Семинар сабағы тақырыбы: Саясаттанудың қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері


Қазақ ағартушылары мен қазақ либерал-демократиялық интеллигенциясы өкілдерінің саяси көзқарастары



бет6/7
Дата07.01.2022
өлшемі56,23 Kb.
#16976
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7
5.Қазақ ағартушылары мен қазақ либерал-демократиялық интеллигенциясы өкілдерінің саяси көзқарастары
XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ даласында саяси идеология ретінде ағартушылық кең өріс алды. Бұл кезде қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы-демократ, саяхатшы, этнограф, Орта Азияның, Қазақстанның, Батыс Қытайдың тарихы мен мəдениетін зерттеуші Шоқан Уəлиханов (1835—1865) өмір сүрді. Ол атақты Абылай ханның шөбересі еді. Шоқан өз өмірінің негізгі мақсаты - халыққа қызмет ету, оның мақсат-мүддесін патша шенеуніктері мен жергілікті байлардың зорлық-зомбылығынан қорғау, қолынан келгенше оның рухани жəне мəдени өркендеуіне ықпал жасау деп білді.

Шоқан Азия мен Қазақстан жағдайында халықты аяусыз қанап, соның нəтижесінде билеп-төстеушілердің орынсыз баюына жол ашатын нəрсе — олардын колындағы шексіз билік деп ұқты. Сондықтан халықты қанаудан құтқару үшін бай-манаптардың билігін жою немесе тым болмаса олардың, саяси үстемдігін шектеп, бұқара халықтың демократиялық құқығы мен бостандығын кеңейтпек болды. Жалпы, ол билікті халықтың еркімен шектеуді дұрыс деп санады.

Ғалым сол кездегі қазақ еліндегі тəртіпті өзгертпек болып, қоғамдық кұрылысты жаңартудың жолдарын іздеді. Бұл ретте ол революциялық емес, 28 реформалық жолды қалады. Ал реформа жасау үшін халықтың талап-тілегін, мақсат-мүддесін, ұлттық мінез-құлқын жете зерттеу керек. Сонда ғана реформа тиімді болады деді. Шоқан қоғамның прогресті түрде алға дамуы материалдық əл-ауқаттығын жетілдіруге байланысты екенін терең түсінді. Сондықтан ол экономикалық, əлеуметтік, саяси реформаларға үлкен мəн берді. «Сот реформасы жайында хат» деген еңбегінде ол: «Біздің заманымызда халыққа етене жақын, ең маңызды, соның мұқтажына тікелей қатысты реформа - экономикалық жəне əлеуметтік реформа. Ал саяси реформалар экономикалық істерді жүзеге асыратын құрал ретінде көрінбек, өйткені əрбір жеке адам жəне бүкіл адам баласы қауымдасып өзінің түпкі мақсаты материалдық əл-ауқатын жақсартуға тырысады. Прогресс дегеніміз де осыған сай келеді» дейді Ш. Уəлиханов.

Шоқан сол кездегі патриархтық-феодалдық қазақ қоғамын екі топқа: бір жағынан, сұлтандар мен билер, байлар мен қожалар болып, қазақ қоғамының мəртебелі тобына, екінші жағынан, «дала пролетариаты» деп атап, кедейлер тобына бөлді. Бұл топтардың мүдделері бір-біріне мүлдем қайшы деп білді. Уəлиханов қазақ жеріне ектемдік пен заңсыздық əкелген патшалық отаршыл үкіметті батыл сынады. Қазақ халқының қараңғылығын пайдаланып «ашықтан-ашық аямай сорады» деп, халқын тонап жатқан патша шенеуніктері туралы ашына жазды.

Шоқан адамдардың адамгершілік қасиеттерін дамыту үшін олар еркін болуы шарт деді. Ол еркіндікті де дұрыс пайдалана білу керек. Ол үшін халықтың сауаты жоғары болуы тиіс деп тұжырымдады. Осы кезде қазақ халқынан шыққан ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсарин (1841—1889) де өмір сүрді. Ол халықты дүниеге «дұрыс көзқараспен» қарауға тəрбиелеуді өзінің негізгі мақсаты етіп қойды. Тек білім, ағартушылық қана бұқара халықты билеп-төстеушілердің қысым-қыспағынан құтқара алады деп, барлық күш-жігерін олардың білімін көтеруге арнады. Адамдарды ойындағы бос қиялдардан арылып, дүниенің ақиқатына көздерін ашып, шын мəнінде алға жылжитын, прогрестік жолға түсіруге тырысты.

Ыбырай «Қазақ даласыңдағы жұт жөнінде» деген еңбегінде халқының болашағы отырықшылыққа көшу жəне егін шаруашылығымен айналысуда деп атап көрсетті. Бірақ оны өз еркімен, ықтиярымен біртіндеп істеуге тиіс. Сондықтан көшпелі қазақтарды күшпен отырықшылыққа айналдыруға болмайды деп, қарсы шықты. ЬІ. Алтынсарин адамдарды іс-əрекетке ынталандырып, жұмылдыратын негізгі себеп - өмірлік қажеттіктер, атап айтқанда, өмір сүру, білім алу, мəдениетке ұмтылу жəне т.б. қажеттіліктер деп есептеді. Сондықтан да адамдар оларға талпынады. Бұл ұмтылыстан келіп, билеудің ескі түрлерін өзгерту қажеттілігі пайда болады деді. Ыбырай қазақ қыздарын оқытуға ерекше көңіл бөлді. Сондықтан ол 1887 ж. Ырғызда 20 орындық интернат жəне қазақ қыздарына арнайы мектеп ашты.

Ұлы ұстаздың қажырлы еңбегінің арқасында XIX ғасырдың 70 - 80 жылдарында қазақ даласында көптеген мектеп ашылды. Ол мектептердің, мақсаты қазақ жастарын жоғары адамгершілік рухында тəрбиелеу деп ұқты. 29 Бұл кезде қазақтың кемеңгер данасы, заңғар ақыны, асқан ағартушысы, жазба əдебиетіміздің негізін салушы Абай Құнанбаев (1845 - 1904) ж.ж. өмір сүрген еді. Абай қазақ даласында барлық жақсылықтың, жаңалыктың жаршысы болды. Ол адамды «ақыл, білім, ерік» жоғары дəрежеге көтеріп, асқақтататындай қоғамның прогрестік дамуын аңсады. Игілікті, парасатты қоғам орнату Абай еңбектерінің басты бағытының бірі болды. Сондыктан ол барлық, адамдарды өзінді өмірде қалай ұстаудың, игілікке, ақылға сыйымды іс істедім бе деп күніне немесе аптасына, тым болмаса, айына бір рет өз-өзіне есеп беруге шақырды. Абай патша өкіметінің сойылын соғып, байлардың мүддесін қорғайтын қарапайым халықты езуші старшина, би, болыс жəне т.б. атқамінерлер сияқты əлеуметтік топтың қоғам дамуына кедергі келтіріп отырғандығын жақсы түсіне білді. Сондықтан ол ел басқару жүйесіне жаңа заң, ережелер енгізуді армандап, сол жолда жүзден аса бабы бар ереже жасаған.

Абай қандай адамның болмасын əлеуметтік жағдайын жақсартып, рухани гүлдендіретін еңбек, соның арқасында ол бүкіл адамзат қоғамына кызмет етеді деп санады. Одан əрі ол: «Жалға жүр, жат жерге кет, мал тауып кел, Малын болса сыйламай тұра алмас ел», - деп еңбектің қандай түрі болса да пайдалы, одан арлануға болмайтындығын үйретті. Абай еңбекшілердің хал-ахуалын, өмірін жақсарту үішін қоғамның экономикалық негізін өзгерту керек деп түсінді. Сондықтан ол қазақтардың прогресті дамуын егіншілік, қолонер, сауда сияқты экономиканың үш тетігімен тығыз байланыстыра қарады. Данышпан атамыз: «Түбінде баянды еңбек егін салған, жасынан оқу оқып, білім алған», - деп көрегендік ойын түйеді. Ал қолөнері қандай жағдайда болсын адам қолында қалатындығын көрсете келіп, «алдау қоспай адал еңбегін сауған қолөнері - қазақтың əулиесі сол» деп жоғары бағалайды. Ақын өзгерістің негізгі күші ағартушылық деп ұқты, «Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ» сияқты кемшіліктерді көрсету арқылы халықты түзетуге тырысты.

Ол үшін «Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым ойлап қой» деп ақыл берді. Əсіресе, жастарға үлкен үміт артты. Адамның адамгершілік қасиетін арттыруға жұмылдырды. «Бірің қазақ, бірің дос, көрмесең істің бəрі бос», - деп, ұлттық бүтіндік, ішкі татулык, ынтымақтастыққа шақырды. Өз халқымыздың мүддесі үшін күресте достық, татуластық, бірлік керектігіне назар аударды. Сол кездегі тарихи жағдайда өмір сүрген қазақ халқына бұдан əрі бұрынғыша тіршілік етуге болмайтынын ескерте келіп, заман талабына сай еңбек етіп, кəсіпті, сауданы меңгеруге кеңес берген - Абай. Демек, қазақ қауымына əлеуметтік реформаны да, экономикалық реформаны да бірінші ұсынған - ұлы Абай. Яғни, данышпан ақынымыздың айтқан өсиеттері, ақылкеңестері осы күнге дейін өз мағынасын жойған жоқ. Қазақ халқының саяси санасының дамуына XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басында пайда болған алғашқы интеллигенттік топ та зор ықпал етті. Оларға: Əлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай, Мұхамеджан Тынышбаев, Мағжан Жұмабаев, Бақытжан 30 Қаратаев, Халел жəне Жаһанша Досмұхамедовтар жəне басқалар жатады. Олар Ресейдің отаршыл саясатына қарсы ұлт-азаттык, қозғалысын басқарып, қазақ халқының ұлттық бірлесуін мұрат етті. Алаштың білімді де білікті асыл азаматтары қызыл империяның құрбаны болып кетті. Бірақ олардың ісі, саяси мұраты өлген жок.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет