Семинар. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы Ерекше білім беру қажеттілігі (ЕБҚ)



Дата27.03.2023
өлшемі281,64 Kb.
#76514
түріСеминар
Байланысты:
3-семинар ибб


3-семинар.Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы
Ерекше білім беру қажеттілігі (ЕБҚ) – бұл көптеген дамыған елдер-де кеңінен таралған түсінік, өйткені инклюзивті білім берудің принципіне сәйкес әр оқушының жемісті білім алуы үшін барлық жағдайларды жасауға мектептің назарын аударады.
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес (бастау-ыш, негізгі орта және орта) оқуда қиындықтарға тап болған оқушылар үшін арнайы жағдайлар жасалады. Қазіргі уақытта еліміздің білім алуында қиындықтары бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету мен білім беру жүйесінде оқытудың арнайы жағдайын құру барысында келесідей құжаттарды басшылыққа алу ұсынылады:

  1. оқу жоспары мен оқу бағдарламасын өзгерту;

  2. оқыту нәтижелерін бағалау әдістерін өзгерту (оқушылардың оқу үлгерімі);

  3. оқытудың арнайы, вариативті және альтернативті әдістерін қолдану;

  4. оқулықтарды, оқу әдістемелік құралдарын, жеке оқу материалдарын таңдау;

  5. оқыту формасын таңдау

  6. компенсаторлық және техникалық құралдарға мұқтаждық;

  7. арнайы психологиялық- педагогикалық көмек (психологтың, логопедтің, арнайы педагогтың (олигофренопедагогтың, сурдопедагогтың, тифлопедагогтың);

  8. педагог-ассистентің көмегі;

  9. әлеуметтік – педагогикалық көмек.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуді ұйымдастырудың негізгі бағыттары:

  1. білім беру процесіне қатысушылардың қызметін анықтау;

  2. мектептің ағымдық жағдайын талдау және бағалау;

  3. мектептің педагогикалық ұжымын кәсіби дайындау;

  4. мектеп қауымдастығын дайындау;

  5. одақтастар мен әлеуметтік серіктестерді іздеу.

Мектептің психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмысы келесі принципте құрылады:
а) бағалаудың кешенді (пәнаралық) тәсілі:медициналық мәліметтер мен баланың әлеуметтік-психологиялық даму тарихының зерттелуі, әр түрлі мамандардың (психолог, логопед, арнайы және әлеуметтік педагогпен) тексеруі;
б) жүйелі және біртұтас тәсіл: оқыту қиындықтарының пайда болу себептері мен механизмдерін белгілеу, табысты оқытуға кедергі келтіретін бастапқы (жетекші) және қайталама қиындықтардың арақатынасын белгілеу;
в) оқушылардың өзгеріп отыратын қажеттіліктерін динамикалық зерт-теу: оқыту процесінде жаңа қажеттіліктерді қанағаттандырудың және олардың пайда болуының мониторингі;
г) командалық жұмыс негізінде:
Аутизм - бала дамуындағы ауытқушылықтың ауыр түрі, ол әлеуметтік ортамен қарым-қатынастың жоқтығын білдіреді. Симптом ретінде аутизм көптеген психикалық ауруларда кездеседі, бірақ кейбір жағдайларда ерте жастан байқалып, бала дамуы­на кері әсерін тигізеді. Ерте балалық аутизм психикалық дамудың зақымдалуының бір түрі ретінде қарастырылады.
Аутист бала өмірдің бірінші айларынан бастап ерекше да­миды: бәрінен бұрын бұл балалар айналадағы адамдармен әрекеттестіктің барлық түрлерінен алшақтайды. Көзге қара- майды, қолға сұранбайды, тамақ сұрап мазаламайды, жөргек суланса не бір жері ауырса сезбейді. Аутист балалардың наза­рын адамға, басқа нысанға аудару және бірнәрсе үйрету қиын.
Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. https://images.app.goo.gl/pACr6JMYE6V6vTjA9

  2. https://kk.warbletoncouncil.org/ninos-necesidades-educativas-especiales-223

  3. https://kk.unansea.com/%D0%B8%D0%BD%D0%BA%D0%BB%D1%8E%D0%B7%D0%B8%D0%B2%D1%82%D1%96%D0%BA-%D0%B1%D1%96%D0%BB%D1%96%D0%BC-%D0%B1%D0%B5%D1%80%D1%83-%D0%B1%D2%B1%D0%BB-%D0%BD%D0%B5/


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет