Сәулет өнерінде негізгі көңіл бөлінетін және міндетті түрде оң шешімін табатын төмендегідей басты бағыттар



бет7/8
Дата31.12.2021
өлшемі159,6 Kb.
#22312
1   2   3   4   5   6   7   8
5. ИНЖЕНЕРЛІК ЖАБДЫҚТАУ БӨЛІМІ

5.1. Жылыту жүйесі

Ғимаратының жылыту жүйесінің ҚР ҚНжЕ 4.02–42–2006 «Жылыту, ауа алмастыру және кондициялау» негізінде орындалады.

Жылыту жүйесін есептеу үшін сыртқы ауаның есептік параметрі минус 260С, бөлмедегі ішкі ауаның есептік параметрі +20-250С болып қабылданады.


5.2. Ауа алмастыру

Жас-өспірім орталық ғимаратын жобалау кезінде желдету жүйесін дұрыс таңдау маңызды. Бұл үшін оның жіктелуін түсіну қажет.

Желдетудің екі түрі бар:


  • табиғи;

  • жасанды.

Жасанды желдету - бұл сыртқы көздер (механизмдер) әсерінен ауа алмасу арқылы жүретін желдету жүйесі.Әр жабық спорттық ғимараттарда табиғи және жасанды желдету болуы тиіс.

Желдету жабдықтары келесі түрлерге бөлінеді: жылуды қалпына келтіру, төбелік желдету қондырғылары, канализациялық желдету жүйесі бар орталықтандырылған жүйе.



















ДЖ 1418000 06.21

Өлш.

Пар.

Құжат №

Қолы

Күні

Орындаған

Берікқожа Ұ.Қ.







Жетекші

Мамбетяров Е.







ИНЖЕНЕРЛІК ЖАБДЫҚТАУ БӨЛІМІ



әдебиет.

бет

беттер

Рецензент

Юсупов А.Ж.







О







Кеңесші










ЖПЖК

4АХТ-17-1



ЦӘК төрайымы

Мамбетова Р.С.



















5.3. Су жүйесі және канализация

Төбеден жаңбыр және қар суларын ағызу жүйесі сырттай ұйымдастырылған болып жобаланады. Суық су және канализация жүйесінің желісін жинақтау ҚНжЕ 3.05.01–85 «Ішкі санитарлық-техникалық жүйелер», ҚР ҚНжЕ 4.01-02.2011 «Ішкі су жүйесі және канализация», ҚР ҚН4.01-05-2002 «Пластмас құбырлардан жасалынатын ішкі су жүйесі және канализация

желілерін жобалау және монтаждау» сәйкес талаптарына орындалады.

Суық су жүйесі қалалық желіден тартылып жобаланған.

Ғимараттың ішкі канализация желісі қалалық канализация жүйесіне қосылады. Сыртқы канализация жүйесінің құбырлары МЕСТ 942.3-80 бойынша жасалынады. Құбырлардың жік арасы қара маймен майланған кендір жіппен немесе ма сіңірілген кендір талшықтармен (паклямен) тығыздалады. Сыртынан цемент ертіндісімен салынады. Ішкі канализация желінің құбырлары полиэтиленді құбырлардан ∅50-110мм ТУ 22089.1-89 жасалынады. Желі ішінде ревизиялар мен тазалағыштар қарастырылған.


5.4. Электрмен жарықтандыру

Ғимаратты электрмен жарықтандыру қалалық электр желілерінен қамтамасыз етілді.

Электрмен жарықтандыру кіру-таратылу щит ВРУ1 сериясы арқылы таратылады. Әр пәтерге қабаттың жарықтандыратын щиттен үш типтік желі тартылады.

Тоқтан қорғау шаралары ол қорғау занулениесі ПЭУ (17 тарау) және ҚНжЕ 3.05.06-8* талаптарына сәйкес әзірленеді.


5.5. Телефон, теледидар және радио желілері

Телефонмен жабдықтау қалалық телефон желілерінен тартылады. Телефон кабелі ТПП 30х2х0,4м іргетас астына кіргізіледі. Тартқыш жүйе ТПП кабельмен, ал тік құбырларда – ТПП 10х2х0,4 полиэтилен құбырлардың ішінде жүргізіледі.

Шатырда теледидар үшін коллективті қабылдау антеннасы орнатылады. Теледидардың тарататын желі кабелін К75-4-15-АК радио желісімен бірге құбырда жүргізіледі.Антенна коробкасын және желідегі күшейткіш қабаттың біріктірілген щиттерде орналасады.

Абоненттік қалалық радио хабар таратушы желісі радиосын ПВЖ-211х1,81 тік құбырлар арқылы жүргізіледі. Таратқыш жүйесі болат және полиэтилен құбырлардың ішінде сылақтың астынан ТРЖ-2М-2 сымымен жүргізіледі.Радио розеткасын электрлік розеткасынан 1м қашықтықтан аспай орнату қажет.


5.6. Жерге қосу және найзағайдан қорғау

Радио тік құбырлардың және телеантеналардың жайдан қорғау ПЭУ және Д34.21.122-87 сәйкес орындалуы қажет. Диаметрі 8мм-ге тең болат электр тоғын бұрып жіберетін тізбекті жерге қосу контурымен жалғау қажет. Жерге қосу контурын, арасы 40х4мм болат жолақпен байланыстырып диаметрі 12мм болат өзектерінен жасалынған.

Барлық жерге қосу жұмыстарын дәнекерлеп орындалуы керек.
5.7. Сейсмикаға қарсы шаралар

Антисейсмикалық іс-шаралар ҚР ҚНжЕ 2.03.30-2006 «ҚР сейсмикалық аудандарындағы құрылыс» бойынша орындалынады.

Ғимараттың сейсмикалық көрсеткіші- 8 балл.

Құрылыс ауданының сейсмикалық көрсеткіші- 8 балл.

Ғимараттың жобадағы өлшемі 38х36м және биіктігі – 10 м ,бұл ҚР ҚНжЕ 2.03.04-2001 «ҚР сейсмикалық аудандарындағы құрылыс» талабына сәйкес келеді.

Жобада іргетас астына ұсақ тастан битум сіңірілген, үстінен лак негізіндегі полимер ХІІ-734 жағылып төсеніш қарастырылады.

Тот басуға қарсы іс-шаралар ҚР ҚНжЕ 2.01.19 – 2004 «Құрылыс конструкцияларын тоттан қорғау» және осы жоба нұсқау талаптарына сәйкес орындалуы тиіс.

Барлық бетон және темірбетон конструкцияларының топырақпен шектелген жерлерін, лак негізіндегі полимермен ХІІ-734-пен сырлануы тиіс.

Ғимарат жақтауындағы металл торларды сыртқы өрт сөндіру сатысын кузбас лакпен бояу керек.

Қауіпсіз жаққа көшіру жолдарындағы есіктері ғимараттан шығатын бағыттарында ашылады. Бөлмелерді әрлеу үшін жанбайтын материалдар қарастырылған. Өртке қарсы іс-шаралары мына төмендегі құжаттарға сәйкес орындалған: ҚР ҚНжЕ 3.02-01 – 2001 «Тұрғын үйлер», ҚР ҚНжЕ 2.02-05 – 2002 «Ғимараттар және үймәреттердің техника қауіпсіздігі».

ҚР ҚНжЕ 2.02-05 – 2002 бойынша жобаланған 2 қабатты қоғамдық ғимаратының отқа төзімділігі ІІI-дәрежелі.

Бөлмелерді әрлеу үшін жанбайтын материалдар қарастырылған.



6. Экономикалық бөлім

6.1 Құрылыстағы нарықтық қатынастар


















ДЖ 141800006.21

Өлш.

Пар.

Құжат №

Қолы

Күні

Студент

Берікқожа Ұ.







Жетекші

Мамбетияров Е.







ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ


әдебиет.

бет

беттер

ЦӘК төрайымы

Мамбетова Р.С







О







Рецензент

Юсупов А.Ж.







ЖПЖК

4АХТ-17-1



Кеңесші

Унетаева Г.Ж.



















Экономиканың барлық саласында қосымша өндірісті кеңейту құрамын және оның көлемін техникалық деңгейін көтеру күрделі құрылыс саласына тікелей байланысты. Қазіргі кездегі кезек күттірмейтін міндет күрделі құрылысты түбегейлі жетілдіру және құрылыс кешенін толықтай жаңа индустриялдық ұйымдастыру деңгейіне көтеру болып отыр. Жылдар бойы жинақталғанпроблемалар және ұзақ уақыт бойы шешім таппауы осы саладағы күрделі қаржы салымының тиімділгін арттыруға қол байлау болып отыр. Оның үстіне қазіргі кездегі халық шаруашылығындағы экономикалық қиындықтар құрылыс саласында біраз әлсіреген жағдайы бар. Оның үстіне ғимараттардың өзінің нормативті пайдалану мерзімі 2-3 есе ұлғайту, жобалардың техникалық деңгейінің нашарлығы, мердігерлік мекемелердің тығырықтан шыға алмауы еліміздегі ғылыми техникалық прогресстің дамуына кері әсерін тигізіп отыр. Құрылыстағы сметалық бағаларды қайта қараудың негізгі бағыты – құрылыс және жобалау ұжымдарының жұмыстарын жетілдірудегі және күрделі қаржы игерімінің тиімділігін арттыруды сметалық бағалар рөлін күшейту болып табаылады. Бағаны негіздеу механизімің қайта қаралуын және олардың сапалық деңгейіне байланысты тұтынылатын материалдық ресурстары келісім бағаларды тұтынылатын материалдық ресурстарда келісім бағаларды кеңінен қолдану қажеттілігінен туындап отыр.

Өндірістік тауарларға қойылатын бағаларды тасымалдау қызметі тарифтерін,құрылыстағы сметалық бағаларды қайта қарау, ұжымдарда

шынайы шаруашылық есеп және өзін-өзі қаржыландыру принциптерін

кешенді пайдалануды қалыптастыруға және нарықтық экономикаға өтуге

оңтайлы ықпалын тигізері сөзсіз.

Сметалық және келісім бағаларды тағайындау кезіндегі күрделі қаржы қайтарымының тиімділігін арттыру, өнімнің тұтыну және сапалық деңгейін көтеру, проблемаларын және қажетті шығындарды адекватты түрде бағаламауға мүмкіндік беретін механизм тетіктерін құру құрылыстағы нарықтық экономикаға көшірудегі негізгі бағыт болып табылады.

Құрылыстың құнын төмендету үшін қазіргі заманғы тиімді және энергия үнемдеуші сәулет-құрылыс шешімдеріне көшуді талап етеді. Қосымша жүктемеге не магистральдық және орам ішілік инженерлік жүйелерді, өзге де инженерлік инфроқұрылымды дамытуға және жалғастыруға байланысты құрылысты салушылырдың шығындарды жүктеудің қазіргі кездегі практикалық салынып жатқан тұрғын үйдің бір шаршы метрінің құнынан асады.

Объектілердің құрылысының төмендету сметалық нормативтік базаны жетілдіруге байланысты. Жаңа еңбекақы деңгейін, құрылыс машиналары мен тетіктерін, материалдарды, бұйымдарды және конструкцияларды пайдалануға арналған ағымдығы бағаларды ескере отырып, құрылыс өнімдерінің бағасына дәлме-дәл анықтау, жұмыстарды жүргізудің жаңа озық әдістерін қолдану мақсатында алғаш рет жаңа қазақстандық сметалықнормативтер әзірленді. Осы нормативтердің ережелері Қазақстан Республикасынң аумағындағы объектілердің құрылысын мемелкеттік қаражат есебінен жүзеге асыратын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызмет субъектілерінің қолдануына жағады. Басқа субъектілер үшін бұл нормативтер ұсынымдық сипатта болады.

Экономиканың жаңа құрылыс материалдарына, бұйымдар мен конструкцияға қажеттілігін қамтамасыз ету үшін Қазақстанда қажетті шикізаттар мен ресурстар, өндірістік қуаттар, жұмысшылар мен арнайы инженерлік мамандар да бар.

Құрылыс кешендерінің нарықтыққа өтуі жоғарғы мемелекеттік мердігерлеу басқару құрылымдары және жобалау мекемелерін тарату, мемлекеттік меншікті жетілдіру және құрылы өнімдеріне еркін нарықтық бағаны қолдану жолдарымен жүзеге асады.

Нарық бұл мемлекеттік іскерлік басқарудан еркін, әртүрлі меншік түрінде, әсірісе жекеменшікке және сұраным мен ұсыныстарға сәйкес тауар алмасы. Шаруашылықты нарықтық әдіспен жүргізуге, өтуге қарай яғни сметалық мөлшерлер мен бағалардың элементтеріне дерективті бекітіліп негізделген келісілген бағалар өткен кезеңге кетеді.

Сұраным мен ұсынымдар енгізінде мердігерлік жұмыстарды саудалау процесінде нарық пайда болады. Саудаласу көмегімен, яғни құрылыста сметалық мөлшерлер мен біркелкі бағалар керек еместігін білдірмейді. Олардың көмегімен барлық техникалық-экономикалық есептеулер жобалық шешімдердің варианттарын салыстыру жүзеге асуы керек.

Қазіргі құрылыстағы бағаның қалыптасу жағдайы өте қанағаттанарлықсыз жағдайда. Жобалау жұмыстары институттары қарастырған базистік деп аталатын сметалық құжаттар, өзінің мағнасы бойынша құрылыстың бағасы жалған дәрежеде және де шындықтан бірнеше есе алшақтайды.
VI.3. Негізгі техника – экономикалық көрсеткіштер

Жергілікті смета

Жергілікті сметаны құрылыс-монтаж жұмыстарының сметалық құны, қалыпты еңбек сиымдылғы және жұмысшылардың сметалық жалақысы есептеледі

Үйлер мен құрылыстарды салуға локальдық сметаларда үйдің жер асты және жер үсті бөліктеріне жеке қатысты жұмыстар, сондай-ақ құрылыс және монтаждау жұмыстарының жекелеген түрлері топтастырылатын жұмыстар ерекшеленеді.

Локальдық сметаларды дайындау жұмыс көлемдеріне жұмыстың сызбалары бойынша айқындаудан басталады. Бұл жағдайда ҚР ҚНЕ IV-2 элементінің сметалық нормаларды әрбір жинағының техникалық бөлігінде келтірілген есептеу ережесі сақталуы тиіс.

Тікелей шығындардың сметалық құнын олардың құрылыс машиналары менмехенизмдерін пайдалануға байланысты жұмысшылардың жалақыларын сондай-ақ машиналарға қызмет етумен айналыспайтын жұмысшылардың негізгі жалақысы н бөлу үшін ҚР ҚНЕ IV-2 жинақтары жекелегенбағалаулар: жергілікті материалдар мен құрылымдардарға аймақтық сметалық бағалар жинақтары пайдалынады.


Объектілік смета

Объектілік сметалар кәсіпорынның кезекті немесе іске қосу кешенінің құрылымына кіретін әрбір жекелеген үй және элементтер мен жұмыс түрлеріне локальдық сметалар негізінде әзірленеді. Объектілік сметаларға жалпы құрылыстық, санитарлық-техникалық, арнайы құрылыстық, монтаждық жұмыстардың инвентарі, және басқаларының бүкіл кешеннің өндіріске жұмсалатын шығындар, сметалық жалқы қалыптың еңбек сиымдылығы көрсеткіштері енеді.

Объектілік сметалық құнына: барлық локальдық сметалар бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарының қорытындысынан белгіленген проценттер уақытына үйлер мен құрылыстарға қыс уақытында орындалатын жұмыстардың қымбаттауын жұмсалатын қаржылар жинақтық сметалық есептің алтыыншы тарауының құрамында көзделген, барлық локальдық сметалық есептер және уақытша үйлер мен құрылыстардың қымбаттау құны бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары қорытындысының тиісті проценті енеді.

6.4 Жобаланатын ғимараттың құрылысының есептік құнын анықтау


Кесте 7.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет