Саясаттану



Pdf көрінісі
бет104/131
Дата06.01.2022
өлшемі15,5 Mb.
#15124
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   131
              АРИСТОТЕЛЬдің  (б.з.  дейінгі  384-322  жж.)  саяси  ілімдері  Саясат», 
«Афинының политиясы», «Этика», «Риторика» деген еңбектерінде баяндалады. 
Аристотельдің  пікірі  бойынша,  мемлекет  табиғи  даму  процесінің  жемісі.  
Сонымен қатар ол басқа да барлық әлеуметтік қарым-қатынастар формасының  
жоғары түрі. 
Адам  өз  табиғатынан    саяси  тіршілік  иесі.  Мемлекеттің  ең  «дұрыс» 
формасы  –  полития,  онда  көпшілік  баршаның  мүддесі  үшін  билік  етеді. 
Полития    мемлекеттік  биліктің  «орташа»  түрі,  оның  сипаты  мемлекеттік 
мақсатты  қолдауынан,  мүлік  иелігіндегі  орташа  байлыққа  жетуіненден  айқын 
көрінеді. 
Аристотельдің  пікірінше,  политияда  орташа  белгі  шеткі  белгілерден 
артық  болуға  тиіс  немесе  олардың  әрқайсысынан  «күшті»  болуы  қажет. 
Жоғарғы  билік  азшылықтың  емес,  көпшіліктің  қолында  болуға  тиіс    және   
бұқараның  ішінде олардың жақтаушылары қарсыластарынан көп болуы керек. 
Құқық  адамдардың  әлеуметтік  қарым-қатынасының  нормасы  ретінде  қоғамда 
саяси әділеттік принципін орнықтырушы. Ғалым философия шеңберінен саяси 
білімді  бөліп  көрсетіп,  зерттеу  мәселелеріне  теориялық,  эмпирикалық, 
нормативтік әдістер арқылы талдау жасады, саяси ойды талдап қорытуға тиісті 
ұғымдарды жетілдірді. Оның “Саясат” атты еңбегі саяси ғылымның дамуында 
ерекше орын алады. 
Аристотельдің  ойынша,  адам  “саяси  жануар”  болғандықтан  бірігіп 
тіршілік  етуге  талпынады:  қоғамның  дамуы  отбасынан,  ұсақ  қауымдастықтан 
басталып,  одан  әрі  мемлекет  (қала-полис)  қалыптасады.  Бірақ  логикалық 
жағынан жоғары орында мемлекет тұрады себебі мемлекет қоғам энтелехиясын 
(қозғаушы күшін) сипаттайды. 
Аристотельдің  пікірінше,  мемлекет  өз  азаматтарының  “тамаша  өмірі” 
үшін  құрылады.  Адамдар  мемлекет  ішінде  ғана    гүлдене  алады,  өйткені  ол  -
әділдік  пен  құқықтың  кепілдемесі,  азаматтардың  жалпы  мүддесінің  бейнесі. 
Грек  философы  мемлекетті  қоғамнан  бөліп  қарамайды,  Платонның  ілімі 
сияқты, Аристотельдің ілімінде мемлекеттілік мүдде жоғары орын алады; адам 
– мемлекеттің бөлігі, жеке мүдделер қатаң түрде қоғамдық игілікке бағынады. 
Азаматтарды  ол  «ерікті  адамдар»  деп  атады,  себебі  олар  ешкімнің  меншігіне 
жатпайды, ал бостандық  құлдарға тән қасиет емес деп түсінді. Азаматтар тек 
ғана    әскери,  заң  кеңесшілігі  және  сот  істерімен  шұғылданады;  қолөнер, 
шаруашылық - құлдардың жұмысы. Азаматтар жеке  меншікті иеленуі мүмкін, 
бірақ оны бірге пайдалануы қажет, меншік иесіне рахымшылдық тәрізді қасиет 
тән  болуы  керек.  Аристотель  әлеуметтік  теңсіздікті  қолдамады,  өйткені  ол 
қақтығыстар мен төңкерістердің алғашқы себебі деп түсінді.
Аристотель  мемлекеттік  құрылым  формасын  екі  негізде  айқындайды: 
билікке  қатынасушылар  және  басқарудың  мақсаты  (моральдық  маңызы). 


163
Нәтижесінде  мемлекет  басқарудағы  билік  иелерінің  жалпы  мақсат  сипатына 
қарай  үш  “дұрыс”  түрі  (монархтық,  ақсүйектік,  полития)  және  билеушілердің  
жеке  мүддесіне  ғана  бағытталған  үш  “дұрыс  емес”  түрі  (тирандық,  олигархия 
және демократия) бар деп тұжырымдайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет