Білім беру бағдарламасы: 6В01503 -«Биология»



бет1/5
Дата09.06.2022
өлшемі81,48 Kb.
#36596
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4   5



DO 2309 «Дәрілік өсімдіктер» пәні бойынша
ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ (SYLLABUS)

Білім беру бағдарламасы: 6В01503 –«Биология»


Курсы: 2_, семестрі: _3_
Пәннің циклі: бейіндеуші пәндер
Компоненті: таңдау
Кредит саны: 6
Оқыту түрі: күндізгі
Лекция: 30_ сағат
Лабораториялық сабақтар: _20_ сағат
ОББӨЖ: 65_ сағат
БӨЖ: _65_ сағат
Межелік бақылау: (7 және 15 апта)
Емтихан: 3_ семестр


1. Пәннің академиялық сипаттамасы
Өсімдіктің адам өміріндегі тәжірибелік маңыздылығы. Дәрілік өсімдіктердің негізгі ролі. Өсімдіктердің халықтық және ғылыми медицинадағы мәні. Фитотерапия. Дәрілік өсімдіктер - фармацевтика саласының негізгі шикізаты. Қазақстан Республикасының негізгі дәрілік өсімдіктер флорасымен танысу. Дәрілік өсімдіктердің негізгі ботаникалық сипаттамалары. Гүлдеу мерзімі, жеміс беруі және дәрілік өсімдіктерді жинау. Дәрілік шикізат. Дәрілік өсімдіктерді жинау мерзімі. Дәрілік өнімдерді дайындау
1.1 Пәнді оқытудың мақсаты Студенттерге дәрілік өсімдіктердің биологиялық ерекшелігі; биологиялық белсенді заттар туралы іргелі білім беру.
1.2 Пәнді оқытудың міндеттері Дәрілік өсімдіктердің қазіргі жетістіктеріне сай өсімдіктердің географиялық таралу, экологиялық топтарына байланысты құрылысы, дамуы және өсу ерекшеліктерімен таныстыру;
1.3 Пререквизиттер: Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы

    1. Постреквизиттер: Өсімдіктер систематикасы, Қазақстанның биоресурстары

    2. Пәнді меңгеру нәтижесінде білім алушының қалыптасатын құзыреттері

Кәсіби қызметпен жоғары деңгейде айналысатын және өзінің кәсіби дамуын одан әрі жобалай білетін, кәсіби қарым - қатынас тәсілдерін қолдана алатын қабілеттілікке ие болады.
1.6 Қалыптастырылатын оқыту нәтижелері
Білім алушылардың сыни ойлау қабілеті мен өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға арналған оқу-әдістемелік жұмыстарды саралай алу дағдысына ие. Білім беру мекемелерінде биолог-педагог маман ретінде педагогикалық процесті ұйымдастырады, биология пәні бойынша білім беру саласындағы міндеттерді тұжырымдау және ұқыпты шеше білуі, педагогикалық қызмет шеңберінде ақпараттық технологияларды қолдана білуі, зерттеушілік қызметін табысты іске асыра білуді меңгеруі қажет. Биологиялық, ғылыми зерттеулердің методологиясы мен әдістерін саралай алады және теориялық және эксперименттік зерттеу әдістерін қолдана алу қабілеттілігі. Кәсіби қызметпен жоғары деңгейде айналысатын және өзінің кәсіби дамуын одан әрі жобалай білетін, кәсіби қарым - қатынас тәсілдерін қолдана алатын қабілеттілікке ие болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет