Сборник мастер­классов учителей, прошедших обучение на курсах повышения



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата15.03.2017
өлшемі7,78 Mb.
#9963
  1   2   3

УДК 004.7

Баспаға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ  

Педагогикалық шеберлік орталығының Әдістемелік кеңесі ұсынған

Рекомендовано Методическим советом Центра педагогического мастерства 

АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы»

Құрастырушылар: Аханова Ә.А., Байжігітова Л.Ж., Дьякова Т.Ю., Күзекбай Е.Ф., Оспанов Б.С.

Составители: Аханова А.А., Байжигитова Л.Ж., Дьякова Т.Ю., Кузекбай Е.Ф., Оспанов Б.С.

 

Педагогикалық  шеберлік  орталығының  Кембридж  университеті  Білім  беру  факуль­

тетімен  бірлесіп  әзірлеген  деңгейлі  бағдарламасы  бойынша  біліктілікті  арттыру 

курстарынан  оқудан  өткен  мұғалімдердің  шеберлік  сабақтарының  жинағы  (3­деңгей)  

Ж.Қ. Нұрғожинаның редакциялық басқаруымен – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» 

ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2014. – 46 бет.

 

Сборник  мастер­классов  учителей,  прошедших  обучение  на  курсах  повышения 

квалификации по уровневым программам, разработанным Центром педагогического 

мастерства  совместно  с  Факультетом  образования  Кембриджского  университета  

(3 уровень) / Под редакцией Нургожиной Ж.К. – Астана: АОО «Назарбаев Интеллектуальные 

школы» Центр педагогического мастерства, 2014. – 46 стр.

Бұл  шеберлік  сабақтарының  жинағы  деңгейлі  бағдарлама  бойынша  біліктілікті  арттыру  

курстарынан  өткен  мұғалімдердің  жинақталған  озық  педагогикалық  тәжірибелерін 

тарату  аясында  өткізілген  шеберлік  сабақтары  бойынша  әдістемелік  әзірлемелері  болып  

табылады. 

Шеберлік  сабақтарының  жинағы  жалпы  білім  беретін  мектептердің  мұғалімдеріне, 

педагогикалық  мамандықта  оқитын  жоғары  оқу  орындары  мен  колледждердің  студенттеріне 

арналған.

Настоящий  сборник  представляет  собой  собрание  методических  разработок  мастер-классов, 

проведенных учителями, прошедшими обучение на курсах повышения квалификации по уровневым 

программам, в рамках трансляции накопленного передового педагогического опыта. 

Сборник мастер-классов адресован учителям общеобразовательных школ, студентам вузов и 

колледжей, обучающимся по педагогическим специальностям.



УДК 004.7

©   «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ

      Педагогикалық шеберлік орталығы, 2014

©   АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы» 

      Центр педагогического мастерства, 2014


МАЗМҰНЫ / СОДЕРЖАНИЕ 

КІРІСПЕ / ВВЕДЕНИЕ  .............................................................................................4

Естибаева Э.Д. Сыныпта әңгімені пайдалану арқылы оқушыларды 

ынтымақтастықта білім алуға ынталандыру, жоғары ойлау және  

ойын жеткізе білу дағдыларын жетілдіру  ..................................................................5 

Марқабаева Қ.М. Сын тұрғысынан ойлауды дамытуда «Сұрақ қою әдісінің» 

тиімділігі  .......................................................................................................................10



Махамбетова С.К. Применение приемов, развивающих критическое  

мышление через письмо на уроках русского языка и литературы  ..........................15



Каримова А.А. Критериалды бағалау  .......................................................................23

Садыкова А.А. Дарынды және талантты оқушыларды анықтау  ...........................26

Фоленвейдер И.Г. Планирование урока ....................................................................29

4

КІРІСПЕ

Жеке  педагогикалық  тәжірибелерді  таратудың  бір  формасы  шеберлік  сабағы 

болып  табылады.  Мұғалім  кәсіпқой  ретінде  өзінің  өмір  бойы  педагогикалық 

қызметінде жеке (авторлық) әдістемелік жүйені өңдеп келеді, белгілі инновациялық 

әдістерді  бейімдейді  және  өзінің  озық  тәжірибесін  басқаларға  бере  біледі. 

Педагогикалық қоғамдастықта шеберлік сабағы деп жаңа педагогикалық идеяларды 

беру және педагогтің жетістігін таныстыру формасын айтады.

Шеберлік сабағының мақсаты – әдістемелік қолдау ретінде практикалық қызмет 

барысында технологияларды игеру және белсенді қолдану.

Осы жинақта Педагогикалық шеберлік орталығының Кембридж университеті 

Білім  беру  факультетімен  бірлесіп  әзірлеген  деңгейлі  бағдарламасы  (3  деңгей) 

бойынша  біліктілікті  арттыру  курстарынан  оқудан  өткен  мұғалімдерінің:  «Сын 

тұрғысынан  ойлауды  дамыту»,  «Критериалды  бағалау  жүйесі»,  «Дарынды  және 

талантты  балаларды  оқыту»,  «Жоспарлау»  және  т.б.  тақырыптары  бойынша  іс-

тәжірибелері қамтылған. 

ВВЕДЕНИЕ

Одной из форм распространения собственного педагогического опыта является 

мастер-класс.  Учитель  как  профессионал  на  протяжении  своей  педагогической 

деятельности вырабатывает индивидуальную (авторскую) методическую систему, 

апробирует известные инновационные методики и передает свой лучший опыт. В 

педагогическом сообществе под мастер-классом понимают форму передачи новой 

педагогической идеи и презентацию достижений.

Цель  мастер-класса  –  освоение  и  последующее  активное  применение 

технологии  в  практической  деятельности  в  качестве  методической  поддержки 

учителя.


В  данном  сборнике  аккумулирован  опыт  учителей,  прошедших  обучение  на 

курсах  повышения  квалификации  по  уровневым  программам,  разработанным 

Центром  педагогического  мастерства  совместно  с  Факультетом  образования 

Кембриджского  университета  (3  уровень),  по  тематике:  «Развитие  критического 

мышления»,  «Система  критериального  оценивания»,  «Обучение  одаренных  и 

талантливых детей»,  «Планирование» и другие.



5

ЕСтИБАЕВА ЭльМИРА ДАУлЕтҚЫЗЫ

ағылшын тілі мұғалімі

Жансүгіров атындағы орта мектебі

Ақсу ауданы

Алматы облысы

Шеберлік сабағының 

тақырыбы:

Сыныпта әңгімені пайдалану арқылы оқушыларды 

ынтымақтастықта білім алуға ынталандыру, жоғары 

ойлау және ойын жеткізе білу дағдыларын жетілдіру.



Жалпы мақсаттар:

Сыныпта  диалогпен  оқушылардың  өзара  білім  алуы 

кезінде  жеке  тұлғалық  өсуіне,  ақпаратты  «сырттан-

ішке»  қабылдап  қана  қоймай  «іштен-сыртқа» 

бағыттауларына,  ойлау  дағдыларының  иерархиялық 

жоғарылауына бағыттауға ықпал жасау.



Күтілетін нәтиже:

•  Қатысушылар  Блум  таксономиясын  біледі, 

етістіктерін  жіктей  алады,  оны  сабақтың  мақсат-

міндеттерін жоспарлауда пайдалана алады;

•  Сыныптағы  әңгімеде  оқушылардың  ойлау 

дағдылары  деңгейлерін  төменнен  жоғарыға 

бағыттай отырып дамыта алады;

•  Семинарда пайдаланылған интерактивті әдістерді 

өз тәжірибелеріне тиімді енгізе алады;

•  Сынып  әжірибесінде  әңгіменің  білім  алудағы 

маңыздылығын жақсы түсінеді.

Басты идеялар:

Бағдарлама теориясынан білім бере отырып, мұғалім-

дердің  сыныптағы  әңгімені  ұйымдастыру  жолдарын 

тиімді пайдалануға ықпал ету. Диалогтік оқыту стра-

тегияларын қарастыру.

Уақыт

Шебердің іс­әрекеті

тыңдаушылардың 

іс­әрекеті

10 мин.

Күтілетін нәтижесі:

Қатысушылар бір-бірінің 

аты-жөндерін, мекен-

жайын және мамандығын 

біледі;

Қатысушылардың 



бейіндері жұмысқа ауады.

«Қар кесегі» 

қатысушылардың 

бір-бірімен танысу 

жаттығуын орындату.

Әр қатысушы кезекпен 

тұрып өзінің атын, 

қай жерден келгенін 

және мамандығын 

айтады. Келесі кезектегі 

қатысушы өзінің 

алдындағы адамдар 

туралы айтып береді.


6

5 мин.

«Серіктес сағаты»  

топқа бөліну жаттығуы. 

Күтілетін нәтижесі: 

Қатысушылар осы 

топтарға бөліну 

ойынымен танысады.

Қатысушылар бір-

бірімен араласып белгі 

берілген кезде (қоңырау 

шылдыры) жанына келген 

қатысушымен бірігіп 

сағаттың 12 тіліне бір-

бірінің аттарын жазады, 

белгі берілген кезде 

қатысушылар қайта 

араласады да келесі 

белгімен тағы жұптасып 

бір-бірінің аттарын 

сағаттың 2 тіліне жазады. 

Ойын сөйтіп ойыншылар 

алты адамның атын 

сағаттарына жазғанша 

жалғасады. Қатысушы 

сағат суретіне бір 

адамның атын екі рет 

жазбауы керек.



5 мин.

Күтілетін нәтижесі: 

Қатысушылар топтарда 

жұмыс істеудің 

ережелерін, қағидаттарын 

еске түсіру арқылы алда 

жүргізілетін топтық 

жұмыстарда өзара тиімді 

ынтымақтастықта, 

әрекеттестікте жұмыс 

жасайды;


«Сыныпта топтық /

жұмыстарда әңгіменің 

тиімділігін арттыру» миға 

шабуыл.


Қатысушылар топтарға 

біріккеннен кейін әр 

топқа сыныптағы топпен 

жұмыстағы әңгіме 

жүргізудің: қағидаттары, 

артықшылықтары, 

кемшіліктері, кездесетін 

кедергілер, ережелері 

туралы жеребе арқылы 

бөлініп беріліп топта 

талқылап, артынан жалпы 

талқылау жүргізеді. 

Алтыншы топ бақылаушы 

топ болып басқа 

топтарды бағалайды және 

толықтырады.



5 мин.

Күтілетін нәтижесі: 

Қатысушылар ойлаудың 

жоғары және төмен 

деңгейлерімен танысады.

Бенджамин Блумның пе-

дагогикалық мақсаттар 

таксономиясы танысты-

рылымы. 


Мұғалім Б.Блумның 

педагогикалық мақсаттар 

таксономиясымен 

қатысушыларды 

таныстырады. 

Қатысушылар өз 

тәжірибесіне енгізу 

жолдарын қарастырады.



7

10 мин.

Күтілетін нәтижесі: 

Қатысушылар 

оқушының танымдық 

үдерісін жоспарлауда 

қолданылатын 

етістіктерді иерархиялық 

түрде жіктей алады.

Блум таксономиясы 

етістіктерін және 

сұрақтарын жіктеу. 

Қатысушылар берілген 

қосымша парағына 

таныстырылымда 

берілген етістіктерді әр 

топ өзіне берілген ойлау 

категориясын жазады 

да таныстырылымның 

келесі беті ашылған кезде 

салыстырып, түзетулер 

енгізеді.



20 мин.

Күтілетін нәтижесі:  

Қатысушылар «Джигсо» 

әдісімен танысады;

Қатысушылар танымдық 

мақсаттарды қолдана 

отырып сабақ жоспарлай 

алады.

Қатысушылар «Джигсо» 



әдісі арқылы Блум таксо-

номиясының иерархия- 

сын сыныптағы әңгіме 

кезінде қалай қолдану 

керектігін топта талқылай 

отырып, бір сабақтың 

мақсаттары мен міндет-

терін Блум таксономиясы 

бойынша құру. 

Әр топқа алты ойлау 

деңгейі бөлініп 

беріледі. Әр топ өзіне 

берілген ойлау деңгейін 

сабақта қалай, қай 

кезеңінде қолдана 

алатынын талқылайды. 

Қатысушылар берілген 

флипчарттарға топ болып 

бір сабақ жоспарының 

мақсаттарын, міндеттерін, 

критерийлерін, күтілетін 

оқу нәтижелерін жазады. 

Кейін топтың бес мүшесі 

қалған бес топқа бөлініп, 

біреуі өз тобында қалып 

әркім өз тапсырмасын 

жаңа топ мүшелеріне 

таныстырады. Кейін 

топтар постерлерімен 

таныстырады.



10 мин.

«Серіктес сағаты» сер-

гіту жаттығуы. Күтілетін 

нәтижесі: диалог.

Жүргізуші 

қатысушыларға сағат 

тілдеріне өзі білетін 

қатысушылардың 

есімдерін жазуларын 

сұрайды. Қатысушылар 

айтылған сағат тіліне 

жазған адамның жанына 

барып сол адаммен 

айтылған іс-әрекетті 

орындайды (мысалы,  

амандасу).



8

20 мин.

Күтілетін нәтижесі: 

Қатысушылар «Сегіз 

төртбұрышқа сурет 

салу», «Коллаж әңгіме», 

«Әліпби-әңгіме»,«Түйінді 

сөздер», «Суретті қимыл 

арқылы әңгімелеу», 

«Суреттер тіркесі» 

сияқты сыныпта әңгіме 

өрбіту стратегияларымен 

танысып, қолданады

Блумның  танымдық  мақ-

саттар таксономиясын сы-

ныптағы әңгімені жоспар-

лауда тиімді пайдалану.

Әр топқа әртүрлі сыныпта 

топпен әңгіме құрастыру 

стратегиялары беріледі. 

Топтар берілген уақыт 

ішінде бір әңгіме 

құрастырып, жалпыға 

таныстырады.



10 мин.

Күтілетін нәтижелері:  

Қатысушылар семинар 

семинардан алған 

жаңалықтарын ауызша 

ойда жаңғыртады;

Туындаған жақсы 

ойларымен 

әріптестерімен бөліседі.

«Өрмекшінің торы»  

рефлексиясын жасау. 

Қатысушылар шеңбер 

құрап тұрып берілген жіп 

шумағын қарсы адамға 

бере отырып шеберлік 

сабағында көрсетілген 

стратегиялардың 

қайсысын өз 

тәжірибесінде 

қолданатынын айтады. 

Сөйтіп қатысушылар 

өрмекші торын тоқу 

арқылы өзара байланыс 

орнатады.

5 мин.

Күтілетін нәтижесі: 

Қатысушылар болашаққа 

тілек, ұсыныстарын 

жазады;


«Ағаш өсіру» кері 

байланыс әдісімен 

танысады.

«Ағаш  өсіру»  кері  байла-

ныс. 

Қатысушылар себеттегі 



жапырақсыз, жеміссіз 

ағашты берілген алма 

және жапырақтар 

стикерлеріне тілектерін, 

ұсыныстарын, ойларын 

жазып ілу арқылы 

гүлдендіреді.

РЕФлЕКСИЯ:

Гуманитарлық  бағыттағы  тарих  пәнін  оқыту  диалогтік  оқытудың  ажыра-

мас  бөлігі  болып  табылатындықтан,  бұл  модульді  негізге  алуды  жөн  көрдім. 

Шеберлік  сабағы  барысындағы  жоспарланған  әдіс-тәсілдер  оқушылардың 

ойын  жетік  жеткізуге,  топта  жұмыс  істеуге,  достық  қарым-қатынасты  бағыттау- 

ға негізделген.«Қар кесегі» жаттығуы арқылы қатысушылар бір-бірімен танысып, 

аты-жөндерін жаттады. «Серіктес сағаты» топқа бөліну жаттығуы арқылы 6 топқа 

бөлініп, «Сыныпта топтық жұмыстарда әңгіменің тиімділігін арттыру» миға ша-

буылы жасалды. Ресурстарды пайдалана отырып, сыныптағы топпен жұмыстағы 


9

әңгіме жүргізудің қағидаттары, артықшылықтары, кемшіліктері, кездесетін кедер-

гілері, ережелері туралы жеребе арқылы бөлініп беріліп топта талқыланды. Түрлі 

аудандардан  жиналған  мұғалімдерге  Блум  таксономиясы  туралы  таныстырылым 

жасалып, пәнді оқытуда тиімді жақтарын жеткізуге тырыстым. Мұғалімдер барын-

ша шығармашылықтарын пайдаланып, тапсырмаларға үлкен жауапкершілікпен қа-

рады. Бұл әдістердің сабақта келешекте пайдаланатындарын өз рефлексияларында 

білдірген еді.



