Шамшиденова факия



Дата16.03.2022
өлшемі1,66 Mb.
#28160

ОРЫНДАҒАН;

ТҰРСЫНҒАЛИ РОЗА

ҚАБЫЛДАҒАН;

ШАМШИДЕНОВА ФАКИЯ

Тақырыбы;

Қазақстанды қайта құру реформалары

Жоспары;

1. Демократиялық жолмен қайта құрудағы талпыныстар: жариялық, демокрияны насихаттау, ұлттық шиеленістер

2.Желтоқсан көтерілісі және оның шынайы себептері.

3. Президенттік институттың енгізілуі және тұңғыш президенттің сайлануы.

4.Тіл туралы заңның қабылдануы мен оның маңызы. 5.Егемендігі туралы Декларация. КСРО – ның ыдырауы мен ТМД-ның құрылу

Демократиялық жолмен қайта құрудағы талпыныстар: жариялық, демокрияны насихаттау, ұлттық шиеленістер

Қайта құру кезеңі - Совет одағының коммунисттік партия билеушілерінің 1987-1991 жылдырындағы жүргізілген әлеуметтік-экономикалық саясатының жалпы атауы.

«Қайта құру» деген термин 1986 жылы мамыр айындағы Горбачевтың Ленинградқаласына істі сапарында қалалық партия комитетінің активімен кездескенде бірінші рет айтылған. Осы термин ақпарат құралдарының тілшілерінің «арқасында» жаңа

дәуірдің ұраны болып кетті.

Қайта құру белгілері:

Әлеуметтік-экономикалық дамуды жеделдету

Қоғамды демократияландыру

Елде жариялылықты қамтамасыз ету



Кезеңдері

Қайта құрудың бірінші кезені (наурыз 1985 – қаңтар 1987)

Екінші кезен (қаңтар 1987 – маусым 1989)

Үшінші кезең (маусым 19891991).

Қайта құру бағыты

• Кеңес Одағы Коммунистік Партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы.

• КСРО президенті.

• Ресейдің мемлекеттік қайраткері.

М.С.Горбачев

(02.03.1931ж)

Желтоқсан көтерілісі — 1986 жылы 17 — 18 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс-қимылдары. Бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға болып табылады

Себептері:

Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облысы партия коммитетінің 1-хатшысы Г.В. Колбинді ҚКОК-нің 1-хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды.

Президенттік институттың енгізілуі;

1990 жылғы 24 сәуірде Қазақстанда тұңғыш рет президенттік институт құрылып, сол кезде өткен Жоғарғы Кеңес отырысында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақ КСР Президенті болып сайланды. Бұл айтулы оқиғалар Қазақстанның мемлекеттігі мен егемендігінің нығаюында, сондай-ақ еліміздің та­бысты дамуында маңызды рөл атқарған президенттік инсти­тут­тың қалыптасуының бас­тамасы болды

Басқарудың ескі моделінің кемші­ліктері – төрешілдік, біліксіздік, органдар мен лауазымды адамдардың жеке жауапкершілігінің жоқтығы айқын көрініп тұрды. Басқару жүйесінің бұрын­ғы құрылымын өзгерту ғана елге қа­жетті серпін бере алатынын түсінген Нұрсұлтан Назарбаев билік тармақ­тарын айқын жіктеп, бөлісу қағидатын енгізу ісімен белсене айналысты. Сол күш-жігердің арқасында біртіндеп елде пәрменді президенттік билік, екі палаталы кәсіби парламент және тәуелсіз сот жүйесі түріндегі негізгі саяси институттар қалыптаса бастады.



1990 жылғы 24 сәуірде Қазақ КСР Президенті лауазымының бел­гі­ленуі республикадағы сая­си билік трансформациясының түп бастауы болды. Ол кезге дейін Нұрсұлтан Назарбаев кеңестік Қазақ­станның жоғары партиялық және шаруа­шылық лауазымдарында табыс­ты жұмыс тәжірибесі жеткілікті, мойын­далған көшбасшысына айналған-ды. Республика халқы арасында ол кеңінен танылып, биік беделге ие болған еді, сондықтан оның Қазақ КСР Президенті лауазымына баламасыз тағайындалуы дау тудырған жоқ.

Тіл туралы заңның қабылдануы мен оның маңызы.



Ұлттың әлемдік қауымдастықта сақталуын қамтамасыз ететін факторлар көп. Оған ең алдымен сол ұлттың өзіне тиесілі және басқа халықтар мойындаған жері мен тәуелсіз мемлекетінің болуы, жоғарыда аталған факторлардан бірде-бір кем емес, халықтың дербес тілінің болуы жатады. Жеке тілі мен мәдениеті жоқ ел түптің-түбінде ыдырап, тарихтың тұңғиығына батып кететіндігін әлемдік тәжірибе ұдайы дәлелдеп келеді.

Мемлекеттік Егемендік Туралы Декларация

1990 ж. 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысы бойынша қабылданған тарихи құжат.



Декларацияда Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі жарияланып, елдің саяси-құқықтық тәуелсіздігінің бағдарламасы баяндалды. Ел аумағының тұтастығы, оған қол сұғылмайтындығы, қазақ халқының және Қазақстандағы басқа да этнос өкілдерінің төл мәдениетін, дәстүрін, тілін қайта түлету мен дамыту, ұлттық қадір-қасиетті нығайту мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі ретінде айтылды. Конституциялық құрылысқа қарсы жасалатын кез келген күштеу әрекеттері, оның аумағының тұтастығын бұзуға шақыратын, ұлт араздығын қоздыратын жария-ұрандардың заң бойынша жазаланатыны ескертілді. Республиканың саяси, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық-мәдени құрылысына, оның әкімшілік-аумақтық құрылысына байланысты мәселелер ешкімнің араласуынсыз дербес шешілетіні жарияланды.



Президент - Республиканың басшысы, ең жоғарғы әкімшілік-атқарушылық биліктің иесі ретінде танылды. Жер, оның қойнауы, су, әуе кеңістігі, өсімдіктер мен хайуанаттар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар, халықтың мәдени және тарихи қазыналары, бүкіл экономикалық, ғылыми-техникалық әлеует Республика егемендігінің негізін құрай отырып, оның ерекше меншігінде болатыны көрсетілді.

назарларыңызға рахмет!!!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет