Ш. Уәлиханов атындағы кму хабаршысы issn 1608-2206 Филология сериясы. №4, 2019


М.Ж. КӨПЕЙҰЛЫ ПУБЛИЦИСТИКАСЫНДАҒЫ



Pdf көрінісі
бет14/341
Дата07.01.2022
өлшемі3,45 Mb.
#18687
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   341
 

М.Ж. КӨПЕЙҰЛЫ ПУБЛИЦИСТИКАСЫНДАҒЫ 

ЛИНГВОМӘДЕНИ БІРЛІКТЕР  

 

 

Мақалада  М.Ж.  Көпейұлы  публицистикасындағы  лингвомәдени  бірліктер  тілдік 

талдауға  түседі.  Әдеби  тілді  дамытушы  жеке  тілдік  тұлғаның  өзіндік  қырларын 

танытудағы  публицистиканың  ерекшелігі  сараланады.  Қаламгердің  публицистикасындағы 

лингвомәдени бірліктер негізінде анықталатын тілдік тұлға ретіндегі болмысы зерделенеді.  

 

М.Ж. Көпейұлы көсемсөзіндегі лингвомәдени бірліктер арқылы қоғамдық өзгерістердің 

қазақ  халқының  тұрмысында,  дүниетанымында  қалайша  көрініс  тапқандығы 

публицистикасынан алынған мысалдар арқылы анықталады. 

Тірек  сөздер:  публицистика,  көсемсөз,  лингвомәдени  бірлік,  ұлттық  тәрбие,  ұлттық 

таным, ұлттық өнер, саятшылық өнер, әлеуметтік жағдай, өнер, білім т.б. 

 

КІРІСПЕ 



 

 

Публицистика  –  өмірде  орын  алған  шынайы  деректер  мен  құбылыстарды  дәл,  нақты 



сипаттайтын,  қысқа,  әрі  жедел,  көркем  қасиеттерге  ие  жанр.  Онда  ақиқат  өмірдің  суреті 

бейнеленеді  және  оның  негізгі  арқауы  −  шындық.  Сондықтан  публицистикада  өмірлік 

деректер  мен  құбылыстардың  бәрі  бірдей  талғаусыз  алына  бермейді,  белгілі  бір  мақсатқа 

қызмет  ететін  айғақ-деректер  ғана  кәдеге  жарайды.  «Қай  заман  публицистикасы  болмасын 

өмір  құбылыстары  мен  оқиғаларын  сол  дәуірдің  әлеуметтік  көзқарасы  тұрғысынан 

саралайды» [1, 4]. Оны әр дәуірдің сөз зергерлері заман ағымына қарай қолданып отырған.  

 

Публицистика  –  сөз  өнерінің  үлкен  бір  саласы.  Оны  А.  Байтұрсынов  «көсемсөз»  деп 



атап, мынадай күрделі анықтама береді: «Көсемсөз – шешен сөз сияқты әлеуметке айтқанын 

істету мақсатпен шығарылатын сөз. Шешен сөзден айырмасы – көсемсөз жазумен айтылады. 

Көсемсөз  әлеумет  ісіне  басшылық  пікір  жүргізетін  сөз  болғандықтан  да  көсемсөз  деп 

аталады.  Көсемсөз  кезіндегі  әлеуметке  керек  іске  мұрындық  болады.  Қоғам  істерін  түзету, 

жаңалау,  өзгерту  керек  болған  кезде  халықты  соған  ұйытып,  көбінің  миына  қондырып, 

көңіліне сіңіреді. Көсемсөз күндегі мәселе жайын сөйлейтін сөз болған соң, кезіндегі шығып 

тұратын газет-журнал жүзінде шығады. Көсемсөз әлеуметке басшылық есебінде айтылатын 

сөз  болғандықтан,  жұрт  ісіне  мәні  зор.  Басшылығы  дұрыс  болса,  әлеуметті  түзейді,  теріс 

басшылық  қылса,  әлеуметті  адастырады.  Көсемсөз  жазып,  әлеуметке  басшылық  қылатын 

адам көпті көрген көсем, білімді адам боларға керек» [2, 102]. Ғалымның пікіріне сүйенсек, 

көсемсөз  қоғамдық  сананы  оятып  қана  қоймайды,  оған  басшылық  та  жасайды,  егер 

басшылығы дұрыс болса, әлеуметті түзейді. Ал басшылық қылатын адам көпті көрген көсем, 

білімді болу керек. Публицистиканың қоғамдағы қызметі туралы Т. Амандосовтың пікірі де 

осыған  саяды.  Оның  айтуынша:  «Публицистиканың  функциясы  –  қоғамдық  пікірді 

қалыптастыруға  әсер  ету  арқылы  қоғамдық  сана  мен  қоғамдық  практикаға  ықпал  жасау. 

Сонымен  қатар  публицистика  адамға  тек  логикалық  жағынан  ғана  емес,  сезім  жағынан  да 




Ш. Уәлиханов атындағы КМУ хабаршысы    ISSN  1608-2206                                   Филология сериясы. № 4, 2019 

 



 

ықпал  жасауға  тиіс»  [3,  18].  Демек,  публицистика  қоғамдық  санаға,  қоғамдық  тәжірибеге, 

адамның  ойлау  жүйесіне  және  адамның  сезіміне  ықпал  жасау  қызметін  де  атқарады.  Олай 

болса,  публицистиканы  тілдік  тұлғаның  қоғамдағы  қозғаушы  күш  ретіндегі  болмысын 

айғақтайтын  дүние  деуге  болады.  Олай  болса,  публицистикалық  шығармаларды 

лингвомәдениеттанымдық  тұрғыдан  зерттеу  әдеби  тілді  дамытушы  жеке  тілдік  тұлғаның 

өзіндік қырларын ашуға септігін тигізеді. Сондықтан аталмыш мақалада М.Ж. Көпейұлының 

тілдік  тұлғасын  публицистикалық  шығармаларындағы  лингвомәдени  бірліктер  негзінде 

зерттеу көзделіп отыр. 

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ  



 

 

Публицистика  өмір  шындығын,  өмірдің  өзекті  мәселелерін,  халықаралық  саясат 



туралы, күнделікті тіршілік құбылыстарын, замана шежіресін жасауға, суреттеуге мейлінше 

ыңғайлы  дүние.  Бұл  бұқаралық  ақпарат  құралдары  арқылы  жүзеге  асады.  М.Ж.  Көпейұлы 

өмір сүрген заманда мұндай қызметті «Дала уалаяты газеті», «Айқап» журналы т.б. атқарды. 

Қазақ  ұлтының  санасына  сәуле  түсіру  мақсатын  көздеген  М.Ж.  Көпейұлы  өзінің 

публицистикалық  ой-толғамдарын  «Дала  уалаяты  газетіне»,  «Айқап»  журналына  жариялап 

отырды.  «Дүниетанымың  шашыраңқы  болса,  табиғаттың  құнарынан  айрыласың, 

қоғамтанымың  әлсіз  болса,  ел  мен  жердің  қаһарына  ұшырайсың»  дейтін  өзі  таныған 

дүниетаным  философиясын  оқырман  назарына  ұсынған  қаламгер  мақалаларының 

барлығында  да  қазақ  ұлтының  табиғатына,  қазақы  болмысына  ғана  тән  ерекшеліктерді 

бейнелейтін лингвомәдени бірліктерді кездестіреміз.  

 

Қазақ қоғамының сол тұстағы әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын, қоғамдық тіршілігі мен 



шаруашылығын,  тарихы  мен  тұрмыс-салтын  және  отарлау  саясатының  зардабы  туралы 

толғамдарын  көркем  шығармаларында  түрлі  көркемдік  тәсілдер  арқылы,  кейде  астарлап, 

кейде ишарамен, кейде жұмбақ түрінде бейнелеген М.Ж. Көпейұлы публицистика арқылы да 

өз  заманының  көкейкесті  мәселелерін,  тарихи  ой-тұжырымдарын  ашық  айтып  отырды.  Ол 

үшін  ұлт  тілінің  лексикалық  байлығын  шебер  пайдалана  білді.  Қаламгер  өзі  өмір  сүрген 

заман шындығын, ұлт дүниетанымын, ұлт мінезін, өткен өмірі мен кейінгісін ұлттық тілдегі 

лингвомәдени бірліктер арқылы танытып отырды.  

 

М.Ж.  Көпейұлы  «Баянауылдан»  деген  мақаласында  өз  танымындағы  қазақ  халқының 



өткен өмірін, тарихи шежіресін былайша баяндайды:  «Кеше қарадан хан болған Едіге ұғлы 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   341




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет