Орындаған: Калдай Гүлим Ерланқызы
Тақырып: Логикалық-теориялық зерттеу әдістерінің ерекшелігі
1. Формализация– білім мазмұнын белгілермен беру, нақты ойды формула, ереже, символмен беру. Кез келген формалды жүйені құру үшін: 1) әріптерді беру қажет, яғни нақты белгілеулерді енгізу қажет; 2) осы альфавиттердің белгілеулерін «сөз» және «формула» шығатын ережелерді беру қажет; 3) берілген жүйенің бір сөзінен немесе формуласынан екінші сөзді немесе формулаға көшуге болатын ережелерді беру қажет.
2. Идеализация – зерттеу мақсатына сәйкес зерттеуші нысанаға нақты бір өзгерісті ойша енгізуді айтады. Таным әдісі ретінде идеализацияның жағымды мәні теориялық құрылымды жан-жақты зерттей отырып, реалды нысаналар мен құбылыстарды тиімді зерттеуге септігін тигізеді.
3. Аксиоматикалық әдіс – ғылыми теорияның құрылу амалы, оның негізінде бастапқы аксиома болады. Логикалық жолмен дәлелденеді.
4. Гипотетикалық-дедуктивті әдіс – болжамдардың бір-бірімен дедуктивті байланысын құрайтын жүйе құру.
5. Әдебиет көздерін зерттеу – зерттеудің бастапқы құрамды бөлігі болып табылады. Зерттеу мәселесі бойынша әдебиеттерді білу зерттеуші мәдениетінің, оның ғылыми адалдығы мен зерттеу нәтижелерінің құндылығының шарты болып табылады.
6. Талдау әдісі – зерттеліп отырған объектіні бөлек зерттеу үшін құрамды бөліктерге бөліп қарау.
7. Жинақтау (синтез) әдісі – біріктіру, біртұтас етіп қарау үшін зерттеу объектісінің бөліктерін біріктіру. Талдаудың эмпирикалық материалды механикалық бөлу; тұтастың құрамындағы элементтердің өзара қатынасын формаларын анықтау; білім құрылымын ашу; зерттеу объектісінің сипаты мен динамикасын айқындау сияқты түрлері бар.
8. Абстракциялаудың екі түрі бар: талдап қорыту және жекелеп бөлу. Талдап қорыту – көптеген бірыңғай заттар мен құбылыстардың жалпы, бірдей белгілерін анықтау. Дәріптеушілік-дерексіздендірудің бір түрі, оны ғылыми танымның жеке тәсілі ретінде қарастыруға болады.
9. Тұжырым жасаудың индуктивті және дедуктивті әдістері– бұл әдістің көмегімен эмпирикалық деректер қорытындыланып, жекеден жалпыға қарай және керісінше жалпыдан жекеге қарай қисынды салдарлар айқындалады
10. Ұқсастыру әдісі – заттар мен құбылыстардың жалпылығын айқындау үшін қолданылады.
11. Болжау әдісі – зерттеушінің қатысынсыз педагогикалық жүйе немесе білім беру жүйесінің қозғалысын көрсету үшін қолданылады.
12. Математикалық және статистикалық әдіс – педагогикалық құбылыстар мен олардың сапалық өзгерістері арасындағы сандық тәуелділікті анықтау үшін қолданылады.
13. Тіркеу әдісі – педагогикалық зерттеулер ішіндегі кең тараған әдіс, ол зерттеу объектісінің белгілі бір қасиеттерін ашып, есептеу үшін қолданылады. Теориялық әдістердің бұл тобы эмпирикалық деректерге және олардың теорияны құрастыруға ықпал етуіне терең талдау жасап, ондағы зандылықтарды ашуға, сыртқы факторларды түсіндіруге бағытталған.
Қазір қоғамға өзінің жеке басын және іс-әрекетін ұдайы жетілдіріп отыруға ұмтылатын бастамашыл және талапты мамандар қажет. Солар ғана жоғары түйсігімен, әлеуметтік-кәсіптік ұтқырлығымен, білімін жаңартып отыруға ұмтылысымен, біліктілік пен дағдыларын ұштап отыруымен, жаңа қызмет салаларын меңгеруімен ерекшеленіп, өз қызметін жақсы атқара алады.
Осындай үздіксіз өздігінен білім алудың негізінде педагогикалық зерттеу процесі жатыр.
Әрбір зерттеуші әдебиетпен жұмыс істей бастағанда-ақ библиография құрастыруға кіріседі.
Әрбір зерттеуші өзі қолға алған жұмысқа негіз болатын басты педагогикалық тұжырымдамаларды анықтап алу қажет. Зерттеуші өз жұмысының методологиялық базасы шын мәнінде неде екенін анық білуі керек.
Педагогикалық зерттеулер үшін мыналар қажет:
1. Мәні бар ғылыми түсініктер мен ұғымдарды меңгеру.
2. Жалпы қабылданған терминологияны қолдана отырып, факторлар мен құбылыстарды дәлме-дәл сипаттау.
3. Салалас фактілерді олардың мәнді белгілері бойынша жинақтай білу.
4. Фактілерді, белгілерді жалпы ғылыми ережелерге сәйкес топтай білу.
5. Фактілер мен құбылыстарды талдай білу, олардан жалпы және бірегей, тосын және заңды белгілерді айыра білу.
6. Ұғым дегеніміз ғылымның қол жеткен деңгейін білдіретін ғылыми танымның баспалдақтары екенін ескеріп, ұғымдарға нақты анықтама беру.
7. Әр түрлі зерттеулердің ғылыми деректеріне сүйенгенде, ғылыми пікірталастарда делелдемелер мен растауларды дұрыс келтіру.
Әдетте жалпылама мәселелер теориялық педагогикалық зерттеулерде әлеуметтік және психологиялық сипатта болады, ал жеке (бірегей) нәрсе оның- нақты әдістеме (ілімге деген қызығушылықты тәрбиелеу, ұжымды, саналы тәртіпті қалыптастыру, мұғалім этикасы және т.с.с.) астарын маман ашады.
9-дәріс.Әлеуметтік педагогиканың ғылыми білімінің технологиялық деңгейдегі құрылымы (проблемалық дәріс).
Әлеуметтік педагогиканың негізгі категорияларыоның терминологиялық аппаратын анықтайды, оның көмегімен объект және танып-білу және қайта құру пәні сипатталады. Олар әлеуметтік педагогиканың өзінің дамуына сәйкес тұрақты дамуда болады.
Осылайша, әлеуметтік-педагогикалық білімнің логикалық-гносеологиялық деңгейдегі әдіснамалық талдауы әлеуметтік педагогиканың, тұтас алғанда, барлық күрделілігі мен мазмұн байлығын көрсетуге мүмкіндік береді.
Әлеуметтік педагогиканың әдістемелік білімінің технологиялық деңгейі.
«Технология» ұғымын анықтауда осы сөздің құрылымының ерекшелігінен екі түрлі тәсілдеме туындайды.
Біріншісіне сәйкес, технология, бұл – практикалық қызметтің өнері, шеберлігі туралы ғылым. Бұл контексте әлеуметтік-педагогикалық технология – болжанған әлеуметтік-педагогикалық мақсатқа жету өнері туралы ғылым. Ол әлеуметтік-педагогикалық технологияның өту заңдылықтарын, оған елеулі ықпал ететін факторларды, мақсатқа жетуді оңтайландыру жағдайларын зерттейді. Мұндай технология теориялық-з Олардың ішінде:
- теориялық әлеуметтік-педагогикалық технология, бұл – белгілі жағдайда әлеуметтік-педагогикалық мәселені (әлеуметтік-педагогикалық проблемаларды) шешу үшін қажетті неғұрлым оңтайлы әдістер, құралдар мен тәсілдер (әрекеттер, операциялар мен рәсімдер) туралы ілім. Мұндай технология қызметтің нақтылы объектісіне қатысты қалыптасқан жағдаяттың белгілі әлеуметтік-педагогикалық проблемасын шешудің нұсқасын сипаттауда, талдауда, негіздеуде пайдаланылады. Теориялық әлеуметтік-педагогикалық технологияның үлгілері: оқулық, оқу құралы, оқу-әдістемелік құрал, технологиянын теориялық әзірлемесі түрінде ұсынылады;
- зерттеуші әлеуметтік-педагогикалық технология, бұл – әлеуметтік-педагогикалық құбылысты, оның құрамдас бөліктерін, танылу ерекшеліктерін, танылу динамикасын, дамуын, сапалы өзгеруін бағытталған түрде басқару мүмкіндіктерін танып-білуге (терең танып-білуге) мүмкіндік беретін арнайы құрылған, ғылыми негізделген әдіс (әдістер мен құралдардың жиынтығын пайдалану жүйесі). Ол әлеуметтік-педагогикалық құбылыстың өзін, танылу динамикасын танып қана қоймай, үдерістің сапалы өзгеруін жобалауға мүмкіндік береді. Мұндай технологиялар: зерттеу бағдарламалары, зерттеу қызметі әдісі; эксперименттік әзірлеме түрінде ұсынылуы мүмкін.
Технологияның екінші тәсілдемесіне сәйкес, бұл – белгілі бір орта жағдайында адаммен, топпен жұмыста болжалды мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін әдістерді (әдістердің жиынтығын), құралдар мен тәсілдерді маманның (мамандардың) іске асыруы бойынша әлеуметтік-педагогикалық қызметтің мақсатты түрде бағытталған және неғұрлым оңтайлы жүйелілігі (ретке келтірілген іс-әрекеттердің, операциялардың және рәсімдердің жиынтығы). Мұндай технологиялар (практикалық-бағдарланған) қолданбалы сипатта болады. Олар арнаулы теориялық әзірлемелердің немесе бұған дейінгі (іс жүзіндегі) тәжірибенің негізінде құрылады.
Жалпы тұрпатты практикалық технология – бұл маманның (мамандардың) белгілі бір ортада адаммен, топпен жұмыс істеуде болжалды мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін әдістер, құралдар мен әдістердің жинақталуын іске асыру бойынша әлеуметтік-педагогикалық қызметінің мақсатты түрде бағытталған, жобаланған және жоспарлы түрде атқарылатын оңтайлы жүйелілігі. Технологияның мұндай тұрпаты мынадай түрде ұсынылуы мүмкін: әлеуметтік-педагогикалық қызмет бағдарламалары: маманның (мамандардың) әлеуметтік-педагогиканың жалпы мәселелерін нақтылы объектімен жұмыста шешу үшің қолданылуы мүмкін. Олар әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың сатылы кезеңдерін, әдістер мен құралдарын негіздеу және оларға болжалды нәтижеге жетуді қамтамасыз ететін әдістемелік ұсынымдар түрінде ұсынылуы мүмкін.
Мұндай тұрпатты технология мынадай түрде ұсынылуы мүмкін: әлеуметтік-педагогикалық қызметтің бағдарламалары: маманның әлеуметтік-педагогикалық міндеттерді (индивидуалдық даму және тәрбиелеу, түзету, педагогикалық оңалту) бойынша қолданыстағы әдістерді, жүйелілік және оларды қолданудағы ерекшелікті қамтитын жұмыс әдісі.
Жеке тұрпатты практикалық технология, бұл – ортаның белгілі бір жағдайларында адаммен, топпен жұмысында болжанған мақсатқа жетуді сипатты түрде қамтамасыз еетін, белгілі бір жоспар бойынша реттелген, жоспарланған және жүйелі түрде іске асырылатын іс-әрекеттер, операциялар мен рәсімдер. Бұл жағдайда әлеуметтік-педагогикалық технология болжанған нәтижеге жетуді қамтамасыз ету үшін оңтайлы жүйелілік пен олардың іске асырылуын ерекшеліктерін сипаттау түрінде ұсынылуы мүмкін.
Әлеуметтік педагогикалық технологияның мұндай тұрпаты әлеуметтік педагогиканың жеке міндеттерін шешуде қолданылуы мүмкін. Мұндай технологияға мынадай мысалдарды келтіруге болады:
- жеке әлеуметтік-педагогикалық мәселелерді (проблемаларды) шешу үдерісінде маман қызметінің сценарийі;
- жеке әлеуметтік-педагогикалық технологияны шешу контексінде белгілі бір әдісті іске асыру әдісі;
- Әлеуметтік-педагогикалық проблеманы шешу сценарийі және оған маман үшін әдістемелік ұсынымдар.
Әлеуметтік-педагогикалық технологияның барлық тұрпаты (теориялық, зерттеушілік және практикалық) өзара байланысты. Олар бір-бірін жиі толықтырып, танымдық және практикалық қызметтен қол жеткізілген нәтижелерді нақтылауға және жетілдіруге ықпал етеді.
Арнаулы әлеуметтік-педагогикалық зерттеулердің немесе маманның адамдардың түрлі топтарымен - әлеуметтік педагогика объектілерімен жұмысында жинақтаған практикалық жұмыс тәжірибесі негізінде әлеуметтік-педагогикалық технологияның тұрпатты нұсқауларының банкін құруға болады. Әрбір тұрпаттық технология теориялық, зерттеушілік немесе қолданбалы сипаттағы нақтылы әлеуметтік-педагогикалық мәселелерді шешу мүддесінде клиенттердің белгілі бір тобына бағдарланады.
Әлеуметтік педагогиканың әдістемелік білімінің технологиялық деңгейі.
«Технология» ұғымын анықтауда осы сөздің құрылымының ерекшелігінен екі түрлі тәсілдеме туындайды.
Біріншісіне сәйкес, технология, бұл – практикалық қызметтің өнері, шеберлігі туралы ғылым. Бұл контексте әлеуметтік-педагогикалық технология – болжанған әлеуметтік-педагогикалық мақсатқа жету өнері туралы ғылым. Ол әлеуметтік-педагогикалық технологияның өту заңдылықтарын, оған елеулі ықпал ететін факторларды, мақсатқа жетуді оңтайландыру жағдайларын зерттейді. Мұндай технология теориялық-з Олардың ішінде:
- теориялық әлеуметтік-педагогикалық технология, бұл – белгілі жағдайда әлеуметтік-педагогикалық мәселені (әлеуметтік-педагогикалық проблемаларды) шешу үшін қажетті неғұрлым оңтайлы әдістер, құралдар мен тәсілдер (әрекеттер, операциялар мен рәсімдер) туралы ілім. Мұндай технология қызметтің нақтылы объектісіне қатысты қалыптасқан жағдаяттың белгілі әлеуметтік-педагогикалық проблемасын шешудің нұсқасын сипаттауда, талдауда, негіздеуде пайдаланылады. Теориялық әлеуметтік-педагогикалық технологияның үлгілері: оқулық, оқу құралы, оқу-әдістемелік құрал, технологиянын теориялық әзірлемесі түрінде ұсынылады;
- зерттеуші әлеуметтік-педагогикалық технология, бұл – әлеуметтік-педагогикалық құбылысты, оның құрамдас бөліктерін, танылу ерекшеліктерін, танылу динамикасын, дамуын, сапалы өзгеруін бағытталған түрде басқару мүмкіндіктерін танып-білуге (терең танып-білуге) мүмкіндік беретін арнайы құрылған, ғылыми негізделген әдіс (әдістер мен құралдардың жиынтығын пайдалану жүйесі). Ол әлеуметтік-педагогикалық құбылыстың өзін, танылу динамикасын танып қана қоймай, үдерістің сапалы өзгеруін жобалауға мүмкіндік береді. Мұндай технологиялар: зерттеу бағдарламалары, зерттеу қызметі әдісі; эксперименттік әзірлеме түрінде ұсынылуы мүмкін.
Технологияның екінші тәсілдемесіне сәйкес, бұл – белгілі бір орта жағдайында адаммен, топпен жұмыста болжалды мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін әдістерді (әдістердің жиынтығын), құралдар мен тәсілдерді маманның (мамандардың) іске асыруы бойынша әлеуметтік-педагогикалық қызметтің мақсатты түрде бағытталған және неғұрлым оңтайлы жүйелілігі (ретке келтірілген іс-әрекеттердің, операциялардың және рәсімдердің жиынтығы). Мұндай технологиялар (практикалық-бағдарланған) қолданбалы сипатта болады. Олар арнаулы теориялық әзірлемелердің немесе бұған дейінгі (іс жүзіндегі) тәжірибенің негізінде құрылады.
Жалпы тұрпатты практикалық технология – бұл маманның (мамандардың) белгілі бір ортада адаммен, топпен жұмыс істеуде болжалды мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін әдістер, құралдар мен әдістердің жинақталуын іске асыру бойынша әлеуметтік-педагогикалық қызметінің мақсатты түрде бағытталған, жобаланған және жоспарлы түрде атқарылатын оңтайлы жүйелілігі. Технологияның мұндай тұрпаты мынадай түрде ұсынылуы мүмкін: әлеуметтік-педагогикалық қызмет бағдарламалары: маманның (мамандардың) әлеуметтік-педагогиканың жалпы мәселелерін нақтылы объектімен жұмыста шешу үшің қолданылуы мүмкін. Олар әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың сатылы кезеңдерін, әдістер мен құралдарын негіздеу және оларға болжалды нәтижеге жетуді қамтамасыз ететін әдістемелік ұсынымдар түрінде ұсынылуы мүмкін.
Мұндай тұрпатты технология мынадай түрде ұсынылуы мүмкін: әлеуметтік-педагогикалық қызметтің бағдарламалары: маманның әлеуметтік-педагогикалық міндеттерді (индивидуалдық даму және тәрбиелеу, түзету, педагогикалық оңалту) бойынша қолданыстағы әдістерді, жүйелілік және оларды қолданудағы ерекшелікті қамтитын жұмыс әдісі.
Жеке тұрпатты практикалық технология, бұл – ортаның белгілі бір жағдайларында адаммен, топпен жұмысында болжанған мақсатқа жетуді сипатты түрде қамтамасыз еетін, белгілі бір жоспар бойынша реттелген, жоспарланған және жүйелі түрде іске асырылатын іс-әрекеттер, операциялар мен рәсімдер. Бұл жағдайда әлеуметтік-педагогикалық технология болжанған нәтижеге жетуді қамтамасыз ету үшін оңтайлы жүйелілік пен олардың іске асырылуын ерекшеліктерін сипаттау түрінде ұсынылуы мүмкін.
Әлеуметтік педагогикалық технологияның мұндай тұрпаты әлеуметтік педагогиканың жеке міндеттерін шешуде қолданылуы мүмкін. Мұндай технологияға мынадай мысалдарды келтіруге болады:
- жеке әлеуметтік-педагогикалық мәселелерді (проблемаларды) шешу үдерісінде маман қызметінің сценарийі;
- жеке әлеуметтік-педагогикалық технологияны шешу контексінде белгілі бір әдісті іске асыру әдісі;
- Әлеуметтік-педагогикалық проблеманы шешу сценарийі және оған маман үшін әдістемелік ұсынымдар.
Әлеуметтік-педагогикалық технологияның барлық тұрпаты (теориялық, зерттеушілік және практикалық) өзара байланысты. Олар бір-бірін жиі толықтырып, танымдық және практикалық қызметтен қол жеткізілген нәтижелерді нақтылауға және жетілдіруге ықпал етеді.
Арнаулы әлеуметтік-педагогикалық зерттеулердің немесе маманның адамдардың түрлі топтарымен - әлеуметтік педагогика объектілерімен жұмысында жинақтаған практикалық жұмыс тәжірибесі негізінде әлеуметтік-педагогикалық технологияның тұрпатты нұсқауларының банкін құруға болады. Әрбір тұрпаттық технология теориялық, зерттеушілік немесе қолданбалы сипаттағы нақтылы әлеуметтік-педагогикалық мәселелерді шешу мүддесінде клиенттердің белгілі бір тобына бағдарланады.
І. ҚАЗІРГІ МҰҒАЛІМНІҢ ТҰЛҒАЛЫҚ БЕЙНЕСІ
1.1. Мұғалімдік шеберлік –негізгі сапа.
Ұстаз - жас өркенін білім нәрімен сусындататын, сапалы тәрбие беретін ірі тұлға. Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңында» 2015 жылға білім беруді дамыту тұжырымдамасында: «Бастауыш мектептің негізгі міндеті баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және дамыту» деп көрсетілген. Бұл қағида оқушыны тұлға ретінде қалыптастыруды жаңа формация мұғаліміне қойылатын талаптың жоғары екенін айқын белгілеп отыр. Соған сәйкес мен өз тарапымнан мұғалім ретінде педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсын Қостанай қаласының «Педагог шеберлік орталығының оқытудағы Кембридж тәсілі негіздерін бойынша» шығармашыл пән мұғалімдеріне арналған 3 айлық курсты оқып, сертификатталдым. Кембридждік әдістің теорияларын меңгеріп, оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдері 7 модульді практикалық түрде қолданып, оның артықшылдықтарына көз жеткізіп жүрміз.[5], (Қосымша №1)
Бүгінгі тaңдa әлeмдeгі білім бeру жүйeсі бір aрнaғa тoғысқaн. Бaтыс eлдeрінің oзық бaғдaрлaмaлaры oқу прoцесіне eніп, eліміздeгі жалпығa білім бeрeтін мeктeптeрдe қoлдaнылып кeлeді. ХХІ ғaсырдa oқушыдaн тaлaп eтілeтін дaғдылaр жaңa дeп aйтуғa бoлмaйды. Мәсeлeн, сын тұрғысынaн ойлaу мeн прoблeмaлaрды іспeн шeшу дaғдылaры eртe зaмaндaғы құрaл жaсaу, aуыл шaруaшылық жeтістіктeрі, вaкцинaны oйлап тaбудaн бaстaп қaзіргі зaмaнғы зeрттeулeргe дeйінгі бүкіл aдaмзaт тaрихының өн бoйындa адaм прогрeсінің сeнімді сeрігі бoлды. Нақтыдaн бaстап кeшенді сaрaптамaлық білімдeрді игeру қaжеттігі дaғдылaры дa бүгін пaйда болғaн емeс. Плaтонның «The Republic» (Республикa) дeген eңбегінде зият дeңгейінің төрт түрі турaлы сөз болaды. Aл ұжымдық жәнe жeке тaбыстaрдың осындaй дaғдылaрдың бoлу, бoлмауына тәуелді бoлуы турaлы қoрытынды шын мәніндe жaңалық. Oсыған байлaнысты мeктептeр сын тұрғысынaн ойлaуға үйрeтуде, әрбір oқушының жекe дaралығынa қaтысты прoблемаларды шeшу үшін ынтымaқтастық жүргізудe өте мұқият бoлғаны дұрыс. Бұндай өзгерістерді іске асыру үшін мектеп директорлары өздеріне міндеттеме алып, сондай-ақ анағұрлым құзырлы және тиімді мұғалімдердің ат салысқаны құба-құп.
Қазіргі заманның жаңа формациядағы мұғалімі - баланың жеке басының дамуына педагогикалық жағдай жасай алатын рухани жағынан таза, дүниеге тік қарайтын, қоршаған ортамен жүйелі байланыс орната алатын, білімнің заманауи жаңа мазмұнымен қаруланған, әлемдік бәсекеге қабілетті жаңа ұрпақ өсіріп, дамытып жетілдіретін мұғалім болуға тиіс. (Қосымша №2)
Елбасымыз Н. Назарбаев: «Ұстаздықтың алдына қойған міндет өте ауқымды: білім жүйесін іштей қайта құру жəне сол арқылы бүкіл қоғамдағы ағарту жүйесінің барлық аймағын өзгерту. Ол үшін ішкі қайта құру қажет: құрылымдық, қызметтік, құндылық. Жаңа ұрпақ мұғалімдерінің,андрагогика мен акмеологияның, психологиялық-педагогика мен гумандық педагогиканың міндеті– білім жүйесінің ішінен қайта құрудың мүмкіндіктерін іздестіру.– адами рухани бастаулардың тазалығын тексеру. Мұнда этика мен адамгершілік дүниені біртұтас қабылдауға бағытталған рух философиясының рухани ісі. Ұстаз өзінің адамгершілік этикалық парызын орындауға тиіс. Білімді түрлендіруде, білім беру үрдісін реформалауда зерттеуші мұғалім жаңа формация мұғалімі ретінде орталық тұлға болып табылады. Қазіргі заман мұғалімі – рухани дамыған əрі əлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі əрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты» деген. Мұғалімнің кəсіби білігін шыңдаудың үздіксіздігі оның шығармашылық қабілетінің дамуының кепілі жəне өзіндік жеке педагогтік тəжірибесінің дамуының алғы шарты болып табылады. Ұстаздың кəсіби шеберлігінің негізі, біріншіден, мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымы. Екіншіден, пəнді жетік білуі, ойын оқушыларға жеткізу үшін жан жақты, терең дайындықпен баруы, оқуышлар бойына əдеп, əдет, дағды сияқты жақсы қасиеттерді сіңіруі, моральдық нормаларды білуі. Үшіншіден, оқыту мен тəрбиелеудің əдіс тəсілдерін міндетті түрде меңгеру. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, практикалық қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген психолог педагогтік диагностика қоя білетін іскер мұғалім қажет. Күнделікті іс тəжірибеде мұғалімнің кəсіптік білімін көтеруіне мектеп ішінде де жағдай жасау керек. Ол үшін мектепте ғылыми əдістемелік кеңес пен бірлестіктердің жəне зертханалардың жұмыс істеуі тиіс. Бүгінгі өмір талабына сай ұстаздардың біліктілігі мен білімділігін шыңдап отыратын жоғарыда атап өткен мəселелермен қатар, əр мектепте интернет жүйесі барлық сыныптарға қосылып жұмыс істеуі жөн шығар.(Қосымша №3,4)
Президенттің халыққа жолдаған Жолдауларында айқындық көрсеткен білімді жетілдіруге арналған әлемдік Кембридж тәсілін енгізу кеңінен қолға алынды. Бағдарламаның жаңаша оқу тәсілдерін меңгеріп, оны іс-тәжірибеде қолдану және мұғалімдердің оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындау керектігі жөніндегі мәселені шешуге бағытталды.
Қазақстан Республикамыздың білім беру жүйесіне де өзгерістер енгізіліп жатыр –Назарбаев Зияткерлік мектептер, Назарбаев Университеті ашылып, мектептер e-learning жүйесіне қосылып, мұғалімдерді жаңа әдіс – тәсілдермен оқытуға үйрететін курстар өтіп жатыр, сонымен қатар мектептердің тиімділігін өлшейтін және арттыратын құралдар жылдан жылға дами отыруда (Ұлттық Бірыңғай тестілеу, мектептердің мемлекеттік аттестациясы, ОЖСБ). Бұл – жаңалықтарды енгізудің көрсеткіштері болып табылады. Қазақстан Республикасындағы білім беру жолдарын дамытудың 2011-2020 жылдарға арнаған мемлекеттік бағдарламасының жобасында елімізде оқитын жастарға сапалы білім беріп, рейтингілердегі білім көрсеткішінің көтерілуі мен еліміздің білім беру жүйесін арттыру үшін ұстаздардың мәртебесін көтеру, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамыту жолдарын қамтамасыз ету, сондай- ақ ұстаздардың еңбегіне үкіметіміздің қолдауы мен ынталандыруын арттыру жолдарына үлкен мән берілген . Соған байланысты қазір Қазақстанның білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен жаңалықтар кез келген ұстаздың ойлануына анық.
Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында елімізде деңгейлік курс бағдарламаларын оқыта отырып, жаңа формация мұғалімдерін даярлауда. Бағдарламаның негізгі идесы – «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» және «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырда қалай дайындайды?» Деңгейлі бағдарлама барлық мұғалімдерді оқу тәжірибесін өзгерту үшін НЕ істеу қажет, осы өзгерістерді ҚАЛАЙ енгізу керектігі туралы қарастырады. [6]
ІІ. ЖАҢА ФОРМАЦИЯЛЫ МҰҒАЛІМ МОДЕЛІ
2.1 Жаңа мектептегі – жаңа мұғалім
Ұстаз – қай кезде де мектептің жүрегі, қоғамның тірегі.
Әрбір мемлекеттің өсіп, өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы - осы ұстаз берген білім. Ендеше, осындай бәсекеге қабілетті, рухы биік ұрпақ тәрбиелеу – жаңа мектептегі - жаңа мұғалім еншісіне тиері белгілі. Білім беру саласында Астана қаласында құрылып жатқан - «Жаңа Халықаралық Университет», «Арнаулы Қор» және қазірдің өзінде табысты жұмыс істеп жатқан «Интеллектуалдық мектептер» жобалары ерекше басымдыққа ие болып, және оларға Ел басы өз есімінің берілуіне келісімін берді. Олардың отандық білім беру жүйесінің флагманы болып, осы заманғы оқу бағдарламаларын республика бойынша енгізетіндей етіп әзірлеу мен байқап көру жөніндегі басты алаңға айналуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасау қажет – дейді Ел Президенті «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы халыққа Жолдауында. Сонымен қатар, мына инновациялық және инновациялық емес оқу мекемелерінің салыстырмалы кестесінен біз мектептерді түбегейлі жаңарту керектігінің тағы да бір дәлелін көреміз.
Сонымен, жаңа мектептің жалпы білім беруді дамытудың негізгі мынандай бағыттары анықталды: 1) Жаңа білім беру стандартына көшу.
Стандарттан әрбір білім алушы меңгеруге тиісті оқу пәндерінің тізімі жаңа стандартқа көшуде жүзеге асырылады.
Білім беру нәтижесі-тек нақты пән бойынша білімі емес, алған білімін күнделікті өмірде де тиімді қолдана білуі керек. Бүгінгі күнде оқушының әлемге деген, табиғат, халық, мәдениет, діннің бірлігі мен әртүрлігіне деген тұтас әлемдік-бағдарлық көзқарасы болу керек. Бұл тек әр түрлі пән мұғалімдер күшінің бірігуі нәтижесінде ғана жүзеге асады. Мектепте заман талабына сай білім беру инфрақұрылымының дамуын қамтамасыз ететін кадрлық, материялдық-техникалық т.б жағдайлары болу керек.
Қазіргі мектептер халықаралық білім беру сапасы бойынша салыстырмалы зерттеулерге қатысады, әр түрлі муниципалитеттер мен аймақтарда білім беру сапасын жақсартуда тиімді әдіснамалар құрастырады.
Мектептерде ҰБТ-мен қатар оқушылардың академиялық жетістігін оның құзыреттілігімен қабілеттерін кешенді бағалау мен мониторинг жүргізіледі. Жоғары сынып оқушыларының оқу бағдарламасы алдыңғы уақытта таңдап алынған мамандықтарына байланысты алынады.
2) Талантты баланы қолдау жүйесін дамыту.
Жаңа мектепте дарынды балаларды анықтау үшін шығармашылық ортаны дамыту керек. Жоғары сынып оқушыларына тұрақты мекен-жайына қарамастан профильді дайындық бағдарламасын меңгеру үшін сырттай және күндізгі-сырттай оқу мүмкіншілігі берілу керек. ЖОО-на қабылдануда оқушының олимпияда, конкурстардағы жеке жетістіктерін ескеріп, ол жетістікке жеткізген мұғалім сый ақы алуы керек.
3) Мұғалім корпусын жетілдіру.
Мұғалімдер қауымдастығын қолдауда моральдық және материялдық стимул жүйесін енгізу керек. Моральдық қолдау жүйесіне-«Жыл мұғалімі», «Адамды тәрбиелеу», «Жүрегімді балалрға беремін» сияқты дәстүрлі конкурстар жатады. Ал, ең бастысы-мұғалімдік мамандығына талантты жастарды тарту керек.
Жаңа мектептегі жаңа мұғалім еңбек ақысы - оның педагогикалық іс-әрекетімен сапасына байланысты төленеді.
4) Мектеп инфрақұрылымын өзгерту.
Жаңа мектеп бейнесі өзгеріп, интеллектуалды және спорт өміріне қанық шығармашылық пен ақпарат орталығы болу керек.
Әр бір білім беру мекемелерінде мектеп ғимаратының құрылысымен жобасы жаңартылып, тамақтану нормасы, санитарлық, медециналық қызмет көрсету және мектеп қауіпсіздігін сақтау ережелері мен талаптары қатаң сақталуы керек. Жылыту жүйесі мен ғимарат кондиционерлері жылдың әр мезгілінде қажетті температураны сақтап, мектеп таза ауыз су және душ суларымен қамтамасыз етілуі керек. Мектеп архитектурасы оқытуды ұйымдастырудың жеке, жұптық, топтық, ұжымдық формаларын тиімді ұйымдастыруға арналып жасалуы керек.
5) Мектеп оқушыларының денсаулығын сақтау және жақсарту.
Бала денсаулығы – ол еліміздің стратегиялық мақсаттарына жетудегі табыстың ажырамас құрамды бөлігі. Балалар мектепте күннің жартысынан көбін өткізгендіктен балалардың физиологиялық, психикалық денсаулықтарын сақтау және жақсарту тек ата-аналардың емес, педагогтардың да міндеті. Себебі, адам денсаулығы – оның жеке және кәсіби жетістігінің маңызды көрсеткіші. Егер жастарда спортқа деген қызығушылықпен дағды пайда болса нашақорлық, маскүнемдік, балалардың панасыздығымен қараусыздығы сияқты мәселелері өз шешімін табатын еді. Ыстық та, дәмді тағамдар, сапалы медициналық қызмет көрсету, сабақтан тыс және профилактикалық іс-шаралар мен бағдарламаларды жүзеге асыру балалармен салауатты өмір салтының сұрақтарын талдау – бала денсаулығының жақсаруына әсер етеді. Өте қызықты да, қарқынды мектеп өмірі бала денсаулығын сақтап, жақсартудың маңызды шарты.
6) Мектептің дербес іс-әрекет жұмыс түрлерін кеңейту.
Жаңа мектеп білім беру бағдарламасын құрауда
Оқушыларға дистанциялық оқыту технологиясын қолданып өткізетін ең үздік деген мұғалімдердің сабағына қатысуға мүмкіндіктері бар. Инициативаны жүзеге асырудың негізгі механизмі жобалы және жұмыстың бағдарламалы әдісі болуы керек.
Жас ұрпақтың әл-ауқатты тұруы- біздің - мектеп, мектеп пен қоғам қатынас жүйесі мен жалпы білім беруді заман талабына сай жасай алуымызға байланысты. Сондықтан да «Жаңа мектеп» инициативасы барлық қоғам ісіне айналуы керек.
Жаңа мектептің ұлттық білім беру инициативасы.
Модернизациялық және инновациялық даму – барлық азаматтарға лайықты өмірді қамтамасыз ететін 21 ғасыр әлеміндегі бәсекелестік қоғамына апаратын жалғыз ғана жол. Бұл стратегиялық міндеттерді тек жоғары инициативалы, шығармашылық ойлауға қабілетті, дәстүрлі емес шешімдерді таба білетін, кәсіби жолды таңдай білу шеберлігі дамыған, өмір бойы оқып, үйреніп, білім алуға дайын бәсекеге қабілетті, кәсіби құзыретті жеке тұлға ғана шеше алады. Ал, бұл сапа мен дағдылар балалық шақтан қалыптасады. Бұл процесте өте маңызды элемент – Мектеп болып табылады. Қазіргі мектептің негізгі міндеті - әр оқушының қабілетін аша білу, бәсекелестікке қабілетті жоғарғы технологиялық өмірге дайын әділ де адал, патриотты жеке тұлға тәрбиелеу.
Академик Н. Н Моисеев «Адамзат-жаңа тәрбие, жаңа білім, жаңа менталитет, жаңа құндылық жүйесін қажет ететін жаңа заманға келді. Ал, жаңа құндылық жүйесін-қоғамның орталық бейнесіне айналған, білім мен мәдениет эстафетасын беруші - ЖАҢА МҰҒАЛІМ» дейді. [7,8-12b]
Жаға мұғалім - мектептегі оқыту – түлектерді алдына мақсат қойып, оған өзбетінше жете алатындай, өмірдегі әр түрлі жағдайлардан шебер де ұтымды жол таба алатындай құрылуы керек. Сонымен, жаңа мектеп - ол, интелектуалдық жастар қалыптастыру ордасы және өзаратүсіністік, сенім, қуаныш, қарым-қатынас пен толеранттылық және бейбітшілік пен халықаралық келісім мектебі.
Жаңа мектеп – мақсатқа сәйкес дамудың алдын алатын әлеуметтік институт. Бұл мектепте - балалар шығармашылық сабақтармен ғылыми-зерттеу жобасына қатысып, жаңаны түсініп, өз ойын еркін жеткізіп, нақты шешім қабылдап, бір-біріне көмектесетін қызығушылықты қалыптастырып, мүмкіншілікті саналы түрде түсіне алады.
Жаңа мектеп – ол баршаға арналған мектеп. Барлық мектепте мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтенуі қамтамасыз етіледі. Бастауыш, орта-негізгі және жоғары сатыларда оқыту процесі оқушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі деңгейде ұйымдастырылады.
Жаңа мектеп – ол, өз пәнін жетік меңгерген, балалар және жас ерекшелік психологиясын түсінетін, жаңалыққа жаны құмар жаңа мұғалім. Мұғалім міндеті- өзіндік шешім қабылдай алатын, шығармашыл, қашанда өз-өзіне сенімді, тәрбиелі және болашақта өз орнын табуға көмектесу. Оқушылар қызығушылығына- өз қызығушылығы ретінде аса нәзіктікпен назар аудара білу-жаңа мектеп мұғалімінің негізгі ерекшелігі. Мұндай мектеп директорының жауапкершілік деңгейі жоғарылап, ролі де өзгереді.
Жаңа мектеп - ол ата-аналармен жергілікті ұйымның, мәдениет, денсаулық сақтау, спорт, бос уақытты тиімді ұйымдастыру және басқада әлеуметтік сала мекелерімен өзара әрекеттестік орталығы. Мектеп бос уақытты тиімді ұйымдастыру орталығы ретінде аптаның демалыс күндерінде де ашық болады, ол мектеп мейрамдары, концерттер, қойылымдар, спорттық іс-шаралар мен отбасылық демалыс орны болады.
Жаңа мектеп – ол қазіргі заман инфрақұрылымы.
Жаңа мектеп – біздің арманымыздағы ерекше үлгілі архитектуралы және дизайнерлік өнермен, функциональды салынған мектеп. Мектеп асханасында дәмді де сапалы тағамдар, медиатека, библиотека, жоғары технологиялық оқу құралдарымен, кең желілі интернет, сауатты да сапалы оқулықтар мен интерактивті көрнекі-құралдармен толық жабдықталған.
Жаңа мектеп – ол жеке білім беру мекемелері және тұтастай білім беру қалай жұмыс істейтіндігі туралы ақпараттармен қамтамассыз ететін білім беру сапасын бағалаудағы қазіргі жүйе.
Жаңа мектеп – педагогтардың еңбек ақысы сыныптағы оқушы саны мен білім сапасына байланысты төленетін мекеме.
Ия, әр адам өмірінде өз мамандығын таңдайтын кезі келеді. Ал, біз өз мамандығымызды таңдадақ, ол – Я.А. Коменский айтқандай «Күн астындағы ең құдыретті мамандық иесі – мұғалім мамандығы». Себебі, мұғалім - өмірдегі түнек, киелеңсіздік пен қайшылықтарды азайтып, күн сәулесіндей жарықты, жүйелілікпен бейбітшіліктің сақталуына ықпалын тигізеді. [10, 22b]
Әр жаңа мектептегі жаңа мұғалім «Мен» Тұжырымдамасымен сенімді түрде айта білу керек: - Мен жаңа мұғаліммін, демек, оқуды қызықты, мектепті- үлгілі, жаңа типті, ал білімді- сапалы етуге ұмтыламын;
Мен жаңа мұғаліммін, демек, баланы оқи білуге, ойлай білуге, өз өмірінің менеджері болуға үйретіп, бәсекеге қабілетті тұлға ретінде дамытуға ұмтыламын;
Мен жаңа мұғаліммін, демек, оқушыға шынайы өмірді танып, білуге, бойындағы қабілеттерін қоршаған ортамен әлемнің даму игілігіне жұмсауға үйретуге ұмтыламын;
Мен жаңа мұғаліммін, демек, балаға үлгі болып, өз әлсіздігін жеңіп, қиындықпен күресе білуге үйретуге ұмтыламын;
Мен жаңа мұғаліммін, демек, жас ұрпаққа өмір сүруге лайықты болатындай әлемді қалдыру үшін аянбай жұмыс істеуге ұмтыламын.
Мен жаңа мұғаліммін, демек, «Адам-адам» жүйесіндегі «Мен жеңдім-сен де жеңдің» жолын таңдап, педагогикалық және психологиялық құзыреттілікті жетік меңгеруге ұмтыламын!
2.2. Педагогикалық технология кәсіптік білім беру жүйесіндегі жаңа үрдісі
Қазақстандағы нарықтық қатынастың құрылуы, мемлекеттік емес жеке экономикалық секторлардың пайда болуы жаңа форматтағы педагогикалық кадрларды дайындауды қажет етеді. Себебі, білім беру жүйесі әр елдің даму болашағын айқындайтын әлемдік өркениетке жетудегі негізгі бағыттарын көрсететін біртұтас құрылым. Бүгінгі білім беру жүйесі бүкіл әлем деңгейінде қоғамдық даму өлшемі мен қоғамның негізін құрайтын басты тетіктердің біріне айналды. Сондықтан да әлемдік қауымдастықта айтарлықтай ықпалы артып келе жатқан еліміздің білім беру саласын халықаралық дәрежеге көтеру және бәсекеге қабілетті маман даярлау мақсатында тың және нақты қадамдар жасауда.
Еліміздің болашағы мұғалімнің білімі мен біліктілігіне, рухани әлеуметтілігіне, құқықтық және саяси мәдениеттілігіне байланысты. Білім беру жүйесін жетілдіру, мемлекеттік білім беру стандартын жүзеге асыру, жаңа буын оқулықтарын енгізу, Қазақстан мектебінің ұлттық моделін қалыптастыру секілді өзекті мәселелер ұстаздарға шеберлік пен іскерліктің, кәсіби дайындықтың сапасын өсіру және дамыту талаптары қойылып отыр. Қазіргі мұғалім дайын білімді хабарлаушы, жазалаушы міндетін тастап, керісінше ізденуші, жаңа ақпарат таратушы, бақылаушы, бағыттаушы, тексеруші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш және шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болу керек.
Мұғалімнің мақсаты – сабақ процесін тиісті ұйымдастырып, жаңа технологияларды қолдану ғана емес, ол білім алушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамыта отырып, өзіндік танымдық біліктілігінің дамуын ұйымдастыру. Бұл қазіргі мұғалім іс – әрекетінің негізгі қағидасы болуы керек. Демек, қазіргі таңдағы мұғалім - менеджер болуы тиіс. Ол үшін мына дәстүрлі үшбұрышты бұза білуі керек.
Орта деңгейлі
Оқушы
Осы дәстүрлі педагогикалық
үшбұрышты
бұзу үшін орта емес, жоғары
сапалы,
ғылыми білімді жаңа формациялы
мұғалім қажет.
Мұғалім Талапкер
Иә, оқу – тәрбие процесін ізгілендіру, технологияландыру әр мұғалімнен ғылыми еңбекті талап етеді. Педагогикалық технология әлеміндегі жаңалықтарға үңілу, оны зерделей, зерттеу отырып, іс – тәжірибеге пайдалану, өзінің де технологиясын қалыптастыру және заман талабы мен ағымына ілесу оңай емес. Білім беру жүйесі қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру – бүгінгі заман талабы. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының Білім және ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезінде сөйлеген сөзінде: «Жаңа формацияға жаңа мұғалім қажет» - деп атап көрсеткен. Жаңа формацияның «жаңа педагогын» қалыптастыру үшін жаңа кәсіби мазмұн, педагогикалық технологиялық біліктілікті арттыруда кеңінен пайдалану және білім беру жүйесі қызметкерлерінің ғылыми – әдістемелік бағыттағы жұмыстарын жетілдіру қажет. Нақты айтатын болсақ – жаңа формациядағы педагог дайындау, яғни мұғалімдердің жұмысын заман талабына сай өзгерту. Осы бағытпен Республикасының Білім беру жүйесіне қатысты мынандай концепциялы құжаттары қабылданды: [3]
- Қазақстан Республикасының Конституциясы;
- Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы;
- Қазақстан Республикасының Білімді дамытудың 2005-2010
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
- «Қазақстан Республикасының жаңа формация мұғалімнің
үздіксіз педагогикалық білім Тұжырымдамасы»;
- «Қазақстан Республикасының жоғарғы педагогикалық білім Тұжырымдамасы»;
- Қазақстан Республикасының біліктілікті арттыру жүйесі туралы
ереже, басқа да білім беру саласына қатысты заңдық күші бар
мемлекеттік құжаттар.
Осы құжаттардың негізінде соңғы жылдары жаңа формациялы педагогқа қойылатын талаптар жоғарылай түсті.
Педагог құзіреттілігі (компетенттілігі) – жаңа формациялы мұғалім меңгеруге тиісті 3 компетенциялы топтың қалыптасу деңгейіне байланысты болады. Мұғалімнің кәсіби іс – әрекетін нақты пәндік аумақ, педагогикалық шынайылылықпен байланысты тұтас педагогикалық процесс. Жаңа формациялы мұғалім «Адам - адам» жүйесінде жұмыс істей алу керек. Оқу – тәрбие мекемесіндегі педагогикалық процесте мұғалім гуманистік қатынасты түсініп, сезіне білуі өте маңызды.
Жаңа формациялы мұғалімі – рефлексияға қабілетті, кәсіби шебер, педагогикалық қасиеті жоғары, жаңалыққа ұмтылатын және жан – жақты рухани дамыған шығармашыл жеке тұлға; (Рефлексияға қабілетті жеке – дара тұлғалық, сондықтан да мұғалімнің инновациялық іс – әрекеттері, рефлексивті бағыты, педагогтың жеке тұлғасынан оның өз бетінше дамуының ориентациясымен тікелей байланысты.) Жаңа формациялы мұғалім:
Біріншіден – жаңа формациялы педагог ретінде өз мүмкіндігін объективті түрде бағалайтын, яғни өзінің күшті де, әлсіз жақтарын білу қажет;
Екіншіден – интеллектуалдық іс – әрекеттің жалпы мәдениеттік педагогикалық этикасын меңгеру;
Үшіншіден – әлемдік білім беру кеңістігінің даму тенденциясында жүріп жатқан интеграциялық процестерге бейімделу керек.
Білім беру жүйесі өзгергендіктен білім беру процесіндегі негізгі жылжымалы күш – педагог та өзгеруі тиіс. Білім беру шеңберіндегі «Педагог – оқушы - ата – ана» бір бағытқа қарағанда білім беру процесіндегі салаларға максимальді нәтижеге қол жеткіземіз. Ертеңгі жаңа формация мұғалімі қысқа және ұзақ мерзімді әдістемелік мәселелерді әзірлеп, оларды шешуге деңгейін бағалау өз – өзіне талдау жасауға көп уақыт бөліп, өз – өзін оқытып, үйретуге ұмтылады. Ал, кездескен қиындықтар белсенділікті көтеріп, кәсіби дамуды басқарып, одан нәтижеге жетеді.
Бүгінгі күн талабының мектеп реформасына, 12 жылдық мектеп жағдайында бейіндік оқыту мәселесін дұрыс шешуге мүмкіндік бар. Бейіндік оқыту бағдарламалары шығармашылық қолданбалы деңгейлерде болуы мүмкін. 12 жылдық білім беру орталығын ғалымдардың зерттеуі бойынша реформациядағы мектеп пен мұғалім алдында тұрған негізгі мәселелер:
«Баланы оқуға қалай үйрету керек?», «Ойлауға қалай үйрету керек?», «Қалай өз өмірінің менеджері болуға үйрету керек?» деген сұрақтарға жауап табатындай білім нәрін беруге бағытталып отыр. 12 жылдық мектеп педагогының төмендегі кәсіби құзіреттілік талаптары көрсетілген: [14,15-19b]
- Мұғалім психологияны, педагогиканы, тәрбие жұмысын ұйымдастыру
технологиясын, құқықтық нормасын білу қажет;
- Мемлекеттік стандартты сараптап, өз іс – әрекетіне сәйкес қолдана білу;
- Өз жұмысында басқару функциясын орындай білу;
- Кәсіби мониторингтың нәтижелерін қолдана білуі тиіс;
- Педагогикалық технологияларды сабақ процесінде тиімді қолдана білу;
- Мемлекеттік тілді және шетел тілін кәсіби деңгейге сәйкес қолдана білу керек.
12 жылдық модульге көшу объективті жаңа өнім сапасын сипаттайтын және іс – әрекет барысында жаңа білімнің пайда болуы қазіргі мұғалмінің инновациялық шығармашылық типін талап етеді. Міне осыдан, мұғалімнің құзіреттілігі көрінеді. (Қосымша №5,6)
ҚР – да білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында: «... экономиканың барлық салалары үшін жоғары білікті және бәсекеге қабілетті кадрларды даярлаудың сапасын артыру...» және «... кәсіби міндеттерін дербес, әрі шығармашылық тұрғыдан шешуге, кәсіби қызметтің тұлғалық және қоғамдық маңызын түсінуге, оның нәтижелері үшін жауап беруге қабілетті кәсіби құзіретті және тұлғаны, бәскеге қабілетті маманды қалыптастыруды қамтамасыз ететін білім беруді басқарудың тиімді жүйесі құрылатын болады...», - деп атап көрсетілгендей, өскелең ұрпаққа қазіргі қоғам талабына сай сапалы білім беру және оларды бәсекеге қабілетті етіп оқыту мен тәрбиелеу педагогика ғылымы саласында жаңа әдіснамалық негіздері ғылыми зерттеулерді талап етіп отыр. Себебі, дәстүрлі оқыту мазмұны мен әдістері мұндай нәтижеге жетуге кепілдік бермейтін күнделікті іс – тәжірибе көрсетіп отыр. Оның шешімі – оқу процесіне жаңа педагогикалық және ақпараттық – коммуникациялық технологияларды ендіру болып табылады.
Қазіргі кезде әдебиеттерде даму бағытын қамтитын 50 – ден астам оқытудың жаңа технологиялары қолданылып жүр. Ол технологиялардың мақсаттары:
- Жеке қасиеттерін аша отырып, тұлғаның ізгілікті адам болып қалыптасуы мен тәрбисіне ықпал ету;
- Тұлғаның жүрегі мен жанын ізгілендіру;
- Танымын қалыптастыру және дамыту;
- Терең білім алуға жағдай жасау;
- Өзін-өзі тәрбиелеп, біліп алуды басты мақсат ету;
- Оқушылардың ынтасын дамыту;
- Өз бетінше жұмыстар жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру;
- Ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы білім алушының болашақта әр түрлі жағдаяттарды, әр түрлі қоғамдық ортада өзін-өзі көрсете білуге бейімдеу.
Шығармашылықпен еңбек ете білуге баулуда әр түрлі курстар, оқу семинарлары, байқаулар, олимпиадалар, педагогикалық оқулар, т.б. көптеген іс – шаралар ұйымдастырылды. Ондай іс- шаралар:
-Педагогтар кадрлардың білімін үздіксіз жетілдіріп, өзара пікір алмасуына ықпал жасайды.
-Білім беру жүйесі қызметкерлерінің азаматтық белсенділігін жоғары жалпыға бірдей мәдениеттіліктің, кәсіби бәсекелестіктің өсуіне әсерін тигізеді.
-Әлеуметтік – педагогикалық жаңа жағдайда жұмыс жасап үйренудің қалыптасуын, шығармашылық ізденушілікке ынтаның дамуына әсер етеді.
-Ғылыми – әдістемелік, тәжірибелік және зерттеушілік қызметін ұйымдастыруға, оқыту – әдістемелік кабинеттердің түйінді мәселелерін шешуге бағыттайды.
Сонымен, тұлғаны – тұлға ғана тәрбиелей алады. Бүгінгі қоғамға жаттанды кітап сөзімен тақылдап тұрған оқушы емес, өмірден алған өзіндік тәжірибесі мен білім мазмұнын толықтыра алатын білім алушы қажет, баланың оқулықта берілген мәтінмен немесе басқа да ақпараттар арасындағы байланысты орнату, мәтіндегі ойды бала ойымен толықтыру, тек баламен бетпе – бет бір емес, бірнеше 45 минуттарды бірге өткізіп отыратын мұғалімнің ісі, әр түрлі әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып, оқушы қызметін жандандыру.
ҚР-ның тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты халыққа Жолдауында кадрларды қайта даярлау және қайта оқыту жөніндегі жүйелілік жұмысты дамытуда мынандай мақсаттарды көздеу керек деді: [1 ]
- Жаңа мамандық бойынша жұмыс істегісі келетін әрбір адамның оқу мүмкіндігі болуы тиіс;
- Экономиканы еңбек ресурстарына деген болшақ сұраныстарын қамтамасыз ету;
- Шет елдік жұмысшыларды отандық кадрлармен біртіндеп алмастыру.
Осы мақсат негізінде кадрларды қайта даярлау және біліктілігін көтеру үшін ең көлемді сағатты арнайы курс ашылу керек.
Курстың мақсаты: Жаңа педагогикалық технлогиялар негізінде болашақ мұғалімнің кәсіби бағытталуын қалыптастыру. Теориялық – әдістемелік тұрғыда негіздеу, оны ғылыми әдістемелік нұсқаулар негізінде жетілдіріп, «Баланы оқуға қалай үйрету керек?», «Ойлауға қалай үйрету керек?», «Қалай өз өмірінің менеджері болуға үйрету керек?» деген сұрақтарға жауап бере алатын жаңа формациялы мұғалімді дамытып, қалыптастыру.
Курс 3 модульден тұру керек:
1 – модуль: Педагогика және психология ғылымдарының теориялық және әдістемелік негіздері мен инновациялық технологияларды меңгерту.
2 – модуль: Білім беру саласына қатысты заңды күші бар мемлекеттік құжаттарды меңгерту.
3 – модуь: Практикалық бөлім.
Курсты аяқтаған білім берушілерге педагогикалық праксеологияны жетік меңгерген «Новатор педагог - менеджер» біліктілігін беру қажет.
«ҚР – да Білімді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» мұғалімдердің біліктілігін арттыруды жаңа мазмұн мен жаңаша оқыту үлгілеріне көшіру – педагогикалық мамандардың кәсіби дайындығы мен шығармашылық шеберлігін дамытудың негізгі факторы ретінде қарастылған.
Шығармашылық жол - ол үміттер мен күдіктер, жеңілістер мен жеңістер жолы. Осы жолдан өзіне сабақ ала алу, жетер биігін белгілей білу, өзінің жетістіктері мен кемшілік тұстарын талдай алу – білім берушінің шығармашылығын дамытудағы стратегиялық бағыттары болып табылады.
Сонымен жаңа тұрпатты мұғалім ұғымы соңғы жылдары жарияланған шетелдік және қазақстандық педагогика оқулықтарында, ғылыми зерттеулерде «жаңа типті мұғалім», «мұғалім идеалы», «шебер мүғалім» түрінде берілсе, «жаңа тұрпатты мүғалім» термині терең қарастырылмаған. Жаңа тұрпатты мұғалім дегеніміз – кәсіби білім мазмұнын үздіксіз жетілдіріп отыратын, оқу үдерісін басқару қабілеті, сондай-ақ тұлғалық және кәсіби сапасы жоғары, озық технологияларды меңгерген, оны қалауынша пайдаланатын құзыретті тұлға.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, әрі өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Яғни жаңа технологияларды меңгеру жаңа тұрпатты мұғалімді қалыптастыруға қойылатын негізгі талап болып отыр. Білімді ақпараттандырудың негізгі мақсаты – «оқушыларды ақпараттық қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс-әрекетіне толық, тиімді араластыру» болып табылады.
Жоғары мектеп педагогикасы теориясында зерттеуді қажет ететін мәселелердің бірі – педагогикалық модельдеу мәселесі. Жоғары білім беруді модернизациялау ең алдымен оның мазмұнын терең жаңартумен байланысты. Тек қана информатика пәнінің мұғалімі ғана емес, сонымен бірге кез келген пән мұғалімінің ақпараттық технологияны меңгеруі - жаңа тұрпатты мұғалімге тән басты белгі деп айтуымызға болады.[17,20-33b]
Жаңа форматты мұғалімнің ақпараттық технологияны меңгеруі жоғары оқу орнында қалыптасатын болғандықтан, оқытушылардың ақпараттық сауаттылығы, олардың кәсіби деңгейінің заманауи талаптарға лайық болуы, студенттердің ақпараттық құзіреттілігін қамтамасыз ету, олардың барлық оқу формалары бойынша іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру қажеттігі туындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |