Реферат Тақырыбы: "Тіл туралы заңның қабылдануы"



бет1/7
Дата31.01.2023
өлшемі38,77 Kb.
#63971
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
тіл туралы заң (1)


«Астана Медицина Университеті» АЕҚ
Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасы


Реферат
Тақырыбы: “Тіл туралы заңның қабылдануы” және оның маңызы

Орындаған: Батырхан Алия


Қабылдаған: Омарова Бибижамал
Тобы: 103

Жоспары




I Кіріспе 2
II Негізгі бөлім 3
1.1Тіл туралы заңның қабылдануы 3
ІІІ Қорытынды 12
ІV Пайдаланылған әдебиеттер 13


I Кіріспе



Қазақ тілі - өзіндік әдеби, ғылыми және саяси жазу нормасы қалыптасқан бай тіл. Қазақ тілінің тарихы әртүрлі тарихи кезеңдерді бастан кешкен қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты. Біздің мемлекетіміз тәуелсіздік алғалы бері, мемлекеттің бастапқы қалыптасу кезеңінде мемлекеттік тілді дамытудың келешегін анықтайтын нақты стратегиясы қабылданған болатын. 1997 жылдың 11 шілдесінде № 151 «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңның қабылдануы қазақстандықтар үшін маңызды тарихи оқиға болды. 


II Негізгі бөлім

    1. Тіл туралы заңның қабылдануы


Қазақ тілі- дүниенің төрт бұрышынан ең озық өркениетке жеткен ұрпақтармен терезесі тең халқы бар тіл, ұлт мәдениетінің қайнар бұлағы, халықтың рухани айнасы, мәңгі жанданған мұрамыз. Жоқ болып кету қаупіне ұшыраған тіліміз қазіргі таңда өрісін тауып, өркенін жайып өз дәрежесіне сай құрметке бөленуде.
1993 жылғы 5-сәуірде Министрлер Кабинеті жанынан мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту жұмыстарын жүйелі түрде жүргізетін орган – Тіл комитетін құру туралы ҚР Президентінің Жарлығы шықты. Тіл жөніндегі комитеттің құрылуы Елбасы мен Үкімет тарапынан бұл мәселеге ерекше көңіл бөлуінің айғағы. Ал 1997 жылы 24 қаңтарда ҚР «Тіл туралы» Заңы қабылданды, ол сол жылдың жазында күшіне енді. Бұл тіл тұжырымдамасы мемлекеттің оңтайлы тілдік кеңістігін құрудағы басты қиындықты - өзінің лайықты орнын алуға жол ашты. Барлық қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы болып табылатын қазақ тілін одан әрі дамыту үшін барлық күш-жігерді салу, сонымен қатар, елде тұратын барлық этнос өкілдері еркін сөйлей алатын, ана тілінде білім алатын және оны дамытатындай қолайлы жағдайлар жасау жолын мақсат етіп, осы Заңды күшіне енгізді. Заңның 4-бабында: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі болып бекітілді». Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі. 2007 жылғы 18 қаңтарда Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіл мәселесіне орай арнайы жиын өткізіліп, 2007 жыл – Қазақ тілі жылы деп жарияланды.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңы 1997 жылғы 11 шiлдеде қабылданды.Атап айтқанда, 1998 жылғы 14 тамызда «Мемлекеттiк органдарда мемлекеттiк тiлдiң қолданылу аясын кеңейту туралы», Елбасының 1998 жылғы 5 қазаңдағы № 4106 Жарлығымен бекiтiлген «Тiлдердi қолдану мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы» тағы басқалары. Бас-аяғы 4-5 жылдың iшiнде тiл жөнiнде 17 құжат қабылданыпты.
1 тарау. Жалпы ережелер (1 - 7 баптар) 
2 тарау. Тiл - мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдар (8 - 15 баптар) мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында
3 тарау. Тiл - бiлiм беру, ғылым, мәдениет және (16 - 18 баптар) бұқаралық ақпарат құралдары саласында
4 тарау. Тiл - елдi мекен атауларында, жалқы өсiмдерде, (19 - 22 баптар) көрнекi ақпаратта
5 тарау. Тiлдi құқықтық қорғау (23 - 26 баптар) 
6 тарау. Тiлдi шетелдермен және халықаралық ұйымдармен (27 бап) қатынастарда пайдалану


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет