Саяси партиялар



Дата09.02.2022
өлшемі16,27 Kb.
#25073

«Институт» латын тілінен аударғанда орнату, қалыптастыру деген мағынаны білдіреді. Жалпы ғылымдарда институт ұғымының мекеме, ұйым, құрылым деген мағыналары қолданылады. Ал, саясаттануда саяси институт қоғамдық өмірді басқару, ұйымдастыру іс-әрекеттерімен айналысатын барлық ұйымдар, мекемелер, құрылымдарды айтады. Олардың ішіндегі негізгі ұйым –мемлекет. Сонымен қатар саяси институттарға: Саяси партиялар, түрлі қоғамдық ұйымдар, кәсіподақ, жастар одағы т.б. жатады. Қоғам өміріне саяси партиялар, шығармашылық жастар одағы – мемлекет басқару органдарына сайлану, заң шығарушы органдарының жұмысына қатысу арқылы саяси қатынастардың тәртібі мен тұрақтылығын сақтап реттеп отырады.

Саяси жүйенің барлық бөлшектері әрдайым өзара байланыста болғандықтан маңызды әлеуметтік қызметтерді жүзеге асыруға ықпал жасайды: әлеуметтік дамудың басым бағыттарын айқындау; қоғамның мақсаттарға жету жолдарын оңтайландыру; ресурстарды тарату; азаматтардың саясатқа белсенді қатысуын қамтамасыз ету; қоғам мүшелері мінез-құлқының ережелері мен қағидаларын әзірлеу; заңдар мен ережелерді орындауды бақылау; қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Саяси жүйеге келесі институтар енеді: мемлекет және оның органдары; саяси партиялар; қоғамдық-саяси қозғалыстар; мүдделі топтар.

Мемлекет - жүйені жиынтықтайтын негізгі бөлшек, ол саяси жүйенің өзге бөлшектерін біріктіреді. Мемлекет - билікке ие және ықтиярсыз көндіру күшіне ие саясаттың ең қуатты субъектісі. Дегенмен, саяси жүйенің кейбір бөлшектері өзара қимылдар жасамауы мүмкін. Мәселен, саяси күштердің күресі нәтижесінде мемлекеттің кейбір органдары жеке қызмет атқаруы ықтимал. Әскердің қарсы шығып, мемлекеттік төңкеріс жасауы саяси жүйенің құлдырауына әкеледі.

Мемлекет және мемлекеттік билік - сайлауда жеңіске жеткен саяси партияның жетістігі. Мұндай саяси жүйелерде дамыған партиялар бар және билікті тиімді бақылау қамтамасыз етілген.



Саяси партиялар - билік үшін күресте ортақ саяси көзқарастары қалыптасқан немесе билікте өз бағдарламаларын жүзеге асыратын ұйым. Ол сонымен бірге, идеологиялық құндылықтары бар одақ. Партия идеологиясы - ұйымның өз қызметінде басшылыққа алатын идеялар жиынтығы.

Идеологиялық қағидаларына байланысты партиялар бөлінеді: консервативтік; либералдық; демократиялық; социал-демократиялық; социалистік; коммунистік, ұлтшылдық.

Партияның тұрақты ұйымдастырушылық құрылымы мен басқарушылары, жарғысы мен мүшелікті міндетті рәсімдеу түрлері болады. Қазақстан Республикасының «Саяси партиялар» туралы Заңының 10 бабы, 6 тармағына сәйкес: «Саяси партияны мемлекеттiк тiркеу үшiн оның құрамында партияның барлық облыстардағы, республикалық маңызы бар қала мен астанадағы әрқайсысында кемiнде алты жүз партия мүшесi бар құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) атынан өкiлдiк ететiн кем дегенде қырық мың партия мүшесi болуға тиiс» [1].

Саяси жүйедегі партияның рөлі оның беделі және сайлаушылар сенімімен айқындалады. Партиялар басқарушы билік құрылымын иеленген жағдайда мемлекет саясатын жүзеге асырады. Демократиялық жүйелерде партиялардың ауысуы жүреді: билік партиясынан оппозицияға көшеді, ал оппозиция билік партиясына айналады.



Қоғамдық-саяси қозғалыстар саяси жүйелерде мардымсыз қызмет атқарады. Мақсаттарына қарай қозғалыстар саяси партияларға ұқсас, бірақ көп жағдайда олардың нақты жарғысы болмайды және мүшелікке қабылдау орын алмайды. Елімізде қоғамдық-саяси қозғалыстар сайлау науқанына қатыса алмайды.

Мүдделі топтар билікке келуді мақсат тұтпайды. Олардың қатарына кәсіподақтар, ірі кәсіпорындардың бірлестіктері, дін орындары, бұқаралық ақпарат құралдары жатады. Бұлардың негізгі мақсаты - билікке қысым көрсету арқылы нақты мүдделерін қанағаттандыру болып табылады. Жоғарыда аталып өткен барлық бөлімдер, мемлекеттік және мемлекеттік емес институттар тәжірибе нәтижесінде жинақталған саяси қағидалар мен әдістерге жүгінеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет