай себептерге байланысты:

а) Бұл ережелерді кім жасады және олар кімнен шығып отыр?

ә) Ережелер мазмұнының айырмашылығы қандай?

б) Оларды орындамау қандай нәтижеге әкеліп соғады?

Әлеуметті ережеге құқықтық ереже, тәртіп, өкілдік, т.б. кіреді. Әлеуметтік ереже адамдардың белгілі бір ұжымында пайда болады.

Әлеуметті ережеге құқықтық ереже, тәртіп, өкілдік, т.б. кіреді. Әлеуметтік ереже адамдардың белгілі бір ұжымында пайда болады.

Адамдардың табиғатпен қатынасының ережесін жеке адамдар да жасай алады. Табиғи заңдылықтарды ашудың негізінде жеке адам онымен қатынасудың белгілі бір тәртіп ережесімен қалыптастырады.

Әлеуметтік ережені жасаған адам өз тәртібін ұжымға мойындатқанда ғана ереже деген атқа ие бола алады, өйткені, бұл ереже тек осы ұжымның мұң-мұқтажына, мүддесіне байланысты жасалады. Әлеуметтік ереженің мазмұны орынды әрі жөнді, мақсатқа сай субъективтік мінез-құлықты бейнелейді, ал, адамдардың табиғатқа қатынасының ережесі – бұл объективтік мақсатқа сай тәртіп ережесі болып саналады.

Адамдардың табиғатқа қатынасу ережесін бұзудың арты әр уақытта кесірлі аптақа әкеледі.

Сөйтіп әлеуметтік ереже дегеніміз, белгілі бір адамдар ұжымының мүддесін көздей отырып жасалған және бекітілген әрі адамдардың бір-біріне өзара қатынасының тиісті тәртібі. Бұл тиісті, міндетті тәртіп қоғам тарапынан жасалған алуан түрлі іс-шаралармен қорғалып, сақталанып отырады.

Содан құқық ережесі дегеніміз, мемлекет шығарған және бекіткен, орындалуы мемлекеттік аппараттың күшімен қамтамасыз етіліп отырылатын жалпыға бірдей мінез-құлық тәртібінің ережелер жиынтығы.

Құқық ереженің сапалы болуы, оны жасайтын адамның өрісі мен танымына, мақсатына байланысты. Оның шығатын көзі – мемлекет.

Құқық ереженің сапалы болуы, оны жасайтын адамның өрісі мен танымына, мақсатына байланысты. Оның шығатын көзі – мемлекет.

Құқық ережелерді орындамаушылыққа, тәртіп бұзушылыққа қарсы мемлекет тарапынан еріксіз, мәжбүр ету, т.б. шаралары қолданылады.

Сонымен, өзінің түрі жағынан құқық – бұл ережелер жүйесі, ол мемлекеттің белгілеп орнатуы, көндіруі немесе санкциясы арқылы жүзеге асырылып отырады.

Құқықтық әлеуметтанудың кейбір көкейтесті мәселелеріне көңіл бөлген жөн.

Біріншіден, құықтық және нақтылы қоғамдық қатынастардың ерекшеліктерін айыра білу қажет, себебі ресми қабылданған құқықтық ереже (норма) қоғамда құқық жүйесінің жалпы өмір сүруін қамтамасыз ететін бірден бір шарт болып есептеледі.

Екіншіден, қоғам әр қилы “Әлеуметтік кеңістіктегі” күштердің жиынтығынан тұрады, себебі әлеуметте әр субъектінің өзіне тән, ерекше талап-тілегі, мұң-мұқтажы, мүддесі бар. Сондықтан олар кейде айтарлықтай теңсіздікте болады.

Үшіншіден, құқыта бекітілген құқықтық актілер ережелердің (нормалардың) жиынтығы десек, онда құқық таза құқық (демек, юриспруденция) ғылымына жатады да әлеуметтік сипаты болмайды.

Шетелдік құқықтық әлеуметтануда құқықтық қатынастардың бейнесі құқық туралы кітап (кодекс) және “өмірдегі құқық” қағидаларында нақты тұжырымдалған. Осы нақтылы құқық пен жалпы және құқықтық қатынастардағы айырмашылықтарды көрсетуде М.Вебердің іс-әрекетті бір қалыпқа, ретке келтіретін “эмпирикалық” және “нормативтік” тұжырымдамасының маңызы зор.

Шетелдік құқықтық әлеуметтануда құқықтық қатынастардың бейнесі құқық туралы кітап (кодекс) және “өмірдегі құқық” қағидаларында нақты тұжырымдалған. Осы нақтылы құқық пен жалпы және құқықтық қатынастардағы айырмашылықтарды көрсетуде М.Вебердің іс-әрекетті бір қалыпқа, ретке келтіретін “эмпирикалық” және “нормативтік” тұжырымдамасының маңызы зор.

  • №15 Үй тапсырмасы
  • 1. Ә.-1 164-172 бет оқу



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет