«Сейфуллин оқулары– 13: дәстүрлерді сақтай отырып, болашақты құру»



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата14.09.2023
өлшемі273,08 Kb.
#107772
  1   2   3


С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің 60 жылдығына арналған 
«Сейфуллин оқулары– 13: дәстүрлерді сақтай отырып, болашақты құру»
атты 
Республикалық ғылыми-теориялық конференциясының 
материалдары = Материалы
Республиканской научно-теоретической конференции 
«Сейфуллинские чтения – 13: сохраняя 
традиции, создавая будущее»
, посвященная 60-летию Казахского агротехнического университета 
имени С.Сейфуллина. 
-
2017. - Т.І, Ч.6. -
С.3-7 
МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА ОҚУШЫНЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУ 
ҚАБІЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ КЕЙБІР ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЕСКЕРУ ТУРАЛЫ 
Мүсілімов Б.
- ф.-м.ғ.к.,
Баулыбаева Б.
 -магистр,
Мұсабекова З.Е.
 -магистр 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ. 
ХХІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты тұлғасын 
қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі Ел Президенті Н.Назарбаевтың 
және мемлекетіміздің басты назарында. Білім мен ғылымның Қазақстан дамуына 
оңтайлы әсер етуі үшін дүниежүзілік кеңістігіне ену, білім беруді одан әрі 
жаңашылдандыру, оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті 
туындап, білімге, бүкіл оқу әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Осы 
тұрғыдан алғанда мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру, таңдай білу 
еркіндігі тиіп отыр.
Қай кезеңде, қай заманда болмасын мектептегі басты тұлға мұғалім десек, 
дүниежүзілік даму деңгейінен кем түспейтін, иық тірестіре алатын, алған білімі 
мен тәрбиелік қазынасын туған еліне, адамзат игілігіне жұмсай алатын қазақтың ой 
танымының иесі, саналы азаматты жетілдіруге үлес қосатын математика пәнін 
оқыту үдерісімен қатар оны ұйымдастырушы мұғалімге де жауапты міндет 
жүктейтіні баршамызға аян. 
Сондықтан қазіргі кезеңде білім берудегі негізгі мақсат жан-жақты білімді, 
өмір сүруге бейім, өзіндік талғамы бар, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастырумен 
қатар уақыт талабына сай оқыту үдерісін де жетілдіріп отыруға назар аударуымыз 
қажет.
Сабақ сапасы мен оқушы білімділігін арттыру – әр мұғалімнің басты міндеті.
Қазіргі таңда қоғамды дамыту үшін мектептің алдында тұрған негізгі 
міндеттердің бірі – оқушылардың шығармашылық қабілетін барынша ашып, 
толыққанды қоғам құруға өзінің бар мүмкіндігін жұмсайтын шығармашылық 
қабілетті жеке тұлға қалыптастыру. Сондықтан математиканы оқытуда оқушыларға 
оқу материалын есте сақтау ғана емес, осы материалды шығармашылықпен 
қолдану шеберлігін қалыптастыруға жете назар аударуға тиіспіз. Өйткені, 
математика басқа пәндерді саналы және сапалы меңгерудің, басқа ғылым 
салаларының терең дамыуының локомативы іспеттес. Математикадан хабары бар 
оқушы міндетті түрде жақсы оқитын оқушылар қатарында болады. 
Кезінде Ұлы ғалым Галилей былай айтқан екен: «Ғаламдағының барлығы 
математика заңдарына бағындырылған». Шындығында да, математика бізге 
Ғаламның көптеген құпияларын ашуға көмектесіп, ол өз кезегінде өркениеттің 
дамуына септігін тигізуде. Біздің әлем туралы түсінігіміздің қалай өзгеру 
шамасына қарай ғалымдар, мамандар математикада жаңа бағыттарды ашуда. 
Математика барған сайын салалары көп анағұрлым ықпалды ғылымға айналуда. 


Бүгінгі таңда математика заңдары әлеміміздің жай құмар және карта ойындары мен 
ауа райынан бастап, өнер, тарих, әдебиет және философияға дейінгі әрбір 
ғылымның терең қырларын түсінуімізге көмектеседі. Сондықтан болашақтың кез 
келген саладағы жас маманы математиканы ең болмағанда мектеп математикасы 
деңгейінде сапалы меңгеруі тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет