ҚАНАТ: Сіз кетіп қалмаңыз (Сценадан орындықтарды алып кетеді). МҰҒАЛІМ: (Айтгүл мен Сайраға) Екеуің бір-біріңе қараңдаршы. Әп-әдемі қызсыңдар. Сабақты да жақсы оқисыңдар. Бірақ мына мінездерің өздеріңе сай емес. Байқайсыңдар ма, қыз балалар ер балаларға қарағанда ерте есейеді ғой. Жандарыңдағы құрбыларыңда барлығында бойжеткенге тән қасиеттер бар. Тек екеуің ғана. Сыпсың сыпсың етіп. 17 жастың өз сұлулығы бар.
САЙРА: Апай сонда былай майысып жүрейік па? (майысып көрсетеді) МҰҒАЛІМ: Қыз болу деген сөз қылымсу деген сөз емес Сайра. Арулы, инабатты болыңдар.
АЙНҰР: Дұрыс айтасыз, апай. Қыз деген нәзік әрі ұқыпты болу керек қой. Өзінің ғана емес, сыныптың да тазалығына қарап дегендей.
МҰҒАЛІМ: Дұрыс айтасың Айнұр. Айнұр сенен бірнарсе сұрайыншы.
АЙНҰР: Иа, сұраңыз апай.
МҰҒАЛІМ: Саған тазалық секторы болған ұнай ма?
АЙНҰР: Әрине. Менің анам тазалық секторы болған. Анамның анасы тазалық секторы болған. Мен қалай тазалық секторы болмаймын.
МҰҒАЛІМ: Жақсы онда, қайта бер.
АЙНҰР: Рахмет, сау болыңыз апай. Қанат, Қанат, менің саған кішкене өтінішім болып тұр.
ҚАНАТ: Сенің кішкенеңді білемін ғой. Жарайды айта бер.
АЙНҰР: Мынаның ішіндегі қағаздарды жинап, гүлдердің ұшын қиып, су құйып, ең соңында журналды мұғалімдер бөлмесіне апарып тастайсың.
ҚАНАТ: Өтінішің кішкентай емес екенін біліп едім. Бірақ жарайды енді бара берші.
АЙНҰР: Рахмет.
ҚАНАТ: Қайыржан, апаймен оңаша қалайын деп едім. Мыналарда қайтпай қойды. Бірдеңесін қылшы енді.
ҚАЙЫРЖАН: Қазір. Айтгүл! Мал келетін уақыт болды, бұзауың еміп қоймасын.
АЙТГҮЛ: Жігіттер, ауылдың оқымаған, қараңғы адамдары емеспіз ғой. Мәдениетті, сыпайы болып сөйлесейік.(Майысып айтады) САЙРА: Жігіттер, қош сау болыңдар! Бізді шығарып салуға зауықтарың соқпай ма? Ай бірақ екеуің әлі жас бала секілдісіңдер.
ҚАЙЫРЖАН: Бұлар қалай қалай майысады ей.