Сәбидің даму күнтізбесі: бала туғаннан 1 жасқа дейін ай сайын не үйренеді



бет1/2
Дата23.09.2023
өлшемі46,05 Kb.
#109900
  1   2

Сәбидің даму күнтізбесі: бала туғаннан 1 жасқа дейін ай сайын не үйренеді

материалға сілтемені көшіру


Балалар шынымен де жылдам өседі. Кеше ғана нәрестені перзентханадан шығарған кезде, бүгінгі күні үйде бір жасар кішкентай адам жүгіріп жүреді деп ешкім ойламайды. Әрине, кез-келген анада бала дұрыс дамып жатыр ма, ол қажетті дағдыларды уақытында игеріп келе ме деген алаңдаушылықтар болады. Соған орай Stan.kz баланың туғаннан бір жылға дейінгі уақытта ай сайын не үйренетіні жайлы сәбидің даму күнтізбесін ұсынады.
Айлар бойы баланың дамуын қадағалап, және оны педиатр, невролог, психологтардың ұсыныстарымен тексеріп отырсаңыз, ештеңені жіберіп алмайсыз және мүмкін ауытқуларды уақытында анықтап, түзете аласыз.
Сәбидің өсу сәттерін есіңізде сақтап қалу үшін баланың дамуын айлар бойынша 1 жылға дейін сипаттап отыратын арнайы блокнот бастаңыз.
Белгілі бір дағдының пайда болу уақытын көрсететін кесте сіз үшін ғана емес, сондай-ақ өсіп келе жатқан балаңыз үшін де болашақта қызықты болады.
Бірінші ай
Жаңа туған нәрестенің өмірінің алғашқы айын бейімделу кезеңі деп те атайды. Бала әдеттегі ортадан, яғни ананың жылы жатырынан тыс жерде өмір сүруді үйренеді. Осы уақытта, сәби:

  • Көп ұйықтайды, тәулігіне шамамен 20 сағат ұйықтайтын болады.

  • Көп тамақтанады.

Бұл кезде ата-ана – балаға қолайлы жағдай жасауы керек. Қатты ыстықтап, суықтап қалмауы тиіс және нәрестені уақытында тамақтандырып, жаялығын да уақытымын ауыстырып тұру қажет.
Әрине, сәбиді қолда көтеріп, онымен сөйлесіп, ән айтып, махаббатқа бөлеу өте маңызды. 
Бір айға қарай, бала ашық түсті ойыншықтарға назар аударып, оларды көзімен және басын айналдыра қадағалай алады. Ал нәрестелер көретін алғашқы түс – қызыл болмақ. 
Ескерту! Бұл кезде мынадай жаттығу өте пайдалы болады: Ашық, қызыл түсті ойыншықты алып баланың бетінен 30 см қашықтықта ұстап, солдан оңға, төменнен жоғарыға қарай жүргізіңіз. Сол кезде бала ойыншықтың қозғалысын қадағалай алады.
Бір ай толғанда бала басын дыбыстарға қарай бұра бастайды. Мұны баланың сол және оң жағына сылдырмақты салдырлатып тексеріп көрсеңіз болады.
Бала бір айлығында төртінші айға толығымен жоқ болып кететін нәрестенің кейбір туа біткен рефлекстерін сақтайды:

  • ему рефлексі (аузына түскен заттарды соруы мүмкін);

  • жүзу (егер сәбиді ішімен суға жатқызса, бала жүзіп жүргендей қозғалыстар жасайды);

  • жармасу (егер алақанына қол тигізсе, онда бала жұдырығымен қысып алады);

  • іздеу рефлексі (егер бетін ұстаса, анасының көкірегін іздейді);

  • рефлекстік қадамдар (баланы қолынан ұстап тұрып, аяғымен жерге қойса, ол жүргісі келетіндей әрекет жасауы мүмкін.

Егер баланы ішімен жатқызса, ол басын шамалы көтеруге тырысады. Осы арқылы ол мойнын, арқасын және иығын жаттықтырады.
Жалпы, физикалық тұрғыда дамыған балалар бір айлығында басын ұстай алады.
Екінші ай
Бала дамуының екінші айы кейде «тірілу айы» деп аталады. Бұл кезде сәби көп ұйықтамайды және 50 минут бойы сергек жүре алады.
Бала екі айға толарда оның көру қабілеті мен естуі жақсарады. Сондай-ақ, нәресте 30 сантиметрден жарты метрге дейінгі заттарға қарай алады. Сәби шамамен 15 минут заттарға немесе басқа да ойыншықтарға қарап тұра алады.

  • Екі айлық кезде балалар басын көтеріп, біраз уақыт тік ұстап тұратын болады.

  • Кейбір нәрестелер бір жағымен арқаға қарай аунауды біле бастайды.

  • Бала өзінің қолына қарап, зерттейді. Ол жұдырығын аузына апарып, соруы мүмкін.

  • Нәрестелік рефлекстер бұрынғыдай сақталады, бірақ аздап жоғала бастайды.

  • Эмоционалдық сала да дами бастайды. Екі айда «тірілу кешені» қалыптасады. Бұл дағды баланың даму кестесінде ерекше орынға ие болады. Себебі, бұл жүйке жүйесінің қалыпты жұмысын растайтын бір жасқа дейінгі маңызды кезеңдердің бірі.

  • Екі ай толғанда бала ата-анасын танып-біліп, оларды көрсе қуанады. Ал сіз төсекке еңкейсеңіз, сәби аяғы мен қолын жылдам қозғап, тыпырши бастайды.

  • Екінші айында балаңыз сізге өзінің алғашқы саналы күлкісін сыйлайды. Егер ол әлі күлімдемесе, алаңдаудың қажеті жоқ. Демек, бұл қуанышты сәт сәл кейінірек болады дегенді білдіреді.

  • Екі ай толғанда бала былдырлай бастайды. Әндеткен дауысты дыбыстарды шығарады, кейде тіпті «агу», «ага», «абу» деп былдырайды. Ал балаларға өздерінің былдырлап сөйлегені ұнайды. Олар оны қуана тыңдайды. 

Сондықтан, баламен жиірек сөйлесіп, оған ән айтуыңыз керек, сонда сәбиіңіздің де сізбен бірге әндеткенін көресіз!


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет