Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен
Алматы, 2011
1
ƏОЖ 004(07)
КБЖ 32.973я7
Б 79
Пікір жазғандар: техника ғылымдарының докторы, профессор А. Ж. Сейкетов физика-математика ғылымдарының кандидаты С. Б. Беркімбаева педагогика ғылымдарының кандидаты Р. М. Дузбаева
Бөрібаев Б. Б., Махметова А. М.
79Алгоритмдеу жəне программалау тілдері: Оқулық. – Алматы: ЖШС РПБК «Дəуір», 2011. – 328 бет.
ISBN 978-601-217-274-4
Ұсынылып отырған оқулық негізгі мақсаты – студенттерді алгоритмдер-ді құрастыру мен қазіргі кезде оқу орындарында кең таралған Паскаль программалау тілін үйрету болып табылады. Оқу құралы алгоритмді құрастырудың графикалық тəсілдерін қарастырып, программалау тіліндегі енгізу/шығару, басқару операторларын жəне процедуралар мен функция-ларды толық қамтиды. Сонымен бірге программаны енгізу, түзету жəне нəтижесін алу мүмкіндіктерін толық ашатын ортаменен тиянақты түрде таныстырады. Бұл оқулықта студенттердің программалауды меңгеру ісін жүзеге асыратын мүмкіндіктердің бəрі қарастырылған.
Оқулық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналып жазылған, дегенмен оны колледждер мен мектеп оқушылары, өз бетімен ЭЕМ-да жұмыс істеп үйренушілер де пайдалана алады.