Сәтбайдан екі ауыл тарайды. Бірі қажының қарашаңырағы орнаған Обалы биігінің іргесіндегі Үлкен ауыл да; екіншісі Қарамұрын дөңінің түстік етегінен ірге тепкен Кіші ауыл Имантайға қарасты екі-үш үй
КЕНЖЕТАЙ
Сәтбайдан екі ауыл тарайды. Бірі – қажының қарашаңырағы орнаған Обалы биігінің іргесіндегі Үлкен ауыл да; екіншісі – Қарамұрын дөңінің түстік етегінен ірге тепкен Кіші ауыл – Имантайға қарасты екі-үш үй. Екі ауылдың арасы қозы көш жер.
Қазиза қыз Шорман биден туған «төрт асыл тастың» (Бiржан сал Қожағұлұлының Сара ақынмен айтысында қолданған теңеуi) бiрi – Әужанның (Әбу-Сина, Әбуғали) Ақыш деген жасөспірім ұрпағына атастырылды.
Ырымшыл Имантай әулие абыздың баяғы жорамал сөзiне имандай сеніп, нәресте күтуден жаңылмаған. Қос қосағынан сол ойын жасырмай: «Құдай берерiнен жазбасын деңдер, тағы бiр мәрте бала сүйемiн. Бiздiң әулеттiң атағын тегiнде шартарапқа жаятын нағыз барыс сол болады», – дейдi екен.
Қадiрмендi Имеке, – дейдi абыз ауыл иесiне қарап, – мына балаңды ел билейтiн бек, иә болыс, мырза, әлқисса батыр деген балама есімге байламаймын. Мұның да есімін ат ұстар үлкенiң Fабдулғазизге ұқсатып Fабдул қоямын. Тәубәшіл көңiлiң разы болғай, жадағай-жабы құл емес, еңсесi биiк һәм мәртебелi құл атансын деген үмiтпен Fабдулғани атаймын... – Қарт абыз нәрестенiң үлбіреген бетiн ашып, ашық маңдайын емiне иiскеп, құлағына тақай түсіп, – Ей, бейкүнә балақан, бұдан былай сенiң есiмiң FАБДУЛҒАНИ, FАБДУЛҒАНИ, FАБДУЛҒАНИ болады! – деп үш мәрте қайталап, дұға оқып, рәсiмдi батасын жасап, бетiн сипады.(Есімін Құрманьай абыз қояды) «Доңыз жылында, жаңа есеппен 1899 жылы наурыз айында, яки марттың 31-жұлдызында мейiрiмi мол Жаппар Жаратушы Имантай есiмдi құлына ұл сыйлады. Есiмiн Қасиеттi кiтаптан қарап, Fабдулғани қойдық»
Осы ауылдың көшбасшы ақсақалы туралы екі дерек Қ. Исабай мен С. Байжан жариялаған «Қажыға барған қазақтар» кiтабында келтiрiлген: алғашқысы – баянаулалық тәуеп етушiлердiң 1901 жылдың 31 желтоқсаны күнi Ресейдiң шекара кеденiне берген ресми қолхаты; екiншi құжат – Ақкелiн болысынан Меккеге аттанған сегіз адамның тiзiмi, үшеуi – 75 жастағы Иса Шорманов, 80 жастағы Сәтбай Шөтiкұлы Сатаев және 74 жастағы Алтыбасар Жылқыбаев сол сапардан туған жұртына оралмаған, үшеуі де Меккеде опат болған.
«ҚАШАҒАН ҚҰЛЫН ҚАСҚЫРҒА АЛҒЫЗБАЙДЫ»
Мәшһүр Жүсiптiң Мұса мырзаны жоқтаған қазанамасында: «Дiн шырағын жандырдың, Баяндайын қалаға, Медресе-мешiт салдырдың. Нұр балқып раушан жүзiңнен, Жұртыңның мейiрiн қандырдың…» – дегенi тегінде ақын-пірәдардың өз басынан кешкен жайт. Көпей перзенті сол медресеге бес жасында, 1863 жылы қабыл-данып, үздiк оқып, он алты жасынан былай өзi туған Әулиелi Қызылтауда бала оқытуға кiрiскен. Бірер жылдан соң Түркiстанға барып, одан Тәшкент, Самарқан, Бұхараны кезiп, ақырында мұсылман жұртына атағы мәлiм Көкілташ медресесiнде жетi-сегiз жыл ұдайы бiлiмiн көтерiп, Баянаулаға сақа жігіт атанып есейген кезiнде қайтып оралған. Өз ауылында медресе ашып бала оқытқан, өлең кiтаптарын жазған, «Қазақ шежiресiн» толғаған, ел мен жер тарихын қағазға түсiрiп, қолжазба жияр «Қара месiне» тоғыта берген тамаша өнегесi Төртуыл жұртының үлкенкiшiсiне үлгi боп тараған.
Әлбетте, бастапқы жол-жоба Сәтекеңнiң iзбасар үлкенi Имантайға түскен. Ауылда жүрiп мұсылманша сауатын ашқан соң-ақ ол 1862 жылы он жетi жасында ту қияндағы (салт атты жолаушыға үш күндiк жол) Омбы шәрiне аттанып, Әбдiрахим есімді ғұламаның медресесiнде үш жыл дәрiс алып, араб, парсы, шағатай тiлдерiнде кiтап оқитын сауатқа жетедi. Орысшаға да тілі жаттығып, аз-кем түсiнiк алған (1897 жылғы санақтың арнайы сұрауына Имантай Сәтбаев: «По-русски понимаю, читаю», – деп жауап берген). «Омбыда оқыған кезiнде Шоқан Уәлихановпен танысып, жақын араласып, бiр пәтерде бiраз уақыт бiрге тұрады», – дептi академик Ә.Х. Марғұлан «Қазақстан мектебi» журналының 1969 жылғы 4-санында жариялаған естелiгiнде. Демек, Имантай жас жiгiт күнiнде Шоқан бiлiмпаздың кiмдi болсын өзiне баурай 2-0196 18 Медеу СӘРСЕКЕ бiлетiн игi әсерiн сезiнген.
Ауыл дәулетi бұдан 13 жыл бұрынғы санақ деректерiмен салыстырғанда айтарлықтай өзгермеген, сол деңгейде сақталған. Оның есесiне Сәтбаевтар өзiмен көршi төрт түлiгi қомақтырақ ауыл тұрғындарынан рухани жоғары деңгейімен дараланғанын аңғарасыз: қажының екi ауылында 1910 жылы 69 адам болыпты (34-i еркек кiндiктiлер), олардың 55 жастан асқаны – 7 адам, 18 бен 55 жас аралығындағы – 34 адам, 18 жасқа дейінгілер – 28 жасөспірім. Солардың iшiнен 8 бала санақ жүрген жылы болыстық орыс-қазақ мектебiнде бiлiм алыпты. Көш-қон басқармасының есепшiлерi ресми хаттаған анықтамада Сәтбай әулетiнiң 21 адамы, яғни осы атадан тарайтын қомақты ұрпақтың әрбiр үшiншiсi: «Орысша не мұсылманша сауаттымын, жаза да, оқи да бiлемiн», – деп нақты жауап берген. Бұл XX ғасыр басындағы қазақ қауымы үшiн сирек те тағылымы мол дерек!..
Әке еңбегі зая кеткен жоқ. Талапты шәкірт ескі заман ақындарының асыл мұраларын өз бетінше оқитын болды...
Имантайдың өз шаңырағынан бұл мектепке тұңғыш қатынаған түлек Бөкеш еді. Бұл – 1907 жыл. Екі жылдан соң оған Қаныш та қосылады. Тоғызыншы жылы ол он жаста. Ал губернатор кеңсесінің «болыстық мектептерге тек қана 15-16 жастағы киргиз балалары қабылдансын!» деген қатаң бұйрығы неліктен ескерілмеген? Ізбасар ұрпағының жастай орысша оқып, өнербілімге талпынуын ойлаған Шорман ауылының иелері шәкірт жасына шек қойған ережеге бертінде өздерінше «түзету» енгізген. Соның пайдасы кішкентай Қанышқа да тиеді.
1911 жылдың көктемінде Григорий Терентьев Имантай биге арнайы келіп тосын әңгіме бастайды.
БИГЕ ШЫҚТЫ ДӨҢГЕЛЕП
Оқу басталуға екі-үш күн қалғанда Әбікей ағасы немере інісін училищеге апарды. Меңгерушісі Овсянников шашы едірейген, ұзын бойлы кісі екен. Қаныштың Ақкелін мектебін екі жылда жедел бітіргендігі туралы куәлігін қолына алып: – Үздік бітіргенің бек қуантады, шәкірт Сәтбаев! – деп қарсы алдында монтиып тұрған жасөспірімге барлай қарайды. – Ал, қане, қымбаттым, бір өлең оқып жібер.
– Русский стихотворец Федор Иванович Тютчев, «Весенняя гроза», – деді де, рұқсат күткендей ересектерге қарады.
– Неге бөгелдіңіз?
Люблю грозу в начале мая,
Когда весенний, первый гром,
Как бы резвяся и играя,
Грохочет в небе голубом...
Есеп пәнін Ахметолла Ақтайұлы Барлыбаев оқытады. Өзі оқытатын жаратылыстану пәнін Алексеев шәкірттеріне ұғынықты, мейлінше ұтымды жолмен жеткізуге тырысады
Коньки тебуге Қаныш та үйреніп алды. Мұз айдынға ол дене шынықтыру сағатында ғана емес, жексенбі күндері, кейде кешке де келеді. Әлбетте, ағасына еріп. Әбікей Зейінұлы бұл өнерге шәкірт кезінде әуес болған, қазір ол – Керекудегі маңдайалды конькишілердің бірі. Қаныш скрипка мен мандолинада да ойнаған. Жаз шығысымен соның бәрі сап тыйылады да, оқудан мезі болған, қаланың шектеулі тұрмысынан жүдеп-жадаған балалар ауылдарына қайтады. Қанышты алып қайтатын кісі күні бұрын келіп, Керекуде тосып жатады. Кенжетайын сағынған қарт әкенің әмірі солай. Көбіне келетін Теңізбайдың Бапайы – қолы темірдей қатты, өңі суық, зор денелі адам. Ауылдағылар оны әлде сыйлап, әлде сескенгендіктен Бапаң дейді.
«Шынында да мұғалім боламын. Әбікей ағам бізді оқытса, мен елдегі балалардың көзін ашамын, – деп ойын түйеді Бапаңа ілесіп, қояншоқыраққа көшкен шәкірт бала. – Қайда барсаң да көрерің – теңсіздік, қорлау, кемсіту. Оқымай, қырдағы елдің 45 ШЫҒАРМАЛАРЫ көзін ашпай бұдан құтылмайсың, тегінде. Мәшһүр Жүсіп атамыз: «Өнерге ғылым-білім болсаң жерік, Берілер ақыр бір күн басыңа ерік...» – деп қай заманда айтқан?! Олай болса?...»
...Осылайша жебедей зымырап үш жыл өте шықты. Он екі жасында Керекуге келген шәкірт бала он беске толды. Бойы ғана емес, ойы да өскен. Үлкендермен жайланып отырып әңгіме шертеді. Сауық құрған мәжілістерде скрипка иә домбыра тартып, ән де шырқап жібереді. Оқыған кітабының оқиғасын майын тамыза әңгімелеп, қайыра айтып беруі қандай?! Сөз саптауы салмақты, жүріс-тұрысында мол парасат бар. Ауылда жүргенде Нұрым апасы өбектеп, жылы болады деп кигізіп қоятын түйе жүн күпісі мен сеңсең тымағын, саптама етігін баяғыда тастаған. Қазір ол қалаша киінеді, қайырма жағалы, жез түймелері жарқыраған қара пальто, шәкірттер аса ұнататын сәнді китель, аяғында қисық табан қызыл етік, бұтында галифе шалбар, шекпелі кең көйлектің сыртынан жібек белбеу буынады, басында мақпал қара бөрік. Қатпа денесі де ширап, бойы ұзара түскен, шаш қояды. Шашы бір түрлі әдемі, толқынданып тұрады.
– Бір күні шай ішіп отырғанда, – деді Имекең әңгімесін жалғап, – келе жатқан кеменің даусы естілді. Жүрегім су ете түсті. Қаныш бұдан былай жалғыз кетеді. Өртеніп тұрған соғыс өрті мынау, көңіл жүдеу, ел арасында ауру-сырқау көбейе бастаған. «Он бес жасар баланың тағдыры не болады?» деген ой кеудені кернеп, есімді тандырғандай. Ауылға қайтадан алып қайтуға болмайды. Оған баламның көнетін түрі жоқ. Бұл екі ортада Қозыбағар атты жегіп, жүкті артып қойған. Қанышжан алдымда мөлиіп, тез шығуды өтініп тұр. Арбаға үнсіз отырып, кемеге келдік. Қанкежан ішке кіріп кетті, бізді кіргізбеді. Кеме жүруге айналды. Қанышжан жүгіріп шығып, бізге қолын бұлғады. Қасымдағы Бапай мен Қозыбағар көздерінен жас мөлтілдетіп, аман болғай деп тұр екен. Өзім де ішімнен соны айтып, елге қайттық...»
ҚАНАТ ҰШҚАНДА ҚАТАЯДЫ
Мұғалімдер семинариясы Семейдің теріскей тұсында, қаланың шектесетін шетіне орналасқан. Көше де Степная аталған (қазір Шоқан Уәлиханов атында). Семинария үйі – сол күннің өзінде қаладағы еңселі, ішісырты ою-өрнектермен безенген, қақпа, шатыр жиектеріне дейін неше түрлі нақыштармен көркемделген екі қабат әдемі тас ғимараттардың бірі. Қаныш келген кезде бұл ұя шаңырақ көтергеніне он жылдан асып, өзіндік дәстүрі, ұстаздық үлгі-өнегесі қалыптасқан салиқалы білім ошағы атанған кезі. Семинарияның оқытушылары – ағайынды Н.Н. және А.Н. Белослюдовтар, Н.Я. Коншин, ерлі-зайыпты Нәзипа және Нұрғали Құлжановтар, Н.П. Ильинский, В.М. Морозов, Ә.З. Сәтбаев, Н. СулимаГрузинский, В.Н. Попов...
Ерлі-зайыпты Құлжановтар мұғалімдер семинариясында ұйымдасқан кезінен ұстаздық еткен. Нұрғали Құлжанов – Торғайда Ы. Алтынсарин 1864 жылы ашқан тұңғыш қазақ мектебінің түлегі, ал жұбайы Нәзипа Сағызбайқызы – өткен ғасырдың аяқ шенінде Қостанайдағы орыс-киргиз прогимназиясында оқыған бес қазақ қызының бірі. Прогимназияны ол аса үздік бағамен, бірінші оқушы атанып бітіреді де, Торғай қаласындағы қыздар училищесіне ұстаз-тәрбиешінің көмекшісі болып тағайындалады. Сірә, сол қарсаңда осы жерде қызмет істейтін Нұрғали мұғаліммен кездескен. Оқыған зиялылар бірін-бірі сүйеді, бірақ үй болып бірден шаңырақ көтере алмайды.. . Сол жолда жүріп Нұрғали Құлжанов 1919 жылы Колчак жендеттерінің қолынан қаза тапқан. Ал Нәзипа Сағызбайқызы – 1937 жылғы, ел оқығандарын жаппай отаған «Қызыл қырғынның» құрбаны.
«О, бәрекелді! Тусаң ту, Сәтекеңнің төрт арысы! Өнер деп осыны айтыңдар, оқысаңдар, осылай оқыңдар!» – деп қошемет білдіреді. Төрт арыс дейтіні – өнер көрсетіп тұрған ағайындыларға білдірген қошемет: Әбікей – гармоньда ойнаса, Әбдікәрім (Кәрім) – скрипканың дүлдүлі, Бөкеш – домбыраға жүйрік, ал Қаныш – мандолина мен гитарды бірдей тартады...
(Жылдар өтеді. Кешегі шәкірттер ержетіп, өмір ағысына шыққан. Бірі – инженер, екіншісі – қаламгер. Күні кешегі арманы жүзеге асып, ұлт театры шаңырақ көтерді. Сол театрдың шымылдығын ашқан қойылымның бірі – «Еңлік–Кебек», авторы – кешегі «Қазақша бастапқы ойынның» белсенді қатысушысы Мұхтар Әуезов. Ал ұлт театрының алғашқы қадамын, табысы мен кемшілігін жанашыр көңілімен қуаныштап, әрі сәт сапар тілеп тебірене жазған тұңғыш сыншысы – кен инженері Қаныш Сәтбаев. «...Қазақ ұлт театрының келешегіндегі жолына төменгі үш бағыт негіз болуы керек деп білеміз: бірінші, театр – ел өмірінің түзу айнасы; екінші, театр – ел міндетінің құрулы тезі, төреші ұстазы; үшінші, театр – қазақтың салт-сана, күйі, сарындары сияқты мәдениет, өнер кендерінің терең ошағы, ұйытқысы», – деп ой толғаған ол «Еңбекші қазақ» газетінің 1927 жылғы 24 қаңтарда жариялаған «Қазақстанның ұлт театры» атты шолу мақаласында).
Жас Қаныштың әр жылы, оқудан келген сайын парызы санап ыждағатпен орындайтын бір рәсімі – өздерімен қоңсы отырған, Арқаның атақты әншісі һәм сазгері Жаяу Мұса Байжанұлына арнайы барып сәлем беру. Сол қауышуға Қаныш қана емес, қарт әншінің өзі де құштар. Мерзімді күнінен кешіге бастаса, «Имекеңнің кенжесі келіп пе екен, нәзік бала еді, оқудан ауырып қалмады ма екен?» – деп сұрау салып, іздеп отырады. Шыдамы түгесілсе, сипаң торысын өкпеге тепкілеп, Далбадан өзі-ақ келеді.
Бәрекелді, ризамын. Имекеңнің ақыл-ойын ғана емес, сыпайылығын да айнытпай алғаныңды көріп тұрмын. Жә, бұйымтайыңды айт, менен не қалайсың? – Бұйымтай жоқ, әнші ата. – Шынымен көңіліңде ештеңе жоқ па? – Жоқ, шыным. – Жә, үш қайтара сұрадым, жоқ деп үш мәрте қайырдың. Шынында да сәлем бере келіпсің, ризамын. Қане, қолыңды жай, балам! Әлгінде өзің құмарта сипаған көк қаршығам – менің аяқтыға ұстатпай, тұяқтыға қақтырмай қастерлеп, бабында сақтап келе жатқан жалғыз асылым. Сен де, Қанкежан, Имекеңдей ел жақсысының жастай баптап, ертелі-кеш бағып отырған балапан қанат сұңқарысың. Көк қаршығаны саған байладым. Екеуіңнің бұдан былайғы тілеуің бір болсын, қос қыран! Ұшқан кезде мерейлерің үстем болып, жолдарыңа нұр жаусын, әумин!.. Бұл қазір нағыз бабында, алып кетіп, демалысыңа ермек ет, саят құрғын, қарағым! – деп қарт әнші көзіне жас алды. Алайда Қанкежан құсты алудан үзілді-кесілді бас тартты. – Аты менікі болып, заты сізде қалсын, әнші ата! Сауыққан соң менің қаршығамды алып, жайлауға келіңіз. Бұйырған саятты сол кезде көреміз, – деп, әншінің өзіне міндет артып, оп-оңай құтылып кетті.
Ауылға келген соң жастар болған әңгімені биге айтады. – Бәрекелді, құсын алмай келгендерің жөн болған. Ол бір дауы көп, қырсықты қаршыға еді... – дейді ауыл иесі. – Жақында сол құсты қолқалап, Шорекең ауылынан Біләл болыс барыпты. Мырза ауылының кекірейген мінезі қалған ба, аттан түспей, Жаяудың үйіне шабарманын жұмсапты. Шабарманға әнші атаң кісі деп қарамаған, төсектен басын көтермей, газет оқыған қалпы, тіл қатпастан сазарып жата берген... Болысқа бермеген сүйікті қыранын саған атағаны таң қаларлық мінез! Иә, жарықтықтың пейілі солай. Біреуге көлдей жомарт, біреуге шөлдей сараң... Уағда етсе, келеді әнші атаң. Одан, саят емес, дүние әңгімесін естіп, өнер үйрену абзал... – деп Имантай қарт сөзді түйеді.