2. Пән туралы мәліметтер 1.3. Кіріспе Курстың қысқаша сипаттамасы: Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы пәні - тіл білімінің түркітану саласындағы басты бағыттарының бірі. Туыстас түркі тілдерінің грамматикалық құрылысын салыстыра зерттеу. Курста түркі тілдерінң зерттелуі, дамуы мен қалыптасу кезеңдері қарастырылады.
Курстың мақсаты: Түркі тілдері, олардың жалпы сипаты, жеке түркі тілдерінің өзіндік ерекшеліктерін жан-жақты, терең қарастыру.
Курстың міндеті: - Түркі тілдерінің зерттелу тарихына шолу жасау;
- Түркі тілдерінің жүйесіне тән дыбыстық, лексикалық және грамматикалық ерекшеліктерді саралай білуге үйрету;
- Түркі тілдерінің өзіндік ерекшеліктерін анықтау;
- Түркі тілдерін салыстыра зерттеуде тарихи-салыстырмалы әдістің негізінде түсіндіру;
- Тілдік деректерді салыстыра отырып зерттеуді ұғындыру.
Курстың мазмұны:
Пререквизиттер:түркі тілдерінің грамматикасынан (фонетика, лексика, морфология, синтаксис салаларынан) мағлұматтары болулары керек.
Постреквизиттер: Курс соңында студент түркітану ғылымының негізгі нысаны - түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы туралы жалпы мағлұмат алып, түркі тілдерінің зерттелу тарихынан, түркі тілдерінің қалыптасу кезеңдері, өзіндік ерекшеліктері жайлы хабар алады.
3. Студенттерге қойылатын талаптар: Қазақ әдеби тілінің тарихы пәні негізінде студенттердің білім диапазонын кеңейту, оларды қызықты да қажетті мағлұматтармен қаруландыру.
Студенттер тарапынан сабаққа күнделікті дайындалу міндеттеледі. Себебі студент білімі әр сабақ сайын балдық жүйеде бағаланады. Студент сабақта болмаған жағдайда материалды игеріп, кейіннен тапсыруы тиіс.
Берілген тақырыптар бойынша жинақталған білімін сөйлеу мен жазу, тыңдау мен оқу арқылы айқындау.
Қарапайымнан күрделіге қарай көше отырып, өз бетінше үйрену дағдыларын қалыптастыру.