(Сахнада орындықтар жеңбер түрінде тұрады. Барлық қатысушы оқушылар сол орындықтардың қасында билейді. Реп басталған сәтте 6-8 оқушы ортасында тұрып биледі, қалғандары орындықтарын бір қатарға қойып реттейді. Әрі қарай қоңырау соғылып, балалар бір-бірімен шулап амандаса бастайды) Жігіт 1: Ей, қыздар, жігіттер мүмкін осы биді мектеп бітіргенде билерміз?!
ҚАНАТ: Ей мектебім менің мектебім
Өзіңде 11 жыл көктедім
Аман ба менің сыныбым,
Аман ба біздің парталар?
Аман ба біздің глобус,
Аман ба біздің карталар...?
АЙТГҮЛ: Ақынсымақ Мерқұрманов. Бұл өлеңді жаз бойы ойланып жаздың ба?
САЙРА: Өзі шығарды деисің бе? Біреуден көшіріп алған шығар.
ҚАНАТ: Ерегесті бастайын,
Сөзшең қыздар қайда бар?
Олар біздің сыныпта,
АЙТГҮЛ менен САЙРАлар.
Қалай, қыздар, жігіттер! Бүгін бірінші қыркүйек жақсы оқитындар мейрамы. Оның үстіне оқу жылын керемет көңіл-күймен бастау керек. Ей сендерді қайдам, мен өзім бәріңді қатты сағындым, «даже» Айтгүл мен Сайраны да. Үш ай бойы екеуін көрмей, соғысатын адам жоқ әбден ішім пысты. Оның үстіне мына тазалық секторы Айнұрды да сағынады екенсің. Жаз бойы тырнағымның өскенін тесеріп, подоконниктің шаңын тексеріп мазаңды алатын ешкім жоқ. Ей бірақ сендерге жетпиді. (Бір-бірін құшақтайды.) АЙТГҮЛ: Осы Мерқұрмановпен бірге оқитынымды ойласам мектепке келгім келмейді.
САЙРА: Осы бөспені былтыр көшірмей тастау керек еді.
ҚАНАТ: Бөсер жерде бөсеміз,
Өстіп‑өстіп өсеміз.
Қиналып бес алмай-ақ,
Екімен де Көшеміз!
ҚАЙЫРЖАН: Осы сендердің айтыстарың телесериал сияқты. 10 жылда күніне жаңа сериясын көрем.
Оны қойыңдаршы, мен бір жаңалық айтайын. Керемет жаңалық! Тыңдаңдар! Бүгін таңертең (х3) біздің көрші үйге бір ғажап қыз келді. (Қыз? Қыз ба?) Сыртынан көрсең актрисаларға ұқсайды. Үндістаннан келді-ау деймін. Шашы қап-қара, беті аппақ, фигурасы мынандай (Қолмен көрсетеді). Көздері тура біздің сиырдыкіндей.