Семинар тақырыбы: Тәрбиелік жүйелер. Тәрбиелік жүйелер ұғымы. Тәрбие жүйелерінің даму кезеңдері. Мектеп тәрбие жұмысының орталығы



бет1/5
Дата06.01.2022
өлшемі19,39 Kb.
#16582
түріСеминар
  1   2   3   4   5

7 семинар тақырыбы: Тәрбиелік жүйелер.

  1. Тәрбиелік жүйелер ұғымы.

  2. Тәрбие жүйелерінің даму кезеңдері.

  3. Мектеп – тәрбие жұмысының орталығы.

Тәрбие процесі – күрделі динамикалық жүйе. Өйткені, ол үнемі үзіліссіз даму, қозғалмалы, өзгермелі жағдайда болады. Тәрбие процесінің үзіліссіз жағдайы қоғамның талабына сай оның үнемі дамуымен сәйкес келеді, қозғалмалылығы – жанұя тәрбиесі, мектептегі мақсатты әртарапты тәрбиелік іс-шаралар мен мектептен тыс мекемелердің әртүрлі қызметі және баланың қызығушылығымен байланысты түрлі іс-әрекеттері, мүмкіндіктері, өмірлік тәжірибесі және әлеуметтік ортасы қарастырылса, ол мұғалімге тәрбиеде манёврлілік жасауға, қажетті кезде нәтиже беретін жол таңдауға мүмкіндік береді. Өзгермелілігі – оның жағдайға, тұрғылықты мекен-жайға, балалардың жас ерекшелігі мен жеке басының мүмкіндігін ескерумен, сондай-ақ өмірдің әртүрлі жағдайына, баланың өмір сүріп отырған ортасына т.с.с. тәуелді болуымен сәйкес анықталады.

Тәрбие - қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамдыдтарихи өмірде жинаңталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді.
Тәрбие материалдық игіліктерді өндіруге қабілетті, іскер адамдарды дайындауға бағытталуы қажет. Басты өндіруші күш - жеке тұлға. Адам жүйелі түрде күрделі қатынастарға араласып, қоғамдағы қалыптасқан идеяны, саяси және моральдық көзқарастарды, сенімдерді қоғамдағы адамдардық өмір сүру тәртібін меңгереді.

Педагогика баланы оқыту, тәрбиелеу тәжірибелерін қорытып, тәрбие және даму үшін қажетті жағдайларды анықтайды.

Қорыта айтқанда, тәрбие - қоғамның тарихи әлеуметтік-экономикалық жағдайларынан туатын объективтік процесс. Тәрбие процесінде бала өзінің дамуына қажетті жағдайларды пайдалануға тиіс. Табиғи және әлеуметтік орта оның көзқарасын дамытады.

Әрбір мемлекетте балаларға білім беру мен тәрбиені ұйымдастырудық нақтылы мәселелері мен әдістері қарастырылады. Мұғалім қандай адамды қалыптастыратынын дәл білуі керек. К.Д.Ушинский өз қызметінің айқын мақсатын көрмейтін тәрбиешіні құрылыс материалдарын бір жерге үйіп тастап, одан не алғысы келетінін білмейтін архитектормен салыстырады. Тәрбиеші жас ұрпаққа берілетін білім, іскерлік, дағдыны, тәрбиелейтін сезімді біліп, жоспарлы, мақсатты тәрбие жұмысын жүргізеді. Я.А. Коменский "Тәрбие мақсаты және міндеттері, маңызы, жүзеге асыру жолдары адамның қоғамда алатын орнымен анықталу керек", "Келесі ғасырдық қандай болатындығы сол ғасыр үшін тәрбиеленген азаматтарға байланысты. Дүние - даналар-дық көптігімен баңытты" - деген ойлар айтты.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет