Саясаттану. Пс 137ЖМ



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата16.02.2023
өлшемі1,27 Mb.
#68600
  1   2   3
Байланысты:
Саясаттану. ПС-1. 137ЖМ



“Саясаттану ғылым 
жəне оқу пəні ретінде”
137-ЖМ


Жоспар
● Саяси ғылымның пайда болуы жəне 
қалыптасуы.
● Саясаттану пəні,ұғымдары.
● Саясаттану пəнінің əдіс-тəсілдері мен 
қызметтері.
● Саясаттанудың негізгі парадигмалары.
● Пайдаланылған əдебиеттер.
2


Саяси ғылымның пайда болуы және 
қалыптасуы
Ең алғаш саясат ғылымын зерттеу сонау ежелгі дəуірден басталған. Ал тоериялық жағынан зерттеу 
бірінші мың жылдықтың орта кезінен басталған. Осы уақытта саяси ұғымдар пайда болған. Олар 
философиялық нысанда болған. Бұл Конфуций, Платон, Аристотель еңбектерімен байланысты. 
Олардың ойынша «саяси ғылым халықты əдемі де жақсы өмір сүруге үйретеді», — деп түсіндірген.
Саясаттану сөзі (политология) гректің «политика» жəне «логос» деген сөздерінен шыққан, яғни 
«саясат туралы ғылым» деген мағынаны білдіреді.
Біздің заманымыздан бұрынғы мыңжылдықтың ортасында саясатты діни – мифологиялық танудың 
орнына философиялық – этикалық түсіну белең алды. Бұл уақыттың ойшылдары – Платон, 
Конфуций, Аристотель. Бұл ойшылдар саясатты теориялық тұрғыдан зерттеп, оны этикамен тығыз 
байланыста қарады. Олар саясатты адамдардың мақсат – мүддесіне сай келуі, адамгершілікке 
негізделуі тиіс деп ұқты.
3


Ежелгі Қытай ойшылы Конфуций (б. з. д. 551 -479 ж. ж. ) өзінің 
саяси доктринасын моралды максималдарға негіздендірді, үлгілі 
адам концепциясын жасады. Конфуций бойынша, ондай адам 
адмгершілікті (жень), адал, таза ниетті болуы керек. Ойшыл 
идеяларын жанұя, қоғамға, мемлекет ұйымдастыруға 
байланыстырған. Конфуций ел басқарудың «адамгершілікті 
басқару» принципін ұсынды. Басшы адам негізгі шешім 
қабылдауда тұрақты жəне адал болып өз халқының жағдайын 
ойлап түру керек деген. Дана адам-басқарушы жақсы біледі – 
адамның бəрі абырой мен байлаққа үмытылады, ал кедейлік пен 
беделсіздіктен қашады. Жалпы айтқанда, Конфуций үшін 
əлеуметтік дифференциацияны жақтау жəне қоғам мүшелері 
арасында міндеттерді иерархиялық бөлу сипаттамалы.
4


Платон бойынша, ең дұрыс идеалды мемлекетті іріктелген, асыл тұқымның адамдары 
басқарады, басшысы бір болса – монархия, ал ақ сүйекті басшылары бірнеше болса – 
аристократия болады. Платон аристократиялық басқаруды идеалды деп белгілейді 
жəне оған керісінше нашар мемлекеттті басқару түрлерін көрсетеді. Егер елде 
осындай иерархиялық бағыну жойылса, жер мен ұйлер жеке меншікке айналса, құлдар 
еркін адам қатарына қосылса, таза асыл тұқымды ақ сүйекті адамдар шекке 
шығарылып, атаққұмарлық адамдардың билігі - тимократия орнайды. Бұл мемлекеттің 
адамдары басшылыққа дана, ақылды адамды жолатпайды, жəне байлық біршама 
адамның қолында ғана болғандықтан олигархия – азғантай бай адамдардың билігі 
орнайды. Сонымен, кедейлік көбееді, бай адамдарға жек көрушілік белгілі бір 
уақыттан кейін міндет түрде төнкеріске келтіреді, ал осының нəтижесінде халық 
билігі – демократия пайда болады. Сондықтан, тирания – басшылықтың ең нашар 
түрі. Платон айтқан: «Заңға бағынбайтын мемлекет тез қирайды, ал егер де басшы – 
заң болса мемлекет өрлейді, елі Құдайлардың ризалығында болады» .
5


Аристотель(б. з. д. 384 -322) мемлекет деген де оны 
Полис – ежелгі грек еліндегі қоғам мен мемлкеттің 
саяси экономикалық ұйымы, қала, мемлекетті айтады. 
Негізгі саяси еңбектері - «Саясат» , «Афиналық 
полития» , «Этика» , «Риторика» . Аристотель 
бойынша, биліктің дұрыс түрі – монархия, 
аристократия, политияны жатқызады. Ал бұрыс түріне 
– тирания, олигархия мен демократияны. Аристотель 
бойынша, демократия белгілі бір уақыттан кейін 
охлократияға – қара тобыр адамдардың билігіне 
айналады. Жалпы айтқанда, ойшыл демократияның 
барлық түріне қарсы болған. Аристотель: «адам – саяси 
жануар» деген.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет