Семинар тақырыбы: Кіші мектеп жасындағы балалардың ақыл-ой дамуы



бет1/2
Дата22.10.2023
өлшемі21,16 Kb.
#120533
түріСеминар
  1   2

2 семинар тақырыбы: Кіші мектеп жасындағы балалардың ақыл-ой дамуы
Сабақ мақсаты: Кіші мектеп жасындағы балаларды оқытып-тәрбиелеу ісінде әңгімелесу, қызмет нәтижесін зерттеу, өмірбаянын зерттеу, тест-сынық жүргізу, әлеуметтік қарым-қатынасын зерттеу әдісін жүзеге асыру.
Бақылау сұрақтары:
1. Психикалық үдерістерді интеллектуалдандыру мәселесі: қабылдау мен қадағалаудың дамуы.
2. Кіші оқушыны еске алу, оның тиімділігін арттыру жолдары.
3. Қиял мен Зейін ерекшеліктері.

Педагогикалық кезеңдерге бөлудің негізін, бір жағынан, дене және психикалық даму сатылары құраса, екінші жағынан, бұл тәрбие жүріп жатқан жағдайларға байланысты келеді.


Жүйке – жүйесін және дене мүшелерін біріктірген ағзаның биологиялық пісіп жетілуі және онымен бірге жүретін танымдық қабілеттердің даму сатылары өз бетінше жасайтын шынайы, табиғи құбылыс болса, ал саналы құрылған тәрбие үдерісі жас кезеңдері ерекшеліктеріне икемдесуі және оларға негізделуі қажет. Педагогикада дамудың жастық сатыларын мойындамау әрекеттері де болған.Тіпті, орайлас әдістеме табылса, қалаған 3 – 4 жастағы баланы жоғары математикаға, басқа да дерексіз түсініктекрге үйретіп, кез -келген әлеуметтік
педагогикалық кезеңдерге бөлудің негізін, бір жағынан, дене және психикалық даму сатылары құраса, екінші жағынан, бұл тәрбие жүріп жатқан жағдайларға байланысты келеді.
Жүйке – жүйесін және дене мүшелерін біріктірген ағзаның биологиялық пісіп жетілуі және онымен бірге жүретін танымдық қабілеттердің даму сатылары өз бетінше жасайтын шынайы, табиғи құбылыс болса, ал саналы құрылған тәрбие үдерісі жас кезеңдері ерекшеліктеріне икемдесуі және оларға негізделуі қажет. Педагогикада дамудың жастық сатыларын мойындамау әрекеттері де болған.Тіпті, орайлас әдістеме табылса, қалаған 3 – 4 жастағы баланы жоғары математикаға, басқа да дерексіз түсініктекрге үйретіп, кез -келген әлеуметтік тәжірибені, білімдерді, тәжірибелік ептіліктер мен дағдыларды игертуге болады деген теориялар да пайда болған. Бірақ бұл мүмкін емес.Бәлкім,бала өте күрделі сөздерді де дұрыс айтуға үйренер, бірақ оның мағынасын ұғуға оған әлі ерте. Жас кезеңдері шектеулерін осы күнгі балалардың шапшаң дамуымен олардың сөздік және түсінік қорының кеңдігімен шатастыруға болмайды. Бұл құбылыс әлеуметтік дамудың жеделдеуімен, әрқилы ақпраттық дерек көздеріне кең жол ашылуымен, балалардың көп нәрседен хабардар болуымен түсіндіріледі. Даму үдерісінің жеделдеу мүмкіндіктері кеңеюде, бірақ шексіз емес.Жас кезеңі дамуды мезгілінен тыс жаздырып жібермей, өз билігін таңады. Бұл саладағы ықпал жасаушы заңдылықтар даму мүмкіндіктерінің шама – шарқын белгілеп береді. Оқу – тәрбие жұмысында балалардың жас ерекшеліктерін ескеруді өз заманында Я.А.Коменский талап еткен.Әр нәрсенің табиғатта өз мезетінде болатынындай, тәрбие де өз кезегімен – уақытында және ретімен алып барылуы тиіс. Сол жағдайда ғана адамға ізгілік сапалар табиғи жұғысты келіп, ақыл есінің жетілуіне байланысты ол болмыс шындығын толық, мән - мағынасымен түсінеді. «Игерілуі қажет болғандардың бәрі жас сатыларына сәйкес бөлініп,әр жас кезеңіне түсініктілері ғана оқып – үйрену үшін ұсынылуы шарт » - деп жазған Я.А.Коменский.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет