Шағын бизнеске арналған 100 жоба 2019 МазМұны Кіріспе



Pdf көрінісі
бет605/636
Дата31.12.2021
өлшемі24,3 Mb.
#23298
1   ...   601   602   603   604   605   606   607   608   ...   636
Кешеннің сипаттамасы
Жол бойындағы сервис кешеніне қонақ үй/мейманхана, ақпараттық орталығы бар туристік қызмет көрсететін бюро, 
мейрамхана, кафе, дүкендер, дәретханалар/душ кабиналары, жеңіл және жүк автомобильдерге арналған автотұрақ, шино-
монтаж шеберханасы, ТҚКС, жергілікті ауылшарушылық өніміне арналған базар, дәріхана кіреді.
Мейманхананың жанында ақылы душ пен прачечная ұйымдастырылады, оны тек мейманханада тұратындар ғана емес, 
жай өтіп бара жатқан жүргізушілер мен жолаушылар да пайдалана алады. 
Автокөлікті орналастыру үшін қоршауы мен бейне бақылауы бар, күзетілетін автотұрақ ұйымдастырылады.
Кафе мен мейрамхана мейманхананың тұрушыларына, жеке сияқты, сондай-ақ  ұзақ қашықтыққа шыққан маршрут-
тық автобустардың жүргізушілері мен жолаушыларына, сондай-ақ жергілікті халыққа қызмет көрсетеді.
Дүкендер азық-түлікті, сусындарды, халық тұтынатын тауарларды, автобөлшектерді сататын болады.
Шағын нарық жергілікті ауылшаруышылық өнімін сатады.
Бұдан басқа, жүк және жеңіл автомобильдердің шиналарын жөндеу қызметтерін көрсететін шиналарды құрастыратын 
шеберхана ұйымдастырылады. 
Сонымен қатар, кешеннің аумағында толыққанды ТКҚС, дәріхана жұмыс істейді, «Жаңақорған санаториі» АҚ ҚРКФ 
субъектісімен бірлесіп   туристік маршрут пен демалыс ұйымдастырылады.
Өңірде бірқатар бірегей табиғи және туристік назар аударатын орындар бар.
ТҚКС авторластырылады. Жұмыс ресми дилердермен және шетелдік автоөндірушілермен нақты өзара әрекеттестікте 
жүргізіледі.
ТҚКС жұмысына: майлау-жанар-жағар май құю; бақылау-диагностикалық; электр техникалық; шина құрастыру және 
теңгеру; құрастыру-бөлшектеу; қаңылтыр-дәнекерлеу; рульді басқаруды жөндеу; руль жүйесін жөндеу; қозғалтқыштарды 
жөндеу; аккумуляторларды жөндеу және зарядтау; бояу кіреді.
жалпы стратегия
Экономикалық тұрғыдан жоба тұрақты 50 жаңа жұмыс орнын құруға, көп функционалды жол бойындағы сервис ке-
шені орналасатын Жамбыл облысы мен Т.Рысқұлов атындағы ауданның бюджетіне  қосымша кіріс түсуіне, экономика-
ның шектес салаларының (көлік, сауда, құрылыс және т.б.) дамуына ықпал етеді.  
Жобаның әлеуметтік әсерінің арасынан жүргізушілер мен жолаушылардың демалысын, тамақтануын және бір жерден 
екінші жерге ұзақ жол жүру кезінде қажеттілік туындайтын басқа да сервистік қызметтер қажеттіліктерін қанағаттандыру 
үшін жағдай жасауды атап көрсетуге болады.


323
                                                        100 ЖОБА        100 ПРОЕКТОВ
қысқы нөмір 1432
services.atameken.kz
www.atameken.kz
Жобаны іске асыру 2 жылдың ішінде толық қуаттылыққа шығумен Жамбыл облысының Т.Рысқұлов атындағы ауда-
нында жоспарланып отыр.
Қазақстан Республикасының Кәсподақтар Федерациясы мемлекеттік мекеме болып табылады және ҚР бүкіл аумағын-
дағы бірқатар субъектілерді қамтиды, бүгінгі күні ҚРКФ-да 3 млн. астам мүше бар, ағымдағы жылғы маусымда шыққан 
және ҚР Президенті бекіткен «Кәсіптік одақтар қызметі және еңбек қатынастарын реттеу мәселелері бойынша Қазақстан 
Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 
және «Кәсіптік одақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының шығуына орай осы жылы ҚРКО саны 7 млн-ға 
дейін өседі, тиісінше ҚРКО активтері де көбееді.
баға саясаты
Баға белгілеу әдісі қолданыстағы нарықтық бағаларға сүйенеді, себебі қызметтер көлемі нарықтағы ахуалға қандай да 
бір айтарлықтай әсер етпейді.
Осы бизнес-жоспарда жылына 8-10% деңгейінде жыл сайынғы бағалар өсімі көзделген (инфляция үдерістері).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   601   602   603   604   605   606   607   608   ...   636




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет