Семинар сабағының әдістемелік ұсынысы (барлық мамандық студенттері үшін)



бет8/85
Дата12.01.2022
өлшемі423,5 Kb.
#23956
түріСеминар
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   85
Жоспарлы экономика – КСРО-да және басқа да «социалистік» деп аталған елдерде қолданылған экономикалық жүйені ұйымдастыру тәсілі, мұнда материалдық қорлар мемлекет меншік болып есептеліп, барлық кәсіпорындардың экономика қызметі директивалық жоспарлау, басқару және бақылау арқылы бағытталып үйлестіріліп отырды. КСРО-да 1921 жылы тоталитарлық қоғамның негізгі экономика мақсаттарын жоспарлаушы экономика орган – Мемлекеттік жоспарлау комиссиясы (1947 жылдан Мемлекеттік жоспарлау комитеті) құрылды.

Индустрияландыру (лат. industria - ірі өнеркәсіп) – кез келген салада ірі машиналық өндіріс құру үдерісі; халық шаруашылығының барлық салаларын машина техникасымен жарақтандыру инфраструктураның дамуымен және индустрияланған халықтың пайда болуымен жүзеге асуы.

Интеграция (лат. integratio – қалпына келтіру, толықтыру, іnteger – тұтас, бүтін) – экономикалық субъектілерді біріктіру, олардың арасындағы байланыстарды дамытып, өзара ынтымақты іс-қимылын тереңдету.

Интеллигенция (лат. intelligenta – «түсіну», лат. intelligens – «ойлаушы») – адамға тән рухани, зерделі қабілет, ақыл нысаны. «Интеллегенция» сөзімен халықтың рухани бастаушыларын атайды. Ғылымының, техникалық және мәдениеттің түрлі облыстарындағы білімді немесе арнайы білім иелері.

Интервенция (лат. interventio – қол сұғу, араласу) – бір не бірнеше мемлекеттің басқа мемлекетке әскери басып кіруі, оның егемендігін бұза отырып ішкі істеріне қол сұғуы.

Истпарт – Қазан төңкерісі тарихы және Коммунистік партия тарихыжөніндегі материалдарды жинау мен зерттеуге арналған комиссия. 1921жылдың 1 желтоқсанынан РК (б)П ОК жанынан бөлім құқында құрылған құрылым Қазақстандағы қоғамдық ғылымдар бойынша алғашқы ғылыми мекеме болды. Оның өңірлік бөлімшелері 1939 жылға дейін жұмыс істеді.

Капитализм – пайда табу үшін жалдамалы еңбекті пайдаланатын және өндіргіш күштері капиталистер табының меншігінде болатын феодализмді алмастырған қоғамдық – экономикалық формация.

Концепция (от лат. conceptio – түсіну, жүйе) – табиғаттағы, қоғамдағы үдерістер мен құбылыстарға көзқарастар жүйесі, реформаларды, жобаларды, жоспарларды, бағдарламаларды жүзеге асыру кезіндегі іс-қимылдар стратегиясын айқындайтын ой-пікір.

Концессия (лат. сoncessіo – рұқсат, кеңшілік жасау, көну) – табиғат байлықтарын, кәсіпорындарды және мемлекетке тиесілі басқа да шаруашылық нысандарды шет мемлекетке, шет ел фирмасына, компаниясына, т.б. тұлғаларға белгілі бір мерзімге пайдалануға беру туралы шарт.

Кооперация (лат. cooperatіo – ынтымақтастық) – 1) жеке тұлғалардың ұжымдық кәсіпкерлік үшін ерікті мүшелік негізінде құрылған бірлестігі; 2) бір не бірнеше елдегі шетелдік серіктестері қатысуымен бірлескен немесе өзара келісілген өндірісті ұйымдастырудың әмбебап нысаны.

Қос үкімет – Ақпан революциясының нәтижесінде құрылған бір жағында буржуазия мен буржуазияланған помещиктердің Уақытша үкіметі, екінші жағында жұмысшы және солдат депутаттарының мүддесін көздейтін Кеңестер үкіметі. Қосүкіметтің мәні: нақты билікке ие Уақытша үкіметтің күшті әлеуметтік базасы болмады, ал Кеңестер әлеуметтік күшке ие бола тұрып, нақты билікке қол жеткізе алмады.

Қосшы Одағы – Түркістан АКСР-інде ауыл, қыстақ кедей шаруаларынан құрылған бұқаралық ұйым. Қосшы Одағы ауылда әлеуметтік өзгерістер мен жер-су реформаларын жүзеге асыру мәселелермен шұғылданды. Мәдени-ағарту жұмыстарын жүргізіп, ірі байлардың мал-мүлкін тәркілеуге қатысты.

Метрополия (гр. metropolіs, meter – ана және polіs – қала) – мемлекет орталығын білдіретін ұғым. Бастапқыда метрополия деп отар аймақтарға ие ежелгі грек қалалары (полистер) аталды.

Миграция (лат. migratio – көші-қон, қоныс аудару) – адамдардың (мигранттардың) қандай да бір аумақтардың шекарасынан өтіп, ұзақ уақытқа немесе біржолата қоныс тебу процесі.

Мобилизация (лат. mobіlіs – жылжымалы) – Қарулы Күштерді және елдің экономикасы мен мемлекеттік институттарын соғыс мұқтаждықтарын қамтамасыз ету үшін қайта құру жөніндегі іс-шаралар.

Национализм (фр. nationalisme – ұлтшылдық) – 1. төл этникалық құндылықтары мен мақсат-мұраттарын құрметтеуі мен сипатталатын адам санасындағы әлеуметтік-саяси және психологиялық-этникалық құбылыс. 2. Кеңестік идеология бойынша ұлттар арасындағы алауыздықты насихаттайтын, еңбекшілер мүддесіне жатбуржуазиялық идеология мен саясат.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет