Көне ескерткіштердегі септік жалғауларының қазіргі түркі
...
Серия «Филология». № 2(74)/2014
23
ƏОЖ 811.512.1
М.А.Тұрсынова, З.Н.Жуынтаева
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
(Е-mail: t_marhaba@mail.ru)
Көне ескерткіштердегі септік жалғауларының қазіргі түркі тілдеріндегі сипаты
Мақалада қазіргі түркі тілдеріндегі септік жалғауларының сипатына тарихи-салыстырмалы талдау
жасалған. Түркі тілдеріндегі септік жалғауларының өзіне тəн ерекшеліктері қарастырылып,
мысалдармен дəлелденген. Септік жалғауларының сипатын көрсетуде зерттеушілер еңбектері арқылы
қыпшақ, оғыз, қарлұқ, бұлғар, ұйғыр-оғыз тобындағы тілдердегі аталған қосымшаның фонетикалық
варианттары, дамуы мен қалыптасуы, жеке тілдерге қатысты өзгешеліктері қарастырылған. Түркі
тілдеріндегі септік жалғауларының ерекшеліктерін, айырмашылықтарын, ортақтықтарын көрсету
барысында көне жазба ескерткіштері материалдарымен байланыста талдау жасалған, түркі тілдерінің
тарихи грамматикасына қатысты мəліметтер келтірілген.
Кілт сөздер: түркі тілдері, салыстырмалы морфология, түркі тілдеріндегі септік жалғаулары, көне
түркі тілі, қазіргі түркі тілдері, салыстырмалы-тарихи зерттеулер.
Қазіргі түркі тілдері салыстырмалы морфологиясында сөз таптары, жұрнақ, жалғаулардың даму
тарихы, қазіргі тілдердегі сипаты сияқты мəселелер қарастырылады да, айтылған мəселелерді
қарастыруда тарихи-салыстырмалы зерттеудің маңызы зор екендігі шындық.
Туыстас түркі тілдеріндегі олардың ортақтығын дəлелдейтін, тектестігін көрсететін мəселенің
бірі — септік жалғаулары. Қазіргі түркі тілдеріндегі септік жалғауларының сипатын өзара салыстыру
барысында қосымшалардың варианттарындағы фонетикалық ерекшеліктерді, септік жалғауларының
санына байланысты айырмашылықтарды, жай септеу мен тəуелді септеудегі өзгешеліктерді айтуға
болады.
Кез келген тілдің даму, қалыптасуында өзгешеліктің болатыны сияқты көне ескерткіштерде жеті
септік ретінде көрінген септік жалғауларының саны қазіргі тілдерде алтыдан тоғызға дейін болып
отыр жəне олардың жалпы сипатына қатысты да ортақтықтармен қоса, айырмашылықтар орын алған.
Атау септігі. Атау септігінің арнайы тұлғасы қазақ тілінде ғана емес, барлық түркі тілдерінде
жоқ. Бірақ соған қарамастан, өзіне тəн арнайы грамматикалық формасы болмаса да, атау септігінің
өзіне тəн грамматикалық мағынасы, ол нольдік формада тұрған сөздің өзіне тəн синтаксистік қызметі
бар.
Ілік септігі. Ескерткіштерде ілік септігі заттың, қимылдың белгілі біреуге тəн екендігін
білдіреді. Ілік септігіндегі сөз еш уақытта жеке айтылмайды. Олар үнемі тəуелді жалғаулы сөздермен
тіркесіп келеді. Мұндай ерекшелік жалпы түркі тілдеріне тəн.
Ілік септік тұлғасының көне жазбалар тілінде мына сияқты фонетикалық варианттары бар: -ың,
-ің, -уң, -үң, -ның, -нің, -нуң, -наң, -нең. Осы тұлғалар қазіргі түркі тілдерінің көпшілігінде кездеседі.
Ілік септігінің тарихы туралы əр түрлі пікірлер қалыптасқан.
М.Томанов ілік септігінің тарихы жайында мынадай көзқарастарды келтіреді: В.В.Радлов ілік
септігінің алғашқы тұлғасы -ың деп қарайды да, бұның өзі о баста тəуелдік жалғауы болған, жіктеу
жəне сілтеу есімдіктеріне жалғанан дейді. Ал -ның формасының шығуын есімдіктің өзгеру
ерекшелігімен байланыстырады. Əуелі есімдіктің құрамында қолданылуымен байланысты есімдіктің
соңғы дыбысы морфологиялық ығысудың нəтижесінде аффикстің құрамына ауысып кетуі мүмкін деп
қарайды.
В.А.Богородицкий морфологиялық ығысу арқылы есімдіктер құрамында қалыптасқан -ның
аналогия жолымен басқа есім сөздерге де ауысты. Кейін есім сөздерде осы -ның аффиксін
қабылдайтын болды деген.
Г.Рамстедт былайша түсіндіреді: алғашында -н түрінде болған ілік жалғауы дауыссыз
дыбыстарға біткен түбірге жалғанғанда алдынан жалғастырушы дауысты дыбыс қосып алса керек.
Содан кейін түбірдің соңғы дыбысы қосымшаға ығысудың нəтижесінде -ның қалыптасады.
Э.В.Севортян ілік септігі мен табыс септігі бір негізден тараған дейтін жорамал айтады.
Н.А.Баскаков бұл жалғауды нене — нен дене — тəн дейтін сөзден тараған деп қарайды. Осы
пікірлерді қорытындыласақ, ілік септігінің алғашқы формасы -ың болу керек, ығысудың нəтижесінде
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
М.А.Тұрсынова, З.Н.Жуынтаева
24
Вестник Карагандинского университета
-ның пайда болған. Ілік септігі мен табыс қосымшасының алғашқы дыбыстарының бірдей болуы бір
негізден тарағандығын дəлелдейді [1].
Қазіргі түркі тілдеріндегі ілік септігінің сипатында да бірінші көзге түсетін ерекшелік те
қосымшаның дауыстыдан немесе дауыссыздан басталуында.
Э.В.Севортян «Категория падежа» мақаласында ілік септігі жалғауларын екі топқа бөліп
қарастырады да, оңтүстік-батыс тобындағы тілдерде қолданылатындарға -ын, -ин, -ун, -үң
қосымшаларын, Орхон-енисей ескерткіштерінде жəне түрікмен тіліндегіге -ың, -иң, -уң, -үң
қосымшаларын, басқа түркі тілдеріндегіге -ның, -ниң, -нуң, -нүң, -тың, -тиң, -дың, -диң, -нын, -нин,