Саяси партиялар мен қозғалыстар



бет1/4
Дата25.11.2023
өлшемі2,79 Mb.
#126457
  1   2   3   4
Байланысты:
9-дәріс. Саяси партиялар мен қозғалыстар

Саяси партиялар мен қозғалыстар

Айдарбаева Раушан Қайса қызы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент

Жоспар


1. Саяси партиялардың түсінігі, белгілері және функциялары.
2. Саяси партиялардың жіктелуі. Партиялық жүйе
3. Қазақстанда көппартиялықтың қалыптасуы
4. Лоббизм
Саяси партия - қоғамның белгілі бір әлеуметтік топтары мен таптарының мүдделерін білдіретін, белгілі бір топтың немесе таптың ең белсенді өкілдерінен тұратын және саяси мақсаттарға жету үшін құрылған (билікке жету, саяси жүйені өзгерту және т.б.) ерікті саяси ұйымдар
«Партия» деген сөзді латын тілінен аударғанда «бөлу», «бөлшек» деген мағынаны білдіреді.

Партиялардың даму кезеңдері


Тұңғыш алғашқы партиялар Ежелгі Грецияда пайда болған.
Қазіргідей нағыз саяси партиялар Еуропада XIX ғ. екінші жартысында пайда бола бастаған

Аристократиялық үйірмелер

Саяси клубтар

Көпшілік партиялар

Жер иелерінің мақсатын құрайды.

Буржуазияның мүддесін қорғайды.

Көпшілікпен байланысты болып, барынша өз қатарына көбірек адамдарды тартады.

Макс Вебер саяси партиялардың дамуында мынадай кезеңдерді көрсетті:

Саяси партиялардың негізгі белгілері

  • Кез келген партияның басты мақсаты – саяси билікке қол жеткізу;
  • партияның мақсаты мен міндеттері тұжырымдалған құжат - саяси бағдарламасы бар;
  • Айқындалған ішкі құрылымы бар: жарғысы - ішкі партиялық өмірдің маңызды нормалары бекітілген құжат; партияның орталық және жергілікті басқару органдары; партияға мүшелік;
  • Әрбір партия сайлауға қатысып, халықтың қолдауын қамтамасыз етуге тырысады

Партиялардың қоғамның саяси өміріндегі функциялары


1. Саяси функциялар – партияның мемлекеттік билікті алу үшін әзірленген саяси, экономикалық және басқа бағдарламаларды іске асыру;
2. Репрезентативті функция - әрбір партия белгілі бір әлеуметтік топтың немесе таптың мүдделерін көрсетеді.
3. Сайлау функциясы - кез-келген партия сайлауға белсенді қатысады, билікті талап етіп, сайлаушыларды өзіне мүмкіндігінше көбірек тартуға тырысады;
4. Саяси әлеуметтену - саяси партиялар халық арасында белсенді үгіт-насихат жүргізеді, өз идеяларын, идеологиясын түсіндіріп, халықтың саяси сауаттылығын арттырады


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет