Сейсенбі Вторник 13 мамыр мая 2014 жыл года аудан əкімдігінде



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата06.03.2017
өлшемі1,8 Mb.
#7825
  1   2   3

47-48 (5282)

Сейсенбі

Вторник

13

мамыр

мая

2014

жыл

года

АУДАН ƏКІМДІГІНДЕ

Жер бетіндегі барша адам баласын 

қатты алаңдатқан өткен ғасыр ең қайғылы 

оқиға  ретінде  тарихқа  кірген.  Соның 

бірі – әлемді  дүр  сілкіндірген  екінші 

дүниежүзілік  соғыстың  аяқталғанына 

69 жыл толып отыр.

Отан үшін от кешіп, ұлы сүргіннің 

қақ ортасында болған, соғыстың барлық 

қасірет-қайғысы  мен  қорқынышын 

көзбен көріп, бастан кешкен батыр ата-

апаларымыздың  ерен  еңбегі  ешқашан 

ұмытылмақ емес.

Ұлы  Отан  соғысына  Қазақстаннан 

1  млн 700 мыңнан  астам  жауынгер 

қатысса,  олардың  басым  көпшілігі 

ұрыс  даласында  қаза  тапты.  Аман 

қайтқандарының  қатары  да  бүгінде 

барынша  сиреді.  Сондай  ардагердің 

бірі, Аса ауылында тұратын Састай ата 

Көркембаевтың үйіне аудан әкімі Рүстем 

Дәулет  Жеңіс  күнінде  арнайы  жағдай 

сұрай келіп, сый-құрмет көрсетті.

Рүстем  Рысбайұлы  жасы  тоқсанға 

келген  Састай  атаға  саулық  тілеп, 

келер  жылы  да 9 мамырда  кездесіп, 

бір  дастархан  басында  бас  қосуға  ниет 

білдірді.

«Батаменен ел көгереді, 

Жаңбырменен  жер  көгереді»  деген, 

Састай ата өз кезегінде келген қонақтарға 

алғысын айтып, батасын берді.

Кеудесін оққа төсеп, сол бір зұлмат 

заманда толарсақтан саз кешкен, майдан 

даласында Отанын қорғаған бабалардың 

ерлік  істері  өткеннен  өнеге,  келешекке 

ұран болары анық.

*          *          *

А у д а н   б а с ш ы с ы   м ен   со ғ ы с 

ардагерінің  жүздесу  сәтінде  ата 

шаңырағына  тап  осындай  құрметпен 

Амангелді  мұнай  өңдеу  зауытының 

басшылары  арнайы  келіп,  сыйлығын 

тарту етті.



Мақсат ЖҰМАБАЕВ.

Аудан  әкімінің  кіші  мәжіліс  залында  «Қазақстан 

Республикасындағы  тіл  туралы»  Заңы  аясында  ономастика 

жұмысының  критерийлері  және  мемлекеттік  тілдің  қолданылу 

шеңберінде  атқарылған  және  атқарылатын  жұмыстар  жайы 

қозғалған жиналыс болып өтті. 

Жиналысты жүргізген аудан әкімі Рүстем Дәулет мемлекеттік 

тілдің  маңыздылығына  тоқталып,  күн  тәртібіне  қойылған 

мәселелерді түсіндіру үшін сөзді Жамбыл облысы әкімдігі тілдерді 

дамыту басқармасының басшысы Үртай Сапақоваға берген. 

Облысымыздың  бас  тіл  маманы  құқықтық  сауаттылықты 

арттыруға  бағытталған  заңнама  тармақтарында  көрсетілген 

талаптарға  сәйкес  болған  жағдайда  ғана  атау  беру  және  оның 

атын өзгертудің жүзеге асуын, объектілерге атау беру, қайта атау 

кезінде  қажетті  құжаттар  тізімін  жасау  керектігін, «Қазақстан 

Республикасындағы  ұйымдарды,  темір  жол  станцияларын, 

әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектілерді атау 

мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын 

өзгертудің тәртібі туралы» ҚР Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы 

және 2014 жылғы 14 ақпандағы қаулыларын жүзеге асыру басты 

міндет екенін айтып, ойын тұжырымдады. Сондай-ақ күн тәртібіне 

қойылған мәселе туралы облыстық тілдерді дамыту басқармасының 

ономастика  және  терминология,  көрнекі  ақпараттармен  жұмыс 

бөлімінің меңгерушісі Самат Төрегелдиев ономастика мәселесін 

кеңінен қозғады. 

Дүйсенбек ОРМАНОВ.

Жастық – ол ізденістің 

бастауы, осы жаста 

ғана адам өзінің 

күшіне сеніп, тауды да 

қопарып тастайтындай 

болып көрінеді, 

барлық істе – спортта, 

саясатта, бизнесте 

болсын көшбасшылық 

танытады.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы 

Н а з а р б а е в   « Б о л а ш а қ т ы ң 

і р г е с і н   б і р г е   қ а л а й м ы з ! » 

атты  елге  Жолдауында  атап 

көрсеткендей,  болашағы  зор 

айбынды  Қазақстанның  сенім 

артар азаматтары – асқақ рухты 

жастар  десек  қателеспейміз. 

Білімді  де  білікті  жастар – 

еліміздің  ертеңі.  Сондықтан 

еліміздің  барлық  аймағында 

жастар  тәрбиесімен  кешенді 

жұмыс жүргізілуде.

Міне,  осындай  мақсатта 

жуырда  Жастар  орталығында 

аудан  әкімдігі  ішкі  саясат 

бөлімінің  ұйымдастыруымен 

«Жас дарын-2014» байқауы өтті. 

Жастар арасында көшбасшылық 

қабілетті,  дарынды  жастарды 

анықтау,  үміткерлердің  жеке 

шығармашылығына  қолдау 

көрсету,  олардың  кадрлық 

резервін  жасақтау  аясында 

өткізілген  шараға  әр  ауылдық 

округтен 16-29 жас аралығындағы 

13 үміткер қатысты.

«Таныстыру», «Мәнерлеп 

оқу», «Сөз  шеберлігі», «Өнер, 

актерлік шеберлік» және «Сұрақ-

жауап»  шарттары  бойынша 

қ а т ы су ш ы л а р   б і л і м і   м ен 

біліктілігін сынап көрді.

Бұл байқаудың бір ерекшелігі, 

қатысушылар  салт-дәстүрімізді 

көздің  қарашығындай  бағып 

жүргені  және  өнердің  өрін 

іздеген құлшынысымен сайысты 

қызықтырып  әрі  байқаудың 

б а б ы н   к е л т і р д і .   М ә с е лен, 

Ю.Гагарин  атындағы  орта 

мектептің  оқушысы  Ақгүл 

А й д а р б е к о в а н ы ң   « Ж е т і м 

қыздың хаты» көрінісін сомдауы 

көрермендерді  елжіретпей 

қоймады. «Үлгіге  қарап  ұрпақ 

өседі»  демекші,  қолымыздан 

қайрат, санамыздан ақыл кетпесе, 

жақсылыққа жетеріміз хақ.

Байқау  соңында  қазылар 

алқасының  шешімімен  бас 

жүлдені  Шайдана  ауылдық 

округінен  Тәжібай  Жұмаділдә 

жеңіп алды. І орынды Аса ауылдық 

округінен  Ақгүл  Айдарбекова 

иеленсе,  ІІ  орын  Ақбастау 

ауылдық округінен келген Айбек 

Қадралиевқа  бұйырып,  ал  ІІІ 

орынды  Шайқорық  ауылдық 

округінің  үміткері  Меруерт 

Маккам  мен  асалық  Мөлдір 

Әбдіжамит иеленді.

Қорытындысында  аудан 

әкімдігі  ішкі  саясат  бөлімінің 

басшысы  Жеңіс  Сариев  сөз 

алып, жеңімпаздарды құттықтап, 

сыйлықтарын табыстады.



Мақсат ЖҰМАБАЕВ.

ҚҰРМЕТ

МАЙДАНГЕР ҮЙІНДЕГІ ЖҮЗДЕСУ



ЖАС ДАРЫН-2014

ЖАСТАР САЙЫСҚА ТҮСТІ

Ел  басына  күн  туғанда  етігімен  қан  кешкен  ерлердің 

ерлігі еш ұмытылмайды. Жеңіс күні сан ұрпақ санасында 

өшпес  рух  болып  мәңгі  жаңғырады.  Жас  өскелеңнің 

жүрегіне намыс отын лаулатып, бейбітшіліктің ақ таңын 

сыйлаған  майдангерлерге  мың  алғыс.  Миллиондар  жан 

берген, миллиондардың қаны, тері, жасы төгілген сұмдық 

соғыстың  аяқталғанына – 69 жыл. 9 мамыр – Жеңіс  туы 

желбіреп, адамзат тарихында ұлы қырғын аяқталған күн. 

Бұл соғыс әр шаңыраққа, әр мемлекетке орны толмас орасан 

зор қасірет алып келді. Аққан қан, шыққан жан, төгілген 

тер,  аңыраған  ана,  шырқыраған  бала  зұлмат  жылдардың 

дәл  суретін  көргенде,  жүрегің  сезінгенде  қазақтың  қилы 

тағдырды бастан өткергендігін аңғаруға болатындай. 

Тарихи  деректер  бойынша  Қазақстаннан  сұрапыл 

соғысқа 1 млн 700 мың  адам  барып,  оның  тең  жарымы 

майдан даласында жер жастанған. Мыңдаған адам тылда 

тер төгіп, бәрі де майдан, бәрі де жеңіс үшін еңбек етті. 

Екінші  дүниежүзілік  соғысқа  Жамбыл  ауданынан 2 

мыңға  жуық  сарбаз  аттанып,  соның  небәрі 459-ы  туған 

жеріне  жеңіспен  оралса,  бұл  күнде  көзі  тірі  ардагер 

аталарымыздың саны төртеу ғана. Жыл санап қатары сиреп 

бара  жатқан  қарт  майдангерлерге  деген  құрмет 9 мамыр 

күні ұйымдастырылған мерекеде ерекше көрініс тапты. 

Қастерлі  күнге  құрмет  соғыстың  ауыр  кезеңінде 

«Ленинградтық өренім» өлеңімен барша кеңес сарбаздарына, 

бүкіл кеңес халқына күш-қуат берген жыр алыбы Жамбыл 

Жабаевтың ескерткішіне гүл қою рәсімінен бастау алды. 

Қаскүнем дұшпанды өз ошағында тұншықтырып, жеңіс 

туын желбіретіп елге оралған майдангер, бүгінгі ардагер 

аталарымыздың санасындағы ең қастерлі ұғым – Отан үшін 

қан майданда қаза болғандардың рухына тағзым ету болса, 

оларға  құрмет  көрсету  кейінгі  ұрпақтың  ортақ  парызы 

екендігін ұғынған аудан тұрғындары бұдан кейін Мәдениет 

үйіне беттеді. Сол маңдағы «Белгісіз солдат» ескерткішінің 

алдында аудан әкімі Рүстем Дәулет пен аудандық ардагерлер 

кеңесінің  төрағасы  Келгенбай  Шалқаров  бастаған  топ 

майдангерлер  рухына  тағзым  етіп,  гүл  шоқтарын  қойды 

(суретте). Гүл қою рәсімінен кейін жиналған қауым Ұлы 

Отан  соғысында  жас  жанын  қиып,  арманда  кеткен  атпал 

азаматтарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Отан қорғау 

жолында қаза болған жауынгерлердің құрметіне мерекелік 

салют атылды. 

Мерекелік  салтанат  үстінде  Рүстем  Рысбайұлы  Ұлы 

Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін, аудан 

халқын  Жеңістің 69 жылдық  мерекесімен  құттықтап, 

ұрпақтарына  бейбіт  өмір  сыйлаған  ардагерлерге  зор 

денсаулық, ұзақ өмір тіледі. 

Салтанатты  шара  соңы  аудандық  Мәдениет  үйінде 

ұласып,  соғыс  жайында  театрландырылған  қойылым 

көрсетіліп,  облыстық  ардагерлер  кеңесі  жанындағы 

«Ардагерлер»  ансамблі  мен  аудандық  Мәдениет  үйінің 

өнерпаздары  әннен  шашу  шашып,  көрермен  қауымға 

қуаныш сыйлады. 



Нұрасыл СҰЛТАНБАЕВ.

АНА ТІЛІМ – ТАҒДЫРЫМ

ТАҒЗЫМ

ШЫРАЄЫ МƏЅГІ СҐНБЕЙДІ



2

13 мамыр 2014 жыл №47-48

ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ

«Ата-бабамыздан  асыл  мұра 

ретінде қалған ана тілімізді биіктен 

көрсету – ең маңызды да, қиын әрі 

қасиетті  нәрсе».  Осы  қағиданы 

ұстанған  аудан  мектептеріндегі 

қазақ  тілі  және  әдебиеті  пәнінің 

мұғалімдері  Жамбыл  облысы 

әкімдігі  білім  басқармасы  оқу-

әдістемелік кабинетінің мамандары 

ұйымдастырған  семинарда  бас 

қ ос т ы .   С е м и н а р   « Қ а з а қ   т і л і 

сабақтарында  лексикологияны 

оқыту  әдістемесі»  тақырыбында 

ө р б і г ен.   С е м и н а р ды ң  не г і з г і 

мақсаты білім беру үрдісін жақсарту 

бойынша  әдістемелік  көмек  бере 

отырып,  пән  мұғалімдерінің 

ш ы ғ а р м а ш ы л ы қ   к ә с і б и 

құзыреттілік  деңгейін  арттыру 

болса, бұл мақсат орындалды деуге 

негіз бар.

Жамбыл  облысы  әкімдігі 

білім  басқармасы  оқу-әдістемелік 

к а б и не т і н і ң   қ а з а қ   т і л і   м ен 

әдебиеті  пәні  бойынша  әдіскері 

Ләйлә  Бекназарова  ана  тілінің 

құдіреттілігіне  тоқталып,  оның 

өміршеңдігін  сөз  етті.  Сондай-

а қ ,   с е м и н а р ды ң   т ео р и я л ы қ 

бөлімінде  Ләйлә  Қалыққызы 

«Қазақ  тілі  сабағында  лексикалық 

материалдарды  оқытудың  амал-

тәсілдерін» баян етсе, А.Макаренко 

атындағы  орта  мектептің  мұғалімі 

М а й р а   П а не е в а   « Қ а з а қ   т і л і 

сабағында  оқушыларға  лексиканы 

оқытуда қолданылатын тиімді әдіс-

тәсілдер» төңірегінде сөз қозғады.

Тәжірибелік  сабақ  аясында 

Ю.Гагарин атындағы орта мектептің 

мұғалімі  Дилдаим  Танаева  «Сөз 

қолданудың  негізгі  принциптерін» 

8-сынып оқушыларына, Шайқорық 

о р т а   м е к т е б і н і ң   м ұ ғ а л і м і 

Құралай  Құрманова  «Лексикадан 

ө т к ен д і   қ а й т а л а у »   б ой ы н ш а 

5-ші  сыныптықтарға,  Б.Бесбаев 

атындағы  орта  мектептің  мұғалімі 

Зухра Үсенбаева «Сөз дұрыстығын» 

10-сынып оқушыларына, Т.Тоқтаров 

атындағы  орта  мектептің  мұғалімі 

Эльмира  Боранбаева  «Көркем 

әдебиет стиліне тән ерекшеліктер» 

туралы 9-сыныптықтарға  жан-

жақты түсіндіріп берді.

Панорамалық  сабақ  кезінде 

Б.Кейкиев атындағы орта мектептің 

ұстазы Айгүл Мұсабекова «Лексика 

тарауы  бойынша  жүргізілетін 

жаттығулар  жұмысы»  жайында, 

А й ш а б и б і   о р т а   м е к т е б і н і ң 

мұғалімі  Гауһар  Сабыралиева 

«Лексикология  саласы  бойынша 

деңгейлік тапсырмалардың түрлері» 

туралы әңгіме қозғады. Шайқорық 

орта  мектебінің  мұғалімі  Алма 

Ермекова «Қазақ тілі сабақтарында 

лексикологияны  оқытудың  жаңа 

тәсілдері» бойынша өз ойын ортаға 

салды. 

Асыл  мұрамыз  дәріптелген 



семинардың  соңында  облыстық 

оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері 

Ләйлә Бекназарова қатысушыларға 

сертификат  беріп,  аудан  әкімдігі 

білім  бөлімінің  әдіскері  Лаура 

З а р п у л о в а ғ а   о б л ы с ы м ы з ды ң 

б а с   п е д а г о г ы   С ұ л у ш а ш 

Құрманбекованың  атынан  Құрмет 

грамотасын табыстады.

Дүйсенбек ОРМАНОВ.

С у р е т т е р д е :   о б л ы с т ы қ 

семинардан көріністер.  

Жеке  тұрғын  үйлерде  өрт  қауіпсіздігін  сақтау – 

әр  азаматтың  борышы.  Күнделікті  күйбең  тірлікпен 

жүріп  балаларды  қараусыз  қалдыру  үлкен  қателік 

екенін естен шығармаған жөн. Жуырда Бірлесу-Еңбек 

ауылында тұрғын үй ауласында жиналған мал азығы, 

түктелген шөп отқа оранды. Өрт жасөспірім баланың 

сіріңкемен  ойнауынан  орын  алған.  Аулада  жиналған 

шөп,  отын,  тал  қалдықтары  және  қосымша  құрылыс 

заттары балалар жаққан жалғыз сіріңке шиінен өртенуі 

мүмкін. Сондықтан үйде үлкен адамдардың қарауынсыз 

қалған бала өз билігін жүргізетіні айтпаса да түсінікті. 

Бүлдіршіннің  тентектігінен  тұтанған  тілсіз  жаудың 

арты  қайғылы  жағдайға  әкеп  соқтырады.  Сондықтан 

да  өрт  қауіпсіздігіне  жол  бермей,  алдын  алған  абзал. 

Өйткені  баланың  аты – бала.  Яғни,  қызыл  жалынды 

ауыздықтаудың  алғышарты  ата-ана  ойын  баласына 

күнделікті түсіндіріп отыруы керек және отпен ойнауға 

жол бермеу қажет.

Е. ИСАБАЕВ,

Жамбыл ауданының ТЖБ инженері, 

өртке қарсы қызмет капитаны. 

ХАБАРЛАНДЫРУ

Ж а м б ы л   а у д а н ы   ә к і м і н і ң 

а п п а р а т ы   Ж а м б ы л   а у д а н ы 

б о й ы н ш а   1 9   б о с   ә к і м ш і л і к 

лауазымдарға  орналасуға  конкурс 

ж а р и я л а н ғ а н д ы ғ ы   т у р а л ы 

хабарландырулар облыстық «Ақ жол» 

газетінің 2014 жылғы 6 мамырдағы 

№65-67 (17922-17924) және  «Знамя 

труда»  газетінің 2014 жылғы 6 

мамырдағы №48 (17921) сандарында 

жарияланғанын хабарлайды.

ОБЪЯВЛЕНИЕ

Аппарат  акима  Жамбылского 

района  сообщает  об  объявлениях  по 

проведению  конкурсов  на  занятие 

19  вакантных  административных 

г ос у д а р с т в ен н ы х   д о л ж н ос т ей 

в   Ж а м б ы л с к о м   р а й о н е , 

опубликованных в областных газетах 

«Ақ жол» от 6 мая 2014 года №65-67 

(17922-17924)  и  «Знамя  труда»  №48 

(17921) от 6 мая 2014 года.

Қазақстан  Республикасы  Президентінің  жүлдесі 

үшін  «Қазақстан  барысы»  республикалық  турнирінің 

аудандық  іріктеу  жарысы  Гагарин  атындағы  орта 

мектептің спорт залында өтіп, онда аудан әкімі Рүстем 

Дәулет балуандарға сәттілік тіледі. 

6 салмақ дәрежесі бойынша 82 балуан белдесті және 

15 жігіт «түйе балуан» сайысына қатысып, күш сынасты. 

Нәтижесінде,  ауданның  «Қазақстан  барысы»  атанған 

өрнектік Жасұлан Әбішов пен барлық қарсыластарының 

жауырын  жерге  тигізген  асалық  Қанат  Күзенбаев, 

бесағаштық балуандар Дәулет Пахридинов пен Дамир 

Хабибуллаевтың мерейі үстем болды. 

Салмақ  дәрежесі  бойынша  жеңімпаз  және 

жүлдегерлер  тиісті  дипломдармен  марапатталып, 

мойындарына алқа тағынды. Ал, «түйе балуан» атанған 

Жасұлан  Әбішов  пен  Дәулет  Пахридинов  облыстық 

іріктеу  ойынына  қатысып,  аудан  намысын  қорғап 

қайтты.

П. ЛЕСИН.

«Аса маңызды міндет – 

сыбайлас жемқорлыққа 

қарсы жаңа стратегияны 

қалыптастыру жəне іске 

асыруды жалғастыру», – 

деді Мемлекет басшысы 

Нұрсұлтан Назарбаев 

«Қазақстан жолы-

2050: бір мақсат, бір 

мүдде, бір болашақ» 

атты биылғы Қазақстан 

халқына Жолдауында. 

Айта кетерлік жəйт, 

Елбасы осы Жолдауында 

мемлекеттік 

қызметшілердің қандай 

болуы керектігін 

айқындап берді.

Ал,  мемлекеттік  қызметшілер 

сыбайлас жемқорлықпен қалай күресуі 

керек?  Әрине,  бұл  жерде  әңгіме 

жемқорлық  көріністеріне  ұрынған 

адамдарды  құрықтап,  жазалау 

жөнінде  болып  отырған  жоқ.  Бұл 

жердегі  негізгі  мәселе – кез  келген 

мемлекеттік  органдағы  мемлекеттік 

қызметшінің сыбайлас жемқорлыққа 

қатысты  құқық  бұзушылықтар 

мен  қылмыстың  алдын  алуы  үшін 

жасайтын іс-әрекеттері. Осы орайда ең 

алдымен мемлекеттік қызметшілердің 

этикасына  жүгінуіміз  керек.  Этика 

дегеніміздің  өзі – әр  адамның  ішкі 

әдебі.  Яғни,  кез  келген  мемлекеттік 

қызметші жемқорлыққа ұрынбас үшін 

өзінің ішкі әдебіне сүйенуі тиіс.

Екіншіден, қоғам, халық, мемлекет 

алдындағы  зор  жауапкершілік. 

Мәселен, 2012 жылы  «Мемлекеттік 

қызмет  туралы  заңға  өзгерістер 

мен  толықтырулар  енгізу  туралы» 

жаңа  заң  қабылданды.  Сол  заңда 

сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға 

бағытталған бірнеше нормалар көрініс 

тапты. Мысалы, мемлекеттік органның 

басшылығы  жемқорлық  жөніндегі 

кез  келген  ақпаратқа  дер  кезінде 

назар  аударуға  міндетті.  Жалпы, 

жемқорлыққа  жататын  бір  айғақты 

көрген адамның ойында: «Хабарлайын 

ба?» және «Хабарламайын ба?» деген 

екі түрлі сұрақ тұрады. Себебі, біздің 

діліміз  сондай.  Кей-кейде  Қаржы 

полициясының  «Жемқорлық  фактісі 

бойынша  бізге  хабарласыңыздар, 

сыйақы аласыздар» дегеніне де назар 

аударатындар  жоқ  емес  екендігі 

анық,  оны  дұрыс  түсіну  қажет.  Ал 

енді мемлекеттік қызметшінің негізгі 

міндеттерінің  бірі – өздеріне  мәлім 

болған  сыбайлас  жемқорлық  құқық 

бұзушылық  жағдайы  туралы  өзі 

жұмыс  істейтін  мемлекеттік  орган 

басшылығына  немесе  құқық  қорғау 

органдарына дереу хабарлау екендігі.

Үшіншіден,  әр  адамның  ар-

абыройы,  жеке  басының  намысы 

бірінші  орында  тұруы  қажет. 

Үлкен  адамдар  бүгінгі  жастардың 

әдебі  бөлек  екендігін  жиі  айтады. 

Яғни,  жастар  жұмысқа  тұра  сала 

көбірек  табыс  тауып,  қызметінде 

тезірек  өскісі  келеді.  Алайда,  бұл 

ұстанымнан  маңыздырақ  нәрселер 

бар  екенін  естен  шығармауымыз 

керек, яғни, ол – адамның ар-намысы. 

Мінеки,  мемлекеттік  қызметшілер 

де  жемқорлыққа  қызықтыратын 

сәттердің бәрінде бірінші орынға осы 

ар-намысты қойғаны абзал.  

О й - п і к і р і м д і   қ о р ы т а   к е ле 

айтарым,  қоғамның  жегі  құртына 

айналған  сыбайлас  жемқорлықтың 

мемлекетке  тигізетін  зияны  туралы 

барлық  мемлекеттік  органдар  мен 

лауазымды  адамдар  өз  құзыреті 

шегінде  түсіндіруге  және  онымен 

күрес  жүргізуге  міндетті  екенімізді 

ұмытпағанымыз жөн.        



Е. ЖОЛБАЙ,  

Жамбыл ауданы әкімі 

аппараты мемлекеттік-құқықтық 

жұмыс бөлімшесінің басшысы, 

аудандық сыбайлас жемқорлыққа 

қарсы күрес жөніндегі комиссия 

мүшесі.                                                   

Аудан  әкімінің  орынбасары 

Ү.Найманованың  төрағалығымен 

өткен  аудан  әкімдігі  жанындағы 

кәмелетке  толмағандардың  істері 

және олардың құқықтарын қорғау 

жөніндегі  комиссия  отырысында 

қиын  оқушылардың  бос  уақытын 

тиімді  өткізуді  ұйымдастыру, 

оларды  спорттық  секцияларға 

тарту  және  кәмелеттік  жасқа 

толмаған оқушыларды үйірмелерге 

қатыстыру,  сондай-ақ  Қ.Сартбаев 

атындағы  орта  мектепте 5 сәуір 

күні  болған  келеңсіз  жағдай 

қаралды. Бұл мәселе бойынша аудан 

әкімдігі білім бөлімінің бас маманы 

Ә.Омарова  баяндама  жасап,  қиын 

оқушылардың бос уақытын тиімді 

өткізу  өз  деңгейінде  жүргізіліп 

жатқанын,  қазіргі  таңда  аудан 

мектептерінен аудандық ішкі істер 

бөліміне 18 оқушы тіркелгенін, бұл 

тіркелген  оқушылардың  барлығы 

лагерь жасынан асып кеткенін, оның 

үшеуі  мектеп  бітірушілер  болса, 

екі  оқушы  мемлекеттік  емтихан 

тапсыратынын,  біреуі  ҰБТ-ға 

қатысатынын, 10 оқушыны мектеп 

жанындағы  еңбек  лагеріндегі 

құрылыс-жөндеу  топтарына, 5 

оқушыны  көгеріштендіру  тобына 

тарту  жоспарланып  отырғанын 

тілге тиек етті. 

– Бұл күнде 18 оқушының 9-ы 

баскетбол  үйірмесіне, 2 оқушы 

күрес секциясына, 2 оқушы сурет 

үйірмесіне, 1 оқушы биология пәні 

бойынша  факультативтік  сабаққа 

қатысуда, – деді хабарламашы. 

О с ы   м ә с е лен і   т а л қ ы л а й 

к е ле ,   к о м и с с и я   т ө р а й ы м ы 

Ү.Найманова аудан әкімдігі білім 

бөлімінің  әдіскері  Б.Мыңбаевқа 

жазғы  демалыста  әр  мектептің 

құқықтық  тәрбие  ісі  жөніндегі 

орынбасарларымен осы секцияның 

дұрыс жұмыс істеуін қадағалауды 

тапсырды. 

К о м и с с и я   о т ы р ы с ы н ы ң 

күн  тәртібіндегі  екінші  мәселе 

бойынша  Қ.Сартбаев  атындағы 

орта  мектепте  орын  алған  бала 

өлімі  жөнінде  мектеп  директоры 

тиесілі  орынға  дер  кезінде  хабар 

б е р м е г ен і   а й т ы л ды .   М е к т е п 

директоры Л.Өзенбаев пен мектеп 

психологы  П.Дауытова  өзіне  қол 

жұмсап мерт болған баланың сабақ 

үлгерімі орташа екенін, достарымен 

тіл  табыса  алатын,  қарапайым, 

сыныптастары  арасында  оқыс 

оқиға  орын  алғанға  дейін  оғаш 

қ ы л ы қ   к ө р с е т п е г ен д і г і н   с ө з 

етті.  Оларды  мұқият  тыңдаған 

Үміткен  Қапанқызы  орын  алған 

оқиға  бойынша  бірінші  кезекте 

әр  мектептің  директоры,  білім 

ошағының  психолог  мамандары 

мен сынып жетекшілері теріс мінез 

танытатын  балалардың  тұрмыс 

жағдайымен,  жүрген  ортасы,  ата-

аналарымен  үнемі  байланыста 

жұмыс жасауы керектігін, сондай-

ақ Пионердегі оқиғаның не себепті 

о р ы н   а л ғ а н ды ғ ы н   а н ы қ т а у 

қажеттігін ескертті.

О н ы ң   к ө п т е г ен   с е б е п т е р і 

болуы  мүмкін.  Сондықтан  осы 

мәселеге көңіл бөлу керек. КТІЖИ 

инспекторы,  полиция  капитаны 

Б.Бәйдешовке,  ауыл  әкімдері 

және  мектеп  директорларына 

осындай келеңсіз оқиға орын алған 

жағдайда  міндетті  түрде  құқық 

қорғау  органдарына,  аудандық 

б і л і м   б ө л і м і не   д е р   к е з і н д е 

хабардар  етуге  тиіссіздер, - деп 

қорытындылады  сөзін  комиссия 

төрайымы.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет