Серуен №1 Бақылау: Ауладағы қыдырып жүрген мысыққа бақылау жасау. Еңбек. Аула сыпырушыға көмектесу. Жеке жұмыс. Балалармен мысық туралы өлең жаттау. Ойға батып мысық Мысық сүтке тойды Отыр көзін қысып қойды Әндетіп бір баяу Дейді мияу,мияу



бет1/6
Дата12.06.2023
өлшемі0,53 Mb.
#100684
  1   2   3   4   5   6



Серуен №1

  1. Бақылау: Ауладағы қыдырып жүрген мысыққа бақылау жасау.

  2. Еңбек. Аула сыпырушыға көмектесу.

  3. Жеке жұмыс. Балалармен мысық туралы өлең жаттау.

Ойға батып мысық Мысық сүтке тойды
Отыр көзін қысып Көзін қысып қойды
Әндетіп бір баяу Әндетіп бір баяу
Дейді мияу,мияу,мияу. Дейді мияу,мияу,мияу.

  1. Ойындар: «Тышқан мен мысық»

«Кім тез жетеді?»

  1. Көркем сөз: Бала мысық батыл-ақ,

Тышқан ұстау талабы.
Сылдыр етсе жапырақ,
Дереу бұға қалады.
Серуен №2

  1. Бақылау: Балабақша ауласының тазалығын бақылау.

Мақсаты: тазалыққа, әсемдікке баулу. Еңбек сүйгіштікке, үлкендер еңбегін бағалауға тәрбиелеу.

  1. Еңбек. Телімдегі қағаз және ағаш қалдықтарын жинастыру.

  2. Жеке жұмыс: 1-2 балаға балабақша туралы өлеңдерін қайталату, әңгімелету.

  3. Ойындар: «Кім шапшаң?»

«Ұтып ал»

  1. Көркем сөз. Тазалық-денсаулық кепілі.(мақал)





Серуен №3
1.Бақылау: Ауа – райын бақылау.
Мақсаты: Ауа райындағы өзгерістерді аңғаруға және айтуға үйрету. Желдің бағытын қалай білу керектігін түсіндіру. Өз ойларын толық жеткізе білуге жұмыстану.
2. Қимылды ойындар: «Кім өз жалаушасына тез жетеді?»
«Қуыспақ»
3. Жеке жұмыс: Жұмбақ жаттау
Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің,
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.
4. Еңбек: Телімдегі гүлдерге су құю.
5. Көркем сөз: Жаңбыр, жаңбыр жау – жау,
Көк белеңді сау – сау.


Серуен №4
Бақылау: Жаңбырдың жауғанын бақылату
Мақсаты: Жаңбырдың неден пайда болатыны туралы түсініктерін қалыптастыру. Оның табиғатқа тигізер пайдасын білдіру. Жерге сіңуін көсету.Ақ жауын ба, нөсер ме? Айыра білуге баулу.
2. Қимылды ойын: «Күн мен жаңбыр» , «Жасырынбақ»
3. Жеке жұмыс: Жұмбақ шешуге үйрету.
Көтеріліп теңізден,
Аспанға биік барамын.
Биіктен қайта түскенде,
Өңі кірер даланың.
4. Еңбек.Телімдегі қағаз,қоқыстарды жинау
5. Көркем сөз: Жау, жау жаңбыр, жау жаңбыр.
Арық суы мол болсын.
Өсімдіктер көп болсын.
Жауған жерің шөп болсын




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет