Шағын бизнеске арналған 100 жоба 2019 МазМұны Кіріспе



Pdf көрінісі
бет510/636
Дата31.12.2021
өлшемі24,3 Mb.
#23298
1   ...   506   507   508   509   510   511   512   513   ...   636
Коммерциялық тәуекелдер (түсім көлемдерінің төмендеу тәуекелдері және жоспарлық көрсеткіштермен салысты-
рғанда алынбаған пайда). Бұл тәуекелдер ассортименттік және баға саясатын мұқият пысықтаумен және орындаумен, 
жарнамалық кампаниялар мен акцияларды сауатты ұйымдастырумен, нарық сұраныстарын жедел бақылаумен, операци-
ялық шығындарды сапалы бақылауын және қолайсыз жағдайларды дұрыстау жөніндегі уақытылы шараларды қабылда-
уын ұйымдастырумен төмендетіледі.
77. біліМ беру орТалығы
жоба сауалнамасы:
Инвестициялық жоба мақсаттары: балаларды мектепке дайындау, ұзартылған курстар, ағылшын тілін, орыс тілін, 
математиканы, психологияны үйрету жөніндегі орталық ашу және қажетті жабдықтар және құрал-сайманмен жабдықтау.
Өнімі: ағылшын тілін, орыс тілін, математиканы, психологияны үйрету жөніндегі қызметтерді ұсыну.
Жоба құны: 3 300 000 теңге.
Өзін өзі ақтау мерзімі: 36 ай.
жоба тұжырымдамасы
Жоба тұжырымдамасы білім беру саласындағы қызметтерді ұсынатын кәсіпорынды құруды көздейді. 
Кәсіпорын қызметінің мақсаттары біздің болашақ ұрпағымызды тәрбиелеу саласында сапалы және кәсіби қызметтер 
көрсету болып табылады. Жоспарланған кәсіпорынның мақсатты тобы табысы орта отбасылар болып табылады.
Білім беру балалар орталығында балалардың жалпы саны 80 бастап 100 дейін адам жинаумен 6 кабинет ұйымдастыру 
жоспарлануда. Балалардың осындай санына сәйкес білім беру орталығының түсімі айына 80 бала*12 000 теңге= 960 000 
мың тг құрайды.
1) Мектепке дейінгі ұзартылған курстар.
2) Мына пәндер бойынша: 
- ағылшын тілі 
- орыс тілі  
- математика 
- психология.
Кәсіпорын толық қызметтер кешенін ұсынатын болады – тәрбиелеу және білім беру. Қызметтердің ұсынылған түрлері 
және нысандары: 
• Икемді жұмыс кестесімен жыл бойы жұмыс істейтін режім
• Сабақтар: Ағылшын тілін, орыс тілін, математиканы, психологияны үйрету, дайындық курстары; 
• Күн режімінің алуан түрлілігі; 
• Балалар мерекерелері мен таңертеңгіліктерді өткізу.
Тамақтану
• Демалыс
Қызметтердің осы спектрі балалар ата-аналарына ұсынылады, олар өздерінің қалауы бойынша балаларға керектігін 
таңдай алады.
Қызметтерді осы салада жеткілікті жұмыс тәжірибесі бар, өз ісінің білікті мамандары көрсететін болады.
Идея сәтті іске асқан жағдайда, осындай білім беру орталықтарын басқа да аудандарда ашу жоспарланып отыр.


263
                                                        100 ЖОБА        100 ПРОЕКТОВ
қысқы нөмір 1432
services.atameken.kz
www.atameken.kz
Осы жобаның мақсаты кәсіпкердің қызметін кеңейту болып табылады. Инвестициялық қаражаттар негізгі құралдарды 
және басқа қажетті құрал-жабдықтарды сатып алуға жұмсалады. Негізгі құралдарды сатып алу және мұғалімдерді үйрету 
үрдісін 2 ай ішінде жүргізу жоспарлануда. Қажетті жабдықты және құралдарды сатып алу және жеткізуді 1 ай ішінде 
өткізу жоспарлануда. Тиісінше, жобаны жаңа бағытта іске асыру 2-3 айдан кейін басталады. Бұл ретте кәсіпорын толық 
қуаттылығына 2018 жылдың соңына шығады.
Жабдықты сатып алумен байланысты барлық шығындар, сонымен қатар, қажетті негізгі құралдармен жабдықтау грант 
қаражатының есебінен жүргізілетін болады. Осылай, «Абиров.» ЖК балаларға білім беру орталығын ашу үшін барлық 
қажетті заттарды алуды жүзеге асырып, өз қызметтерін кең ассортиментте ұсыну мүмкіндігін алады.
Көрсетілуі жоспарланған білім беру қызметтерінің қызметінде келесі кестеде келтірілген 10 қызметкерден тұратын 
штат әрекет ететін болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   506   507   508   509   510   511   512   513   ...   636




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет