Сценарий: «Қош бол, бастауыш сыныбым»



бет1/4
Дата02.02.2023
өлшемі0,51 Mb.
#64719
түріСценарий
  1   2   3   4
Байланысты:
Сценарий бастауышым балдәуренім (1)


Сценарий: «Қош бол, бастауыш сыныбым»
Маржан: - Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата – аналар, шәкірттер.
Абдурахман: Сегодня особенный день для всех нас
Кәусар: Welcome, dear guests (уелком диә гестс)
Маржан, Абдурахман, Кәусар:
Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз ұстаздар, ата - аналар
Бастауышпен қоштасу тойымызға.
Маржан: «Қош бол, бастауыш сыныбым » атты ертеңгілігімізді ашу үшін мектеп директоры Алуашова Алмагүл апайға сөз кезегін береміз.
Айымнұр: 2018 жыл, 1 – ші қыркүйек. Қолымда гүл, жүрегімде арман, толқып тұрмын,қорқып тұрмын.
Мадияр: 2018 жыл, 1 – ші қыркүйек. Қолымда гүл, жүрегім дүрсілдеп мектеп табалдырығын аттаған едім.
Нұрсезім: 2018 жыл, 1 - ші қыркүйек. Қолымда гүл, жүрегімде қуаныш. Алғаш мектеп табалдырығын аттап, парта деген киелі орынға отырған едік.
Мақсат: - Айнала толған бала, бәріміз кішкентай ғана бала едік. Міне, бақандай төрт жыл өте шықты.
Маржан: - Несін айтамыз? Уақытқа амал бар ма? Алғашқы күн, алғашқы ұстаз, бәрі де есте жаңғырар.
Абдурахман: - Ия, Уақытқа шек жоқ. Дегенмен, мен бүгін дәл алғашқы күндей қобалжулымын. Себебі, менің сүйікті де, сүйкімді Нұргүл апайымызбен қоштасқалы отырмыз.
Кәусар: - Олай болса, неге көңіл көтермеске? Неге өнер көрсетпеске?
Абдурахман: - Өнер демекші бәрінде біз өз апайымыздан үйренген жоқпыз ба?
Оқу да, тоқу да, ән де, би де, тәрбиені де!
Маржан: - Ұстазы жақсының ұстамы жақсы демекші, мына жиналған қауымға сол үйренген, білгенді көрсетсек қалай болар екен?
Абдурахман: - Әрине көрсетеміз. Бүгінгі күн, бүгінгі мереке біздікі емес пе?
Кәусар: Ендеше қызықты да, ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарымызға, ата-аналарымызға өз өнерлерімізді көрсетуге дайынбыз.
Мадияр:
Мектеп, мектеп, мектебім,
Балалық шақ өткенім.
Нұр төгілген көліңнен,
Өсіп шығам өзіңнен.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет