Семей қаласы «А. Байтұрсынұлы атындағы №47 жалпы орта білім беретін мектеп» кмм математика пәні мұғалімдері: Дәуітбек Айым Серікқызы Алимова Гүлдана Еспосынқызы Сындарлы оқыту технологиясын математика сабақтарында тиімді пайдалану



Дата01.02.2022
өлшемі58,46 Kb.
#24639
түріСабақ
Байланысты:
мақала матем (4)



Семей қаласы «А.Байтұрсынұлы атындағы № 47 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

математика пәні мұғалімдері: Дәуітбек Айым Серікқызы

Алимова Гүлдана Еспосынқызы

Сындарлы оқыту технологиясын математика сабақтарында тиімді пайдалану.
Бүгінгі таңда білім саласының парадигмасы өзгеріп жатыр: өзге мазмұн, өзге тіл табулар, өзге құқық, өзге қатынастар, өзге тәртіп, өзге педагогикалық мәдениет. Әрине, осы уақытқа дейін қолданып келген дәстүрлі оқытудың салмақты жақтары бар, мысалы оқу үрдісін ұйымдастыруда, жүйелі оқытуда, сабақ барысындағы мұғалімнің төрелігінде т.с.с. Сабақтарда қолданылатын көрнекі құралдар, кестелер, техникалық жабдықтар осындай дәстүрлі оқытуды біз жылдар бойы оқытып келдік, бірақ бүгінгі философтар мен педагог-ғалымдар білім беру саласында жаңа оқыту технологиялары мен әдістерін енгізумен ғана шектелмей, білім берудегі дүниетанымдық ұстанымдарды қайта қарау, рухани-адамгершілік құндылықтарға бетбұрыс жасау қажеттілігін дәлелдеуде.

Қарқынды өзгеріс білім саласындағы жалпы мектептерде мұғалімдер үшін де ең бастысы, маңызды мәселе болып отырғаны: «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» және «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?». Осы мақсатта Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің «сындарлы оқыту теориясына» бағытталған деңгейлік бағдарлама бойынша біліктілігін арттыру курстарына мұғалімдерді қатыстыру арқылы оқыту мен оқу жүйесін жан - жақты дамыту үшін қажетті білімдер мен дағдылар беру болып табылады.

Жеке тұлғаға және нәтижеге бағытталған білім беру жүйесінің көшуде жаңа технологиялар мен озық тәжірибені ұлттық және жалпы адамзаттық құндылық қағидаларымен сабақтастықта зерттеу бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының міндеттерінің бірі. Оқыту үрдісін жандандыру оқушылардың өздігінен іздеп, оқу материалының теориялық мазмұнын игеруі және олардың функционалдық сауатты болуы. Оқу үрдісінің тиімділігі мен сапасы мұғалімнің жаңа технологияларды меңгеруіне, инновациялық жетілуіне, кәсіби өсуіне байланысты. Мектеп қабырғасынан шыққан оқушы біреудің көмегіне мұқтаж болмай, өз проблемасын өзі шеше алатындай шәкірт болып тәрбиеленуі керек. Білім беру саласында ХХІ ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында.

Бағдарламада көретілген 7 модульді қолданысқа енгізу, оның нәтижесіне қорытынды жасау терең зерттеуді қажет етеді. Бағдарлама нәтижесіне мұғалімдер оқушыларға қалай оқу керектігін үйретіп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел уәждерін нанымды жеткізе білетін ынталы, сенімді, сыни пікір көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы қалыптастыруға даярлау болып табылады. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді қолдану әрбір мұғалімнің көздеген мақсатына жету үшін оңтайлы тәсіл болып табылады. Егер оқушыларға сыни ойлауды үйрету маңызды болса, онда сыни ойлауға жүйелі түрде жаттықтырып отыру керек. /Зелина, 1994/

Сыни ойлау-адамның зияткерлік іс-ірекеті, жоғары дәрежеде қабылдауы, түсінуі, жан-жағындағы ақпараттық алаңға тез бейімделу.

Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз - бұл кемшілікті айту емес, керісінше онық жақсы не жаман жақтарына әділ баға беру.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту - оқытудың сонай атмосферасын құру, оқушылардың мұғаліммен бірге белсенді жұмысы, оқу үрдісіне саналы келуі, білімдерінің кеңейтуі, жаңа идеялар ұсынуы, қоршаған ортаны сезінуі және олардың ойымен келісуі.

Зерттеулершілердің ойынша, сындарлы оқыту технологиясы былай сипатталады:

Оқыту мақсаты білім көлемі мен көп ақпарат беру емес, сол ақпаратты оқушы өмірде қалай пайдалана алады. Оқу үрдісінде кездесетін «дайын» білімді алмай, оны өздері табу. Сындарлы оқыту техгологиясының бір модульі СТО.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясында кез келген жұмыс формасы, әдісі, стратегиясы үш фазадан тұрады.

Бірінші кезең-ой қозғау.

Оқу үрдісінің бұл кезңінде келесі мәселелер жүзеге асырылады:

Тақырып бойынша білетіндерін ортаға салу;

Танымдық белсенділік;

Дербес ұйғарым жасау;

Екінші кезең - мағынаны ашу.

Ақпаратпен белсенді жұмыс жасау ;

Жаңаны осыған дейін білетіндерімен салыстыру (жұмыс жұппен немесе топпен орындалады)

Үшінші кезең-рефлексия

Жаңа материалды өздігінен жүйеге келтіру.

Алға жылжу үшін бағытты анықтау (жұмыс жұппен немесе топпен орындалады)

Технологиялық карта.

Мұғалім. Оқушы.

Ой қозғау.

Оқушыны қозғайды.

Сұрақ қояды.

Проблема туындырады.

Оқушыны ынталандырады. Жауап береді.

Тақырып бойынша білетінін еске түсіреді.

Бірінші гипотезасын айтады.

Мақсат қояды.

Мағынаны ашу. Тақырыпқа байланысты тірек мәтінін ұсынады.

Топтық жұмысты бақылайды.

Мақсатқа жету үшін ынталандырады.

Келісіп жұмыс жасауды үйретеді. Мәтінді оқуды талқылауды, түсінуді, дискуссия жасайды.

Топтық қарым-қатынас орнатады.

Мақсатқа жету жолында түзетулер жасайды.

Тыңдайды, сұрақ қояды, жазады, негізгілерді сызады.

Келісіп жұмыс жасауды үйренеді.

Рефлексия.

Қорытындылауды бақылайды.

Келесі жаңа сұрақтар мен тапсырмалар береді.

Оқушылардың іс-әрекеттерін бағалайды. Барлық жасалған жұмыстарды қорытындылайды.

Сұрақтар қояды.

Өзінің іс-әрекетін бағалайды.

Математика сабақтарында қолдануға қолайлы сын тұрғысынан ойлаудың бірнеше әдіс-тәсілдері: Белгі қойып оқу (INSERT-Interfctive Noting System for Effective Reading and Thinkeng - тиімді ойлау мен оқуға арналған белгілеудің интербелсенді жүйесі) - жаңа мәліметті игерудің интербелсенді тәсілі. Оқушылар сабақ барысында жекелей кестені толтырып отыруы тиіс: Бірінші «қанатша» бағанаға оқушылар өздерінің бұрынан білетін таныс мәліметтерді келтіреді. Екінші «плюс» бағанға осы сабақта өздері үшін жаңа болып табылатын ақпаратты жазады. Үшінші «минус» бағанға осы сабақта келтірілген ақпаратты, басқаша ойлағанын, немесе тек бір ғана анықтамасы бар деп ойлағанын жазады. Мысалы «Көпбұрыштар» тақырыбы.

V+-?

«Бұрынан білемін», «Жаңа ақпарат», «Басқаша ойладым», «Сұрағым бар»



Көпбұрыштар.

Элементтері.

Диоганалдары.

Белгілеулері.

Сызбасы.

Ішкі және сыртқы аймағын ішкі бұрыштарының қосындысының формуласын. Диоганальдарының санының формуласын.

Диогоналдардың жүргізуі.

Диогоналдардың санын.

Формулаларды қорытындылау.

Өмірде көпбұрыштарды қай жерлерде қолданады.

«Класстер жасау» класстер - материалды схема түрінде жүйелеу. Кластерлер - (ағылшан тілінен аударғанда Cluster – «жүзімнің шоқтары» деген мағынада) – идея мен ақпараттардың арасындағы байланыстарды айқындауға арналған жазба кестелер. Мұнда негізгі тақырып (тірек сөз, басты идея) тақтаның (дәптердің) ортасына шеңберге жазылады да, одан туындайтын тақырыпшаларды оқушылар оның жан-жағына жазып, шеңберлеп бір-біріне қосады да, өз-өзара байланыстары туралы әңгімелейді. Кластерлер оқушыларға жеке орындауынан басталып, одан кейін жұмыс жұпта немесе шағын топта ( 4-6 адам) жалғасады. Мысалы, 8 сыныпта «Төртбұрыштар» тақырыбынан өткенде, оқушыларға осындай кластер жасауды ұсынуға болады.

Сұрақ құрастыра білу және қоя білу әдісі

«Ашық және жабық сұрақтар»

Кім...


Не...

Қашан...


Мүмкін...

Болады...

Болуы мүмкін...

Қалай аталады...

Дұрыс па... не үшін солай болды...

Не себепті, солай ойлайсыз...

Анықтама берінізші...

Айырмашылығы неде...

Егер басқаша болса, қалай ойлар едіңіз...

Егер, не...

Салыстырып көріңізші...

1. «Ашық» және «Жабық» сұрақтар сабақтың кез келген кезеңінде қолданылады. Ой қозғау кезеңінде: жаңа тақырыптың мағынасын ашу үшін, мағынаны ашу кезеңінде мәтінді оқып, таңдау барысында, рефлексия кезеңінде оқып - үйренгенін қолдану барысында.

Оқушылардың бойында «Ашық» және «Жабық» сұрақтарды ажыратуды бастауыш сыныптан бастау керек. Оқушылар «Ашық» және «Жабық» сұрақтарды құрастырып, оларға өздері жауап беру арқылы, оқушылардың ой өрісі дамиды және тұрақты зейін қалыптасады. Сұрақтар классификациясы оларды жауабын іздеуде мәтінді терең түсінуге көмектеседі.

2. «Блум таксаномиясы» Блум таксаномиясы адамның ақыл-ой қабілеттерінің құрылымы танымдық үдерісінің ең қарапайымнан бастап күрделіге біртіндеп өту барысында белсенді әрекетке жетелейтін 6 деңгейге сәйкес тапсырмаларды құруды қажет етеді. Тапсырмалар құруда оқытудың белсенді әдістерінің мәні оқушыларды кәсіби іс-әрекетті меңгеруге бағытталады. Сабақ жоспарын Блум таксономиясына салып, бағдарламада белгіленген жеті модульді ықпалдастырудың арқасында оқушылардың не білетінін және нені жасай алатынын, сондай-ақ қызығушылықтарын түсініп, оқытудың жаңа тәсілдерін тиімді және орынды пайдаланып, оқушы бойында ішкі уәж тудырып, өз қабілеттеріне сенім арттырып, ол өз кезінде жаңа материалды саналы түрде меңгеруіне әсер етеді деп күтілді. Блум таным – ойлау деңгейі мен біз қоятын сұрақтардың арасында тікелей байланыс бар екндігін анықтап, дәлелдеген. Білу – Түсіну – Қолдану – Анализ – Синтез – Бағалау.

І. Білу. Таным мен ойлау деңгейі – төмен деңгей. Бұл сұрақтар категориясы мәліметтерді қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректерді еске түсіреді. Сұрақтары: Кім? Не? Қашан? Ата? Көрсет?

Мысалы: Ұзындықтың өлшем бірліктерін ата. Километрді метрге айналдыр.

ІІ Түсіну. Таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей. Оқу материалдарын түсінгендіктің ретінде келесідей әрекеттерді атқаруды атауға болады: Трансляция – оқу материалын бір «тілден» екінші «тілге» ауыстыру (мысалы, математикалық формуланы сөзбен айтып беру; сөзбен келтірілген мәліметті кесте, схемамен көрсету т.б.); Интерпритация – оқу материалын «өз сөзімен» түсіндіру, қысқаша баяндау; Жорамалдау – оқу материалдары бойынша әңгіменің әрі қарай не туралы болатындығын, оның салдары мен нәтижелерін болжау. Сұрақтары: Бейнеле, өз сөзімен айт, түсіндір, салыстыр, астын сыз, ең негізін айт. Мысалы: Егер мен мына төрт кесіндіні тізбектей тұйықтасам, қандай фигура пайда болады.

ІІІ. Қолдану. Таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей. Бұл категория оқу материалын нақты жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда қолдануды меңзейді. Мұнда ережелерді, әдістерді, ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, теорияларды практикалық тұрғыдан қолдану кіреді. Оқу нәтижелері түсіну деңгейіне қарағанда материалды тереңірек игеруді талап етеді. Сұрақтары: Қолдан, пайдалан, түсіндір, таңда, қорытындыла. Мысалы: егер шаршының радиусын 2 есе арттырса, көлемі қалай өзгереді?

IV. Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей. Оқу материалының құрамы анық көрінуі үшін оны құрамдас бөліктерге бөлу: бүтіннің бөліктерін ажырату; бүтіннің бөліктерінің арасындағы өзара байланыстарды анықтау, бүтіннің қалайша ұйымтастырылғандығын сезіну. Бұл категория оқу материалының мазмұның сезінумен қатар оның ішкі құрылысын қалайша құралатындығын меңзейді. Не себепті, талдау жаса, жікте, диаграммасын жаса, ықшамда, бөліс, салыстыр. Мысалы: квадрат теңдеуді, келтірілген квадрат теңдеуге келтіріп, Виет теоремасы арқылы түбірін табыңдар.

V. Синтез (жинақтау, жүйелеу). Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей. Оқу материалының элементтерін жаңашыл сипаттан бүтінді құрастыру. Жаңа нәтиже ретінде оқу материалдарын мүлдем өзгеше реттейтін хабарлама, жұмыс жоспары, схемаларды атауға болады. Мұндай оқу нәтижелері жаңа мазмұн мен жаңа құрылымдарды жасап шығаратын шығармашылық әрекеттерді қолдануы талап етеді. Сұрақтары: құрастыр; графигін сал, басқа жағдайын қарасытыр, жоспарла, жобала. Мысалы: Көпжақтардың қимасын сал.

VІ. Бағалау. Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей. Оқу материалының маңызын анықтау, ол туралы өзіндік пікір келтіру, ойын білдіру. Бұл деңгей алдындағы категориялардың оқу нәтижелеріне қол жеткізу меңзейді. Сұрақтары: Бағала, салыстыр, ең тиімдісін таңда, бұны не себепті ең маңызды деп таптың. Мысалы: Өз жұмысың туралы не айта аласың? Саған ұнағаны қайсысы?

«Білемін – Білдім - Білгім келеді» Б-Б-Б кестесі

Мысалы: Геометрия, 8-сынып, «Параллелограмм». Оқушының ынтасын қалыптастыру.

Білемін. Білдім. Білгім келеді.

Дөңес төртбұрыштар екендігін.

Ішкі бұрыштарының қосындысы 360 градус.

Қабырғалары параллель.

Параллелограмның анықтамасын.

Қарама-қарсы қабырғаларының тең екендігін.

Параллелограмның қасиеттерін.

Синквейн (ағыл. cinguain) – бес жолдан тұратын тақпақ. Мұнда оқушыға оқу материалын қысқаша түйіндемелеу талап етіледі. Бірінші жолда – синквейннің негізгі мазмұнын құраушы бір негізгі сөз; екінші жолда – берілген ұғымды сипаттайтын екі сын есім; үшінші жолда – ұғымның әрекетін көрсететін үш етістік; төртінші жолда – автор өз қатысын көрсететін қысқа сөйлем; бесінші жолда – ұғымға қатысты ассоцияциясын сипаттайтын бір сөз.

Мысалы: «Функцияны зерттеу» тақырыбын өткеннен кейін синквейн құрауға болады. Ол келесі түрде болуы мүмкін:

Функция. Бірсарынды, жұп немесе тақ. Өседі немесе кемиді, периодты, экстемумы бар. Функция анықталу облысының кез келген нүктесінде үзіліссіз. График.

Пазл (ағыл.puzzle) – тең емес бөліктерден сурет құрастыратын балалар ойыны. Бұл әдіс бойынша тапсырмалардың орындалуын ойын түрде өткізуге болады. Оқыту барысында өтілген материал карточкаларға жазылады, бірақ әрбір карточкада келесісін іздеуге бағытталған мәлімет болуы тиіс. Математика сабағында есептер шешуде, формуламен жұмыс жасағанда, теоремаларды, анықтамаларды бекітуде, қайталау сабақтарында қолдануға болады. Бұл әдісті оқытудың кез келген бөлігінде қолдануға болады, ол жеке не топтық жұмыс болуы да мүмкін. Бұл тәсілді сыныптан тыс сабақтарда немесе қорытынды сабақтарда қолдануға болады.



Мысалы, 10 сыныпта, «Кеңістіктегі түзулер мен жазықтықтардың параллелдігі» тарауынан кейін әр теоремаға карточкалар жасауға болады.

  1. карточка - теореманың жазбаша берілуі.

  2. карточка - теоремаға сызба.

  3. карточка - теореманың қысқаша жазбасы.

  4. карточка - теореманың математикалық жазбасы.

Оқушыға осы белгілері бойынша теореманы толық жинастыру керек. Бұл тәсілдің тиімділігі: оқушыда қызығушылық артады, егер әр теоремаға жасалған карточкалар саны әр түрлі болса, оқушының қандай теореманы жақсы меңгерген немесе меңгермегенің анықтауға болады.

Жаңа технологияны сабақтарда ықпалдастыра отырып, нәтижеге бағытталған білім беру оқушының интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық қасиеттерін қалыптастырады. Өзін-өзі дамытып, өзін-өзі бағалау дағдысын қалыптастырады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет