Шайқас алғышарттары



Дата06.01.2022
өлшемі21,17 Kb.
#12147

Орбұлақ шайқасы – қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық соғысындағы алғашқы бетбұрысты оқиғалардың бірі. Бұл шайқас 1643 жылдың жазында Қазақ хандығының қолын басқарған Жәңгір Хан мен жоңғар қолын басқарған Батыр Қонтайшы арасында өтті. Шайқас алғышарттары XVII ғ. 30-жылдарындағы бытыраңқы ойрат тайпалары біртұтас мемлекетке бірігіп, Жоңғар хандығының негізін қалады. Қазақстан мен Орта Азия турасында ойраттар ұстанған сыртқы саясаттың күшейуі қазақ-жоңғар қарым-қатынасын шиеленістіріп, жиі-жиі әскери қақтығыстарға әкеліп соқтырды. Жоңғарларға қарсы күресті Есім ханның ұлы Салқам Жәңгір хан (1629-1680) басқарды. 1635 жылы шайқастардың бірінде Жәңгір хан жеңіліс тауып, тұтқынға түседі. Бірнеше жыл тұтқында болған Жәңгір өзара бітімнен кейін босап, қазақ даласына оралды. Осыдан кейін Жәңгір жоңғарлармен бітіспес жауға айналады. 1640 жылы жоңғарлар қазақ даласын нысана ретінде қарастырған құрылтай өткізеді. 1643 жылы Батыр Қонтайшының өзі бастаған ойрат қолы қазақ даласына қарай қозғалды. Географиялық жағдай Таудың ішінде Жәңгір жағдайды зерттеп, жартылай таныс жерлерде алдағы қимылдың жоспарын жасады. Артта Алтынемел шыңы бар. Қоянды тау шыңының бауырының шығыс жағында Күреңкей тау, Аламантау, Куянатытау, Сарытау, Боңқан таулары созылып жатыр. Көкжеті тауының арғы жағы жоңғарлар. Бұл жер тактикалық жағынан қызықтырады: ұзындығы 200 метрдей екі биік таудың сілеміндегі тар сай, биіктігі 2000-2500 метр теңіз биіктігімен өлшегенде. Батыстан Қоянды тауының шыңдарында Күреңкейдің шығуға қиын шыңдары, Оңтүстік батысында Кача-таудың жоталарында терең сай бар. Ол жерге көп салттыларды орналастыруға болады. Ал оның сол жағындағы жерден қазылған бекіністің тастармен қаланған жерінде қазақтың ерікті жасақшылары орналасқан. Әскерлердің бұл бөлігінің басшылығына Жиембет және Жақсығұл батырларды қойған. Олардың желке жағында төмен түсуге болатын жер және бірнеше жүз ат орналасуға болатын сай бар. Одан таудың етегімен келе жатқан жоңғарларға шұңқырда отырған қазақ жауынгерлері де, олардың аттары да көрінбейді. Мұның барлығын осы жерлерді көзбен бір шолып өткенде байқауға болады. Шайқас нәтижесі мен тарихи маңызы Тактикалық әдіс түрінде Орбұлақ шайқасы күштерді біріктіре білгендікті көрсетті. Қазақ хандығының әскери өнерінің тарихында тұңғыш рет оқпана қазып соғысу тәсілі қолданылды. Қазақ шежірелерінде және халық аңыздарында соғыс жоңғар Алатауында, Орбұлақ деген жерде болған. Бұл шайқас қазақ халқының тарихында басқа да ірі оқиғалармен бірдей орын алды. Жәңгір «Салқам» (айбатты) деген құрметті атқа ие болды. Бұл соғыс ойрат қоғамына өз әсерін тигізді. Олардың өзара қырқысын бастауға әкеліп соқты. Ескі феодалдар арасындағы өзара қайшылықтары жарыққа шықты. Жәңгір хан бірегей қолбасшы, әрі епті стратег екенін дәлелдеді. Ол оқиға болып жатқан кезде не істеу керектігін тез ұға білді. Шешуші кезеңде жауынгерлерді жігерлендіріп өзінің тікелей соғысқа қатынасуымен шешіп кетіп отырды. Осы ерекшеліктерімен Орбұлақ шайқасында көзге түсті. Қазақ жауынгерлері өздерінің ерліктерімен, өздерінің жан аямайтындықтарымен өз жерінің тәуелсіздігін және халықтың бостандығын қорғай алатындығын дәлелдеді. Шайқас қазақ халқының тарихындағы аса ірі жеңістердің бірі әрі бірегейі болды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет