9-7-2014 (10 балл) Күрделі қатты А затына тұз қышқылын қосқанда өзіне тән иісі бар Б газы түзіледі. Ауада осы газды жаққанда өзіне тән иісі бар түссіз В газы түзіледі. В газын суда ерітіп, Б ерітіндісінен өткізгенде сары түсті жай Г заты түзіледі. Егер Г затын эритроциттерде кездесетін Д металымен әрекеттестірсе және қыздырса, А заты түзіледі. А, Б, В және Г заттарын анықтаңыз. Олардың атаулары мен формулаларын жазыңыз. Барлық реакция теңдеулерін жазыңыз. Егер тотығу-тотықсыздану процессі болса, онда коэффициенттерін электрондық баланс әдісімен келтіріңіз.
Шешуі:
Жауабы:
9-9-2013 (8 балл) Жабық ыдыстарда А және В газдары берілген. А газының сүйкімсіз иісі бар, ал В газы - тұншықтырғыш. А газы оттекпен әрекеттескенде 5,4 г су және С газын түзеді. С газы ауада оңай қоңыр D газына айналады. В газы суда нашар ериді, оның судағы ерітіндісі лакмусты қызыл түске бояйды. В газының сулы ерітіндісіне күміс нитратын қосқанда 14,35 г ірімшік тәрізді ақ тұнба түзіледі. А мен В газдарын араластырғанда Е тұзы түзіледі. Қыздырғанда ол А мен В газдарына ыдырайды. А, В, С, D, Е заттарын анықтап, формулаларын келтіріңіздер. Жүретін реакция теңдеулерін жазыңыздар.
Шешуі:
Аммиактың көлемін есептейміз:
А және В газдарының жалпы көлемі
Жауабы: А – аммиак; В – хлорсутек; С – азот (ІІ) оксиді; Д – азот (IV) оксиді; Е – аммоний хлориді.
№ 9-4-2012 (9 балл)
Келесі іске асыру сызбасына сәйкес реакция теңдеулерін жазыңыз:
Барлығының құрамында азот бар екенін ескеріп, А-F белгісіз заттарын анықтаңыз.
Шешуі:
Жауабы:A – NH3, B – NO, C – NO2, D – HNO3, E – NH4NO3, F – N2O.
№9-3-2010 (8 балл)
Белгісіз Э металының А гидроксидін жаққан кезде Б бинарлы қосылыстың (құрамында масса бойынша 27,6 % оттегі бар) қатты қалдығы және сутегі бойынша тығыздығы 6,3 болатын газ қоспасы алынды. Газ қоспасының көлемдік және массалық проценті бойынша құрамын есептеңіз. А және Б заттарының формуласын анықтаңыз. Жауабын есеппен дәлелдеңіз. Реакция теңдеулерін жазыңыз.
Шешуі: Алдымен сутек бойынша салыстырмалы тығыздығын ескере отырып молярлық массасын табамыз.
М(газ қоспасы) = 6,3∙2 = 12,6.
Бұл судың молярлық массасын кіші. Газды қоспаның құрамында сутек газы бар. Судың массалық үлесін х деп белгілеп алсақ, ондашы сутегі – (1-х), олай болса
Қоспада 67% Н2О, 33% Н2.
Химиялық реакция теңдеуі:
Жауабы:
9-1-2007 (8 балл) Химиялық зертханада жиі қолданылатын екі А және Б сұйықтықтарын араластырғанда В газы және көп мөлшерде жылу бөлінеді. А затына барий карбонатын қосқанда В бойынша тығыздығы 1,57 болатын Г газы және Д тұзы түзіледі. Б затына Д тұзын қосқанда ақ тұнба түседі. А – Д заттарының мүмкін болатын формулаларын ұсыныңыздар.
Шешуі: Демеуші ойлар: А сұйықтығы барий карбонатына әсер еткенде бөлінетін Г газы – СО2. Осыған сүйеніп М(В) мәнін табуға болады.
Осы кезде Д тұзы түзіледі, демек А – қышқыл немесе қышқылдық оксид.
Д затының құрамында барий бар және ол Б затымен тұнба береді, демек тұнбада барий сульфаты болуы мүмкін. Онда Б - H2SO4.
Концентрлі күкірт қышқылы күшті су тартқыш зат. Концентрлі күкірт қышқылы су жұтқанда көп мөлшерде жылу бөледі.
Реакция теңдеулері:
Жауабы:А – құмырсқа қышқылы НСООН, Б – концентрлі күкірт қышқылы H2SO4, В - CO, Г - CO2, Д - Ba(HCOO)2.