ПАЙДАлАНЫлҒАН ӘДЕБИЕттЕР:

1.  «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының 

тиімділігі» мақаласы http://bilimdiler.kz сайтынан

2.  «Сындарлы оқыту теориясы – оқушыларды сыни ойлауға жетелейтін жол» 

М.С.Исаева http://sabaq.kz

3.  «Сын  тұрғысынан  ойлау  арқылы  оқытудың  тиімділігі»  С.  Қожагелдиева,  

Н. Нұртазаева /Бастауыш мектеп, 2009 ж. №4

4.  «Мұғалімге арналған нұсқаулық». ‒ 2012 ж.

5.  «Диалогическое  преподавание:  переосмысление  бесед  в  классе»  

Александер Р. / Кембридж: Дайалогос UK, 2004. ‒ 48 с.

6.  «Оқытуда жаңа әдістерді пайдалану» Ибрагимова Г. / Бастауыш мектеп. - 

2001 №6


 

10

МАРҚАБАЕВА ҚАМАРИЯ МАРҚАБАЙҚЫЗЫ

география пәні мұғалімі  

№79 жалпы орта мектебі

Шымкент қаласы 

Шеберлік 

сабағының 

тақырыбы:

Сын  тұрғысынан  ойлауды  дамытуда  «Сұрақ  қою  әдісінің» 

тиімділігі.

Мақсаттар:

Жалпы тыңдаушыларға, оқушыларды  сын тұрғысынан ойлау- 

ға  дағдыландыруда  «Сұрақтар  қоюдың    әдіс-тәсілдерін»  са-

бақта қолданудың  тиімді жолдарын оқыту және оқу мақсатта-

рына пайдалана білуді үйрену.

Күтілетін  

нәтиже:

Тыңдаушылар  сын  тұрғысынан  ойланады  және  оқыту  

үдерісінде  «Сұрақ қою әдісінің» негізгі мазмұны мен талап-

тарын басшылыққа ала отырып өзіндік үлестерін қоса алады. 

Бұл әдісті қолдану барысында  оқу және оқыту нәтижелерін 

білуге бағыттап  сабақтарында пайдалана біледі.



Басты 

идеялары:

Жұмыс  кезеңдерінің  тізбектеліп  ұйымдастырылуы.  Сынып-

та    оқыту  тәжірибесінде    сұрақтар  қою  дағдысын    дамыту. 

Мұғалімдерді    Блум  таксономиясы  сұрақтарын  әрбір  сабақ 

үшін пайдалану. Оқушылардың ойлау дағдыларын анықтау.

Уақыты

Шебердің іс­әрекеті

тыңдаушылардың іс­әрекеті

10 мин.

Сергіту сәті

«Мармозетка» интеллектуал-

дық ойыны. Слайд арқылы  

мәтіннің әр бөлігін  көрсете 

отырып сұрақ қою.

Тыңдаушылар сұрақтарға 

болжамдай отырып жауап 

береді. Сын тұрғысынан 

ойланады. Жағымды 

психологиялық  

ахуал орын алады.

10 мин.

Постер дайындау. Мұғалім-

дерге   түрлі-түсті қағаздан 

сұрақтар қиып таратамын. 

«Иә»немесе «Жоқ» деген  

жауабы бар сұрақтар «жабық» 

сұрақтар,ал жауабы  әртүрлі 

болатын  сұрақтар «ашық» 

сұрақтар деп аталатыны тура-

лы айтып өтемін.



1­қосымша

Мұғалімдер  осы сұрақтарға 

сабақта күнделікті қолдана-

тын сұрақтарын жазады. Бір 

қағазға бір сұрақтан жазады. 

Болған соң «Иә»немесе «Жоқ» 

деген сұраққа жауап беретін  

сұрақтарды  бір флипчартқа, 

жауабы  әртүрлі болатын 

сұрақтарды  екінші 

флипчартқа жапсырады.


11

20 мин.

Сұрақтар

Сұрақтардың  әртүрлі типі түрлі міндет атқарады.

Сұрақты  дұрыс қоя білу өте маңызды.

Ол жауапты өз бетінше іздей отырып, оқушылардың сұрақ 

қою дағдысын дамытады.

Оқушылар өз бетінше білім алады, өйткені олар үшін 

берілген сұрақтарға жауап беру  қызықты. 

Оқушылар мектептегі оқытылатын пәндер мен шынайы 

өмірдің байланысын көре біледі - бұл олардың оқу үдерісіне 

деген  көзқарасын өзгертеді.

Нақтылау  сұрақтарын  қою арқылы, қойылған  сұрақтарды  

талдап және ойлана  отырып, оқушылардың жаңа ұғымды 

түсінуі жеңілдейді.

•  Не болатынын қалай болжайсың?

•  Неліктен ондай болжам жасадың?

•  Мұндай қорытындыға неліктен келдіңдер?

•  Неліктен бұлай болды?  

•  Осыған қарама –қарсы  мысал келтіре  аласың ба?

•  Мұны қалай дәлелдей  аласыңдар? 

•  Неліктен бұл дәлелді таңдадыңдар?

Сонымен қатар, оқушыларға зерттеулердің нәтижесін  болжау 

сұрақтарын да  қоюға болады:

Алматы мен Астананың ауа райы неге әртүрлі? Сенің ойыңша 

мұнда айырмашылықтың болуы неліктен?

•  Неліктен Елбасын  тиімді көшбасшы деп атаймыз?

«Блум таксономиясы» әртүрлі деңгейдегі сұрақтардың маңыз- 

дылығына  қарай орналастырудың пайдалы  схемасы. 

Қарапайымнан күрделіге қарай  орналасады. Білім 

«Пирамида негізінде» болады деп болжайды.

Деңгей


Дағды

Тапсырма


Білу

Ақпаратты қайталау немесе 

тану

Атаңыз.....



Қайда болды… 

Формуласын жазыңыз… 

Ажыратыңыз …

Түсіну


Берілген ақпараттың мағы-

насын  ұғыну

Ойды аяқтаңыз … 

Сіз не  білдіңіз … 

Неге … 

Басқаша ойлап көріңіз … 



Байланысын көрсетіңіз … 

Өз сөзіңізбен айтыңыз



12

Қолдану


Әртүрлі жағдайда қолдану

Қолдану мақсатын түсіндіру 

Үй тапсырмасын әртүрлі 

тәсілмен орындау … 

Қандай теорияға негіздеп 

түсіндіреді.... 

Ұсынған гипотезаны тексер 

… 

Қорытынды  …



Талдау

Құрылымы мен  бөлімдерін 

анықтау

Құрылымы қандай… 



Жіктеңіз … 

Әсері қандай болады … 

Салыстырыңыз … 

Себебін түсіндіріңіз …

Жинақтау

Бөліктерді қайтадан  жи-

нақтаңыз

Өз шешіміңізді табыңыз… 

Алгоритм ұсыныңыз  … 

Баламасын табыңыз … 

Өзгертуге қандай мүмкіндік-

тер бар … 

Жүйелеңіз … 

Зерттеңіз …

Бағалау

Мағынаны критериге  сәй-



кес бағалау

Логиканы бағалау … 

Жетістікті сипаттаңыз… 

Критериді белгілеңіз… 

Сәйкес пе … 

Сіз қалай ойлайсыз… 

Қорытынды шығарыңыз

15 мин.

Мұғалімдерді  төрт топқа 

бөлемін. 1-3 топ  «Бауырсақ» 

ертегісіне Блум таксономия- 

сының ойлау деңгейлері-

не   сәйкестендіре отырып, 

сұрақтар құрастырады.

2-4 топ  «Мақта қыз» ертегісі-

не Блум таксономиясының 

ойлау деңгейлеріне сәйкес- 

тендіре отырып, сұрақтар 

құрастырады.

Мұғалімдер топтық жұмыс 

жасайды. Сұрақтар құрасты-

рады.

5 мин.

«Галлереяны шарлау» әдісі 

бойынша  бір топ, екінші 

топқа  барып  құрастырған 

сұрақ үлгілерімен танысула-

рын сұраймын.

«Галлереяны шарлау» әдісі 

бойынша  бір топ, екінші 

топқа  барып  құрастырған 

сұрақ үлгілерімен танысады.

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі 

бойынша  бір-бірін форма-

тивті бағалайды. 


13

10 мин.

Топтар бір –бірінің  тапсыр-

маларымен алмасып, тапсыр-

маларды орындады.

Рөлдік ойындар көрсетті.

5 мин.

Кері байланыс жасау. Қатысушы тыңдаушыларға сабақ ба-

рысында  сауалнама ұсынады және рефлексиялық ой-пікір-

лерін тыңдау мақсатында  сұхбат жүргізілді.

РЕФлЕКСИЯ:

Осы шеберлік сабағын өткізу барысында  қатысушылар сергіту  сәтіндегі  зият-

керлік ойынға белсене қатысып,  пікірталас  орын алатындығына  көз жеткіздім. Ал, 

оқыту үдерісінде  оқушыларға осындай  жаттығулар жасату олардың болжамдау, 

әлеуметтік қатынасқа түсу, сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытады.

Сұрақтарды  жазып,  оларды  «жабық»  және  «ашық»  сұрақтарға  жіктеуге  өт-

кізілген  жаттығу  арқылы  өздерінің  сабақтарында  «жабық»  сұрақтарды  қанша-

лықты  көбірек  қолданатындарына  көз  жеткізеді.  «Сұрақтар  қоюдың»  әдістері 

туралы  теориялық  білімдер  ұсыну  оларға  пайдалы  болады.  Топтар  алынған  

теориялық  білімдерін  өз  сабақтарында  сұрақтар  мен  тапсырмаларды  «Блум  

таксономиясына» сәйкестендіріп құру кезінде пайдалана алады. Ал сабақта сұрақ 

қоюдың түрлі әдіс-тәсілдерін қолдану оқушылардың ойлау дағдыларын дамытуда 

өте тиімді болады деп есептеймін. Шеберлік сабағы  барысында бір топ екінші 

топтың  жұмысын  бағалай  отырып  «қалыптастырушы  бағалаудың»  бір  әдісімен 

танысты. Осындай шеберлік сабағында тыңдаушыларды қалыптастырушы баға-

лау  түрлерімен  таныстырып  отыру  маңызды.  Өйткені,  қалыптастырушы  баға-

лау оқушының өзін-өзі реттеуіне ықпал етеді, оқуға ынтасын арттырады. Оқыту 

үдерісінде қолдану арқылы оқушының оқуын жақсартуға тиімді. Сонымен бірге, 

осы шеберлік сабағынан алған  білімдері мұғалімдердің тәжірибелерін өзгертуге 

ықпалын тигізеді деп ойлаймын. 

Оқытуда  сұрақтар  қою арқылы оқушының  айтылым және тыңдалым дағды-

лары  жақсарады. Мұғалімдер ойлау дағдыларына  қарай оқушыларға  деңгейлік 

тапсырмаларды қалай құрастыруға болатыны туралы пайымдап, өзіндік ойларын 

тұжырымдай алады деген сенімім бар.



1­қосымша

Шеберлік сабағында әріптестерден  алынған сауалнама  нәтижелері

Сауалнама сұрақтары

Ия 

Жоқ 

Сізге шеберлік сабақтарының мақсаттары түсінікті болды ма? 



18

0

Бұл  мақсаттар Сіздің қажеттіліктеріңізге сәйкес келе ме?



18

0

Сізге сұрақ қою тәсілі ұсынылды ма?



18

0

Шеберлік сабағынан тәжірибеңізге қажетті нәрсе үйрене алдыңыз 

ба?

18

0

Шеберлік сабағы барысында  сіздің қызығушылығыңыз артты ма?



18

0

14

Шеберлік сабағына қатысқан мұғалімдердің пікірлері

Не 


үйренді?

•  Сын тұрғысынан ойлау дағдысын қалыптастыруға тиімді әдіс;

•  Сұрақтар мен тапсырмаларды «Блум таксономиясына» сәйкес 

құрастыруды;

•  Мәтінге қатысты сұрақтар қоя отырып ойлау дағдысын дамытуды;

Не қиын 


болды?

•  Сұрақтар мен тапсырмаларды «Блум таксономиясы» сатыларына 

қарай құрастыру.

•  Сұрақ түрлерін ажырата алу.



15

 

МАхАМБЕтОВА САУлЕ КАБДУШЕВНА

учитель русского языка и литературы  

Назарбаев Интеллектуальной школы  

физико-математического направления 

г. Астана



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет