Шиелi ауданыныѓ ћоѕамдыћ саяси газетi №66 (8220) 10 қыркүйек сәрсенбі



жүктеу 11.54 Mb.
Pdf просмотр
бет3/3
Дата21.03.2017
өлшемі11.54 Mb.
1   2   3

***

Шиелі кенті, Т.Тоқтаров көшесі, №90 үй тез арада сатылады.  Үй

6 бөлмелі, үй 2007 жылы тұрғызылған. Есік алдында жұмыс жасап

тұрған магазині, 3 бөлмелі времянкасы, ошақ қорасы, гаражы, бе-

седкасы, мал қорасы мен сарайы, телефон  мен интернет желісі

тартылған. Жері 12 сотық. Үй бір жылу орталығы арқылы жылыты-

лады. Бағасы келісім бойынша. Байланыс телефондары:

87757100040, 87710980042.



***

Шиелі кенті, Асан ата көшесі, №19 үй 4 бөлмелі (времянка) са-

тылады. №244 мектеп жанында. Бағасы келісім бойынша. Байланыс

телефондары: 5-44-40, 87786082653.



Сүйіншісі бар

Гигант ауылдық округінен түсі қара, шабы ақ , сол құлағында тілік

ені бар сиыр,  сары ала, оң жақ құлағының асты қиық ені бар

қасындағы  бұзауымен жоғалды. Тапқан, хабарласқан кісіге қомақты

сүйіншісі бар.

Хабарласу телефоны: 87024548205.

***

Өтешов Арман Беркінбайұлының атына берілген жеке және



жүргізуші куәлігі, Молдабекова Жұмакүл Оразбекқызының атына бе-

рілген ВМВ-525 автокөлігінің тех.паспорты жоғалды. Тапқан кісіге

қомақты сүйіншісі бар. Хабарласу телефондары: 87014380747,

87059660660.



Хабарландыру

«Шиелі Жолшы» ЖШС-гі  ҚР-ның Экологиялық кодексінің 57

бабының 3 тармағына сәйкес қоршаған ортаға эмиссия өтінімін

Қызылорда облысы бойынша экология департаментіне тапсыру үшін

қоршаған ортаға іс-шаралар жоспары жобасын талқылау бойынша

қоғамдық тыңдау өткізеді.

Өткізілетін орны – Шиелі ауданы әкімдігінің мәжіліс залы.

Өткізілетін уақыт – 19.09.2014ж., сағат 16-00.

Қоршаған ортаға іс-шаралар жоспары жобасын талқылау бо-

йынша мүдделі азаматтар мен қоғамдық бірлестіктерді қоғамдық

тыңдауға қатысуын сұраймыз.

Барлық сұрақтармен   8-72432-44713 телефон арқылы

хабарласыңыз.

Обьявление

ТОО «Шиели Жолшы» в соответствии с требованиями п. 3 ст.57

Экологического кодекса РК для получения разрешения на эмиссии

в окружающую среду в департаменте экологии по Кызылординской

области проводит общественное слушание по проекту плана меро-

приятий по охране окружающей среды.  

Место проведения –в актовом зале районного акимата Шиели.

Время проведения – 19.09.2014г., в 16-00 ч.

Просим принять участие в общественных слушаниях всех за-

интересованных граждан и общественных объединений.

По всем вопросам обращаться: тел. 8-72432-44713.   

Алғыс айтамын

Өзім осы Шиелі ауданындағы «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық

бірлестігінің президентімін. Осы қордың мәселесімен Шиелі ауданының

бұрынғы әкімі Мұрат Ергешбаевқа өтініш жолдаған едім. Өтінішім жау-

апсыз қалмай шешімін тауып, аудандық жұмыспен қамту және

әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен бір бөлме берілді. Әлеуметтік

бағдарламалар бөлімінің және ауданымыздағы біршама мемлекеттік

мекемелердің де көмегі тиді. Атап айтқанда, аудандық сот төрағасы М.

Еркінбеков, аудан прокуроры О.Монтаев, аудандық Халық банк

басқармасының бұрынғы бастығы Ә.Ергешбаев, аудандық салық

басқармасының бастығы Е.Абдрахманов, аудандық емхананың бас

дәрігері Қ. Шәукебаев сынды мырзаларға көптен-көп алғыс айтамын.

Ауданымыздағы жеке кәсіпкер жандар да өздерінің еткен еңбектерінің

жемісінен «жекеміз» деп шетке итермей қолдарынан келгенінше көмегін

беріп жатыр. Бір сыпыра айта кетсем, жеке кәсіпкерлер Сағындық Ты-

нысбеков, Рабиға, Рәбибі Нұржановалар, Бағлан Әшірбеков, Қайрат

Әбілтаев, Сабира Әлжанова, Мәден Әлжанов, Айткүл Әбдіқадырова,

Закида Бердиева, «Шиелі-Жолшы» ЖШС директоры Әбіләкім Абдул-

лаев, «Шиелі жарығы» ЖШС директоры Қалмырза Қасымов, «Сауда

көлік компаниясы» ЖШС ТКК Шиелі филиалының директоры Бейсен

Қыдырбаев, РУ-6 директоры Тайыр Назаровтарға айтар алғысым шек-

сіз. «Жақсының жақсылығын айт, мерейі тасысын» демекші, осындай

қайырымды, жақсы жандардың арқасында қорға берген көмектен, көзі

көрмейтін жандардың бәрін қамтымасақ та біршамасына көз қуаныш

көмек көрсетілді. Аты аталған барлық жандарға көптен-көп алғыс айтып,

жұмыстарының табысты болуына тілектеспін!



Алғыс білдіруші:

Төрехан ӘШІРХАНОВ.

Жер сатылады

Шиелі кенті, Тәуелсіздіктің

20 жылдығы көшесі бойында

15 сотық жер фундаментімен

сатылады. Бағасы келісім бой -

ынша. Байланыс телефонда 

-

ры: 5-44-40, 87786082653.



Еске алып, асқа шақырамыз

Ұлағатты ұстаз атанып ауданымыздағы №49, 48

мектептерде абыройлы қызмет атқарған, Шиелі

кенті, Абылайхан көшесі, №92/2 үйдің тұрғыны

болған абзал азаматымыз 

Изатуллаев Тоқтардың

Д.Нұрпейісова көшесі, №40 үйде қыркүйек айы ның

12-сі күні сағат: 18.00-де берілетін қо на қасы мен 13-

і күні сағат: 12.00-де өткізілетін жылдық  асына

барлық ағайын-туыс, құда-жекжат, дос-жарандары

мен көзі тірісінде сыйлас, дәмдес болған барша

жамағатты шақырып, топырағыңыз торқа, има 

-

ныңыз жолдас, алдыңыз пейіш, артыңыз кеніш,



жаныңыз жәннатта болсын деп дұға бағыштай оты -

рып:


Бес күн жалған бұл дүние тым қысқа,

Білім беріп жас жеткіншек ұрпаққа.

Өткенімен естен өшпей жүресіз,

Жаныңызды еткей Тәңір жәннатта.

Жеткізгенмен жасын Алла ғасырға,

Түсер түбі тірі жанның басына.

Қайғымызды бір бөлісіп дұға етіп,

Еске алайық келіңіздер асына!



-деп еске алып, ас берушілер күйеу баласы мен қарындасы Ахан-Рая

және жиендері.

Жұмысын

тоқтатады

Жеке кәсіпкер Бимурзаева

Турганай Абдразаковнаның ат -

ын дағы (сериясы 12915,

№0270436) ны 

санның жабы-

луына байланысты жұмысын

тоқтатады.



Кірпіш

сатылады

Күйдірілген кірпіш және

кесек сатылады. Жеткізілуі

тегін. Байланыс телефондары:

87051160709, 87028719709.

Ағылшын курсы, асығыңыз!

Сіз ағылшын тілінде сөйлей аласыз ба? Ағылшын тілінде еркін

сөйлегіңіз келе ме? Ешкімнің көмегінсіз ағылшын тіліндегі кітаптарды

оқып, аударғыңыз келе ме? Шетелдік азаматтармен сөйлескіңіз келе ме?

Уақытты қызықты өткізгіңіз келе ме? Олай болса, тек бізге келіп

жазылыңыз, өкінбейсіз! “English Word” ағылшын тілі орталығында,

ағылшын тілін үйретудің барлық әдіс-тәсілдері қарастырылған, сапалы

әрі қымбат емес. Оқу ақысы 5000 теңгеден басталады. Курс соңында

сертификат беріледі. Мекен-жайы

мыз: М.Шоқай көшесі, №10 үй. №45

мектепке қарама-қарсы орналасқан 2 қабатты ғимарат. Байланыс

телефоны: 87755103363. 



Мөлдір.

Газет редакцияныѓ компьютер

орталыѕында терiлiп, беттелiп, 

“Сыр медиа” ЖШС баспаханасында

басылды. Ћызылорда ћаласы, 

Сџлтан Бейбарыс к шесi н/ж.

Тел: 8(7242) 40-06-68.

Таралымы 5327  Тапсырыс №828

Газет Ћазаћстан Республикасы Аћпарат Министрлiгiнде 

30.12.2010 ж. тiркелiп, №11406-Г тiркеу куќлiгi берiлген.

Газет ќр аптаныѓ сќрсенбi, сенбi кљндерi шыѕады.

Ћолжазбалар  ѓделедi жќне керi ћайтарылмайды.

Жеке авторлардыѓ пiкiрi редакцияныѓ тљпкiлiктi к зћарасын бiлдiрмейдi. 

Телефондар: 

Бас директор -8(7242) 70-00-36

Бас редактор -44-6-22

Бас редактордыѓ орынбасары - 44-7-32

Жауапты хатшы, есепшi 

Факс -44-9-07.

Мекен-жайымыз: 120700, Ћызылорда облысы, Шиелi кентi, А.Яссауи к шесi №109. E-mail: osken_onir@mail.ru



Бас директор 

Аманжол ОЃЅАРБАЕВ

Шиелi аудандыћ 

“ скен  ѓiр” газетiнiѓ редакциясы

Бас редактор

Алтай АЙЫП

Меншiк иесi: 

жауапкершiлiгi

шектеулi серiктестiгi

4

4

№66 (8220) 10.09.2014 жыл 

(Жалғасы. Басы 1-бетте).

Әдетте, соғысты әді лет сіз -

дік, жауыздық, қанішерлік ба-

стайды ғой. Ол сонысымен

лағынетті. Қарапайым халыққа

қасірет туғызған, қарғыс арқа -

лаған соғыс ешқашан жеңбек

емес.


Таң алдында, тәтті ұйқыда

жатқан Отанымыздың шекара-

сынан ұрланып өткен жау оғы -

мен адам баласының та ри  хын-

 да болмаған бір ғаламат соғыс

басталды. Сол күні жау тәтті

ұйқыңды ғана бұзған жоқ.

Зұлым жау бейбіт өмірге бүлік

әкелді. Қыз-жігітімен, ана-бала-

сымен қоштасты. Қырда қойшы

қо йын тастады, қолындағы тая -

ғын, жазушы қаламын винтов -

каға айырбастады. Ойда ди 

 -

хан  шы трактордан түсіп, танкіге



отырды. Ол кезде бүкіл ел сол-

дат болды. Сол жылдардың

бозбала, бойжеткендері ақын

болуды, инженер болуды, оқы -

мысты болуды армандаған

еді...Біз бейбіт өмір сүру ке 

-

зеңінде дүниеге келдік, ешқа -



шан әуе дабылын, бомба

жа  ры лысыннан қираған үйлерді

көрген жоқпыз, суық траншея-

лар мен окоптарда отырмадық.

Ел басына күн туған ауыр ке -

зеңдерде атқа мінер ел азамат-

тары, сол кездің патриот

жастары майдан шебіне атта-

нып кете барды. Сол кездегі

Кеңес Одағының басқа халқы -

мен бірге жауды талқандап,

жеңіске жету ісіне Қазақ халқы

да өзінің лайықты үлесін қосты.

Қазақстандық жауынгерлер

Бре ст қамалынан бастап Бер-

линге дейін барды. Олар Ста-

линград түбіндегі шайқаста,

Днепр өткелінде, Москва мен

Ленинград үшін болған ұрыс -

тарда ерен ерліктер көрсетті.

Қазақ ел басына күн туғанда

толарсақтан саз кешетін жауын-

гер халық. Ұлы Отан Со 

ғы -


сының қатпарлары парақ 

та- 


рына үңіліп қарасақ, қа 

зақ -


тардың қанды қырғынға қай 

-

мықпай соғысқанына ашық



көзіміз жетеді. Оған мысал,

айқас алаңдарында өшпес ерлік

жасаған бес жүз қазақтың Кеңес

Одағының батыры атағын

алғанын айтсақ та жетеді. Біздің

аталарымыз бен әкелеріміздің

батырлықтары мен жанқияр 

-

лықтары, олардың өз Отанына



деген шексіз сүйіспеншіліктері

Қазақстанның бүгінгі жауынгер-

лері үшін мақтан тұтарлық үлгі

ғана емес, бұл – бірнеше

ұрпақты байланыстыратын қо -

ғамның рухани дамуы мен

ұлттық қайта өрлеуінің жоғары

адамгершілік негізі. Табан 

-

дылық пен ерлік, Отанға деген



сүйіспеншілік қатал соғыста

Жеңіске жеткізді. Иә,   Адамзат

тари хындағы ең сұмдық соғыс -

тың болып өткеніне 70 жыл

толмақ. Бірақ, Ұлы Же 

ңістің


ұмытылмайтыны сияқты, соғыс

та ұмытылмастай ізін қал 

-

дырды. Біз үшін Жеңіс – бейбіт-



шілік пен қайырым 

дылықтың


мәңгі жасам паз дығын, Отанын

қорғаған жа 

у ын гер-солдаттар

мен офицерлердің айбыны,

тыл дағы Жеңісті жақындатқан

жұмысшылардың ерлік еңбек -

терінің мәңгі өшпейтіндігін дә -

лел дейтін белгі болып қалмақ.

Бұл  сол кездегі кеңес халқының

ержүректілігі мен төзімділіктерін

паш ететін, тарихта мәңгілік

қалатын күн. Бұл күнді соғыстың

алғы шептерінде қайсарлықпен

шайқас жүргізіп, ерліктің сан

үлгісін көрсеткен ардагерлер

тойлайды. Бұл мейрамды өзде -

рінің тылдағы қажырлы ең 

-

бегімен жеңісті шыңдаған, ста 



ноктың қасынан, егін дала-

сында, күні-түні  мал бағып,  ты-

нымсыз жұмыс істеген жұ 

-

мыс шылар, ауыл адамдары



тойлайды. Бұл мейрамды біздің

аяулы да даңқты әйелдеріміз -

өздерінің әкелерін, ерлерін, ұл -

дарын және сүйіктілерін көзінен

жасы сорғалай жүріп төзім 

-

ділікпен күткен, олардың орнын



жоқтатпаған аналар мен жұбай -

лар, қалыңдықтар мен қыздар

тойлайды. Бұл мейрамды өзде -

рінің әкелері мен ағалары қанын

төгіп, жанын қиып бақытты

өмірін қамтамасыз еткен Ұлы

жеңістің  құрдастары тойлайды.

Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін

жанын пида еткен, туған-туыс -

қандарына, жақын-жарандары -

на, туған жеріне, ауылына

оралмай қалған қаһарман ер-

лерді бүкіл елі болып еске тү -

сіреді. Ұлы Отан соғысы

та ри хының беттерін парақтаған

адам жеңіс сағатын соқтыруға

Қазақстанның қосқан үлесі те-

легей-теңіз екенін байқар еді.

Осы бір аяқ астынан басталған

әділетсіз арпалысқа Қазақс тан -

нан 2 миллионға жуық түр лі ұлт

өкілдері әскер қатарына шақыр -

ылды. Майдан даласынан 394

мың қазақ боздақтары қайтпай

қалды. Бұл соғыста қайғы-

қасірет әкелмеген бірде-бір от-

басы болмады... Бірінің әкесі,

бірінің аға 

сы қаза тапты.

Қаншама жас боз 

дақтардың

қыршын жасы қиылды... Ішінде

ақын да, әншісі де бар еді.

Қауызын ашпай көк 

тей

қырқылған сол жастардың



ішінде, әттең қанша ұлылар мен

ғұламалар кетті екен ...

Осындай ұмытылмастай

жаң бырдай жауған оқ пен бо-

рандай бораған бомбаның ара-

сынан Алланың қалауымен өз

отбасына, ортасына аман орал -

ған сол сұрапыл күндердің ке -

йіп кері Бала би ауылы, Жөлек

болысына қарасты 16 ауылда,

Қаракемер деген жерде орта

шаруаның отбасында 1920 жы -

лы, қаңтар айында дүниеге кел-

ген Айдарбек Жолбаев атамыз.

Әкесі Қайқиев Жолбай 1928

жылы сол кезеңнің саясатымен

кәмпескеге ілініп, айдалады.

Ащы құдық колхоз болып 1929-

30 жылдары ұйымдасады. Сөй -

тіп, әкесі Жолбай айдаудан

кел геннен кейін колхозға мүше

болып, кі ріп, бейнеттің бел орта-

сында жүреді. Ащықұдық колхо-

зында 1930 жылы ашылған

бастауыш мектепті 1934 жылы

бітіріп, 1935 жылы Жөлек орта

мектебінен 7 жылдық білімін

аяқтап шығады. Білімге деген

құштарлығы біздің кейіпкерімізді

1940 жылы Қы 

зыл орда

қаласындағы педучи 

лищесіне

алып келеді. Амал қанша?

Соғыстың зауалды жаң ғырығы

мұнда да жетіп, 1941 жылы,

ызғарлы желтоқсан ай 

ында


әскер қатарына алынады.

Томск қаласында №10-шы ди-

визия  құрамында әскери боры-

шын өтеп жүргенінде 1941

жылы  фашистерге қарсы соғыс

басталып, дивизиясымен Бело-

руссия майданына жіберіледі.

Содан 1942 жылдың маусымын -

да  Смоленск майданында шай -

қасып жүріп жараланып, Рязань

қаласындағы  №2029 әскери

гос  пи талына түсіп қалады. Ат -

ал  ған орыннан емделіп шыққан -

нан соң 1943 жылы шілде

айында өз бөлімшесіне оралып,

взвод командирінен бекіністегі

жаудың көзін жойып, құжат 

-

тарын алып келуі туралы



тапсы рама алады. Өмір мен

өлімнің арасында жүріп, қаны

мен терін сарп еткен ерлігі елен-

бей қалмады. Осы тапсырманы

тиянақты орындағаны үшін “Қы -

зыл Жұлдыз ” орденімен мара-

патталады. Смоленск мен елді

мекендерді азат ету жолында

жанқиярлықпен шайқаса жүріп

ауыр жарақат алады да, 1944

жылы наурызда  2 топтағы

мүгедек болып, демобилизация

етіліп елге қайтарылады. Ауыл -

ға келген соң да қарап отыр -

маған жауынгер сол  жылы

“Ащықұдық” мектебінде ұстаз

болуды жөн көреді. Нақ осы

жылы отбасын құрып та алады.

Ал, 1946 жылы Қызылорда қа -

ла сындағы педучилищені үздік

бітіріп шығады. Еңбекке етене

араласып жүріп, 1948 жылы

Шымкенттегі педагогикалық

инс титуттың мұғалімдік факуль-

тетіне түсіп, тарих пәнінің

оқытушысы мамандығын сырт-

тай бөлім бойынша 1952 жылы

тәмамдап алады. Бейнетті күн -

дерді көрсеткен Алла майдан-

гер қартқа зейнетті күндердің

бал дәмін татуды да бұйыр 

-

тыпты. Олай дейтінім, 1980



жылы ұстаздық қызметтен зей-

неттік демалысқа шығады. Бей-

біт күндердің шуағына шо- 

мыл ған қарт жауынгер бұл

күндері 4 ұл, 4 қыздан өрбіген 30

немере мен 15 шөбересінің қы -

зығына бөленіп  отырған мәуелі

бәйтерек іспетті. Екі келін, екі

ұлы ұстаздық қызмет жасап,

елге еңбек жасауда. I,II –дә -

режелі “Отан соғысы” мен бірне -

ше медальдардың иегері Ай  -

дар бек Жолбаевтың соғыс зұл -

маты жайында ұрпаққа айтары

жетерлік. Отбасымен аман 

-

дықта қауышуды құдайдан



жатса да, тұрса да тілеген қарт

бейбіт күннің астында еңбек жа-

сауды тәңірінің ғайыптан берген

сыйы деп ұғынады.   От кешіп,

қан жұтқан сол бір жылдар бар -

ған сайын бізден алыстауда.

Майдан мен тылдың аты аңызға

айналған ерлері барған сайын

азая түсуде. Бірақ, олар жаса -

ған Ұлы ерлік ешқашан ұмы -

тылмақ емес. Зұлым жаумен

шай қаста әке, аға, бауырлары-

мыз қанын төгіп, қолымыз жет-

кен Жеңіс ша 

па ғы кейінгі

ұрпақтарға жетпек. 

Фашистік Германия тізе бүк -

ті... Бірақ, сол сұм соғысқа Ке -

ңестер Одағының 27 миллион

адамы өмірін берді. Талай

ғасырлар бойы жасалған мате -

риалдық және мәдени қазынаны

құртты. Міне, соғыс тың әкелген

қасіреті. Сондықтан, адамзатқа

әрқашан соғысты тоқтататын

жеңіс керек. Осыдан 70 жыл

бұрынғы Жеңіс сонысымен қым -

бат. 1418 күн мен түн толар -

сақтан қан кешіп, кейінгі ұрпаққа

тыныштық әкелгені үшін қа 

-

сиетті. Әрине, жеңіс өз дігінен



келген жоқ. Оны елі, жері үшін

отқа түскен ерлер ерлігі жеткізді.

Қазақстаннан 1941-1945 жыл -

дар дағы қанды қырғынға 1,3

миллион ұл мен қыз аттаныпты.

Бәрі де жанқиярлықпен соғыс -

ты. 500-ден астамы елге Батыр

атанып, аңызға айнала оралды.

Біздер үшін майдан герлері міз -

дің ерлігі Тәуелсіздігіміздің баға -

сы, Еге 

мен ді гіміздің құны.

Бұл-бізге жеткен аманат, мұра.

Осы дан-ақ, Жеңіс таңының, Ер -

лік жолы ның біздер үшін қан -

шалықты қымбат екенін

ұғы нуымызға, пайымдауымызға

болады. 


Дина ЖҮСІПОВА.

Қàëàñûңäàð ìəңã³ë³ê åë åñ³íäå



Жер жүзінің халқына

қайғы орнатқан екінші

дүниежүзілік соғыстың аяқ -

талғанына да жетпіс жылға

аяқ басты. Ел басына күн

туғанда қол 

да рына қару

алып қан май данға аттан -

ғандардың ара сында туған

жеріне аман орал 

ғанымен

жылдар өте арда 

герлері -

міздің қатары сиреп келеді.

Қазіргі таңда ау 

данымыз -

дағы көзі тірі он ғана арда-

гер қалса, соның бі 

рі -

Дос бол Құдабаев атамыз.

Қарғалы ауылында 1926-

шы жылы дүниеге келіп, ба -

лалық бал дәуренін жалғыз

шешесімен тұрмыс тауқыметін

бірге бөлісе жүріп, ер жете

бастағанда соғыс басталып

«бәрі де майдан үшін» деген

ұранмен еңбекке ерте арала-

сып, ер-азаматтар атқарар

ауыр жұмыстарды атқаруға

мәжбүр болды. Жасы кә ме -

летке толғанда 1944-ші жылы

анасын ел-жұртына аманат-

тап майданға аттанды. Алғаш

Сталинабадқа, онан соң Түр кі -

менстанның Кушка қала 

-

сындағы оқу-жаттығу ба 



та льоны на түсіп, 6 ай жалпы

әскери оқу-жаттығуынан өтіп,

тағы 3 ай арнайы снайперлік

әскери оқу-жаттығуынан өт 

-

 кізіледі. Күн-түн демей өт 



-

кізілген өте күрделі де қиын

жаттығулар діңкелеткен сар-

баздар майданға жіберулерін

өтініп жоғары жаққа үстін-үстін

арыз жаза бастайды. Бір күні

маршал Буденныймен бірге

азамат соғысын өткерген полк

командирі, полковник Подши-

валов келіп сапқа тұрғызылған

сарбаздардың алдында ақбоз

атын ойнақтатып тұрып «Си-

новя» деп жалынды сөзін ба-

стап арнайы әскери жат- 

 

ты ғусыз соғысқа жіберілген



миллондаған Кеңес әскер 

-

лерінің әскери дайындықтары



зор фашистік-германия мен

одақтастары алдында дәр 

-

менсіздік танытып текке қы -



рылып жатқандығын айтып,

тірі қалулары үшін де қанша

қиын болса да оқу-жаттығудан

өтулері тиістігін, жаттығуда

қиын болса, ұрыс даласында

жеңіл болатындығын айтып,

екіншілей майдан даласына

жіберулерін өтініп арыз жаз-

бауларын сұранған соң ғана

сарбаздар төзімділікпен оқу-

жаттығуларын жалғастырған

екен. Жүріп келе жатқан көлік

пен поезға қалай мініп-түсуді,

қоян-қолтық ұрыстың түрлі

түрлерімен айла-шарғыларын,

қарудың түрлерін қалай пай-

далану қажеттегін, бәрі-бәріне

үйретіп, Шығыс Қазақстанның

Лениногорск қаласына жібе-

реді. Лениногорскіге келген екі

взвод сарбазға жиырма күн

демалыс беріледі де солдат-

тар қа 

ланың шетіндегі нан



заводының қыздарына барып-

қай тып қыдырыстай бас 

-

тайды. Бір күні брага ішіп мас



болған сарбаздар қыздарға

таласып өзара төбелесіп

қалып, нәтижесінде бір сарбаз

өз жолдастарының қолынан

қаза тауып, екі аптаға со зыл -

ған әскери трибунал Бойка,

Степанов деген екі сер жант -

тың біріне ату жазасын кессе,

екіншісін 25 жылға бас

бостандығынан айыруға үкім

шығарады да сарбаздарға бе-

рілген демалыстарын қайта

оқу-жаттығуға алмастырып,

тағы да күрделі де қиын оқу-

жаттығуды бастан өткеріп,

жалпы тоғыз айын арнайы

әскери оқу-жаттығулармен

өткеріп шыңдалған екі взвод

сарбазды Қиыр Шығысқа ат-

тандырады. Красноярскіден

өткен соң Балашево атты

станцияда 4-5 күн аялдап жа -

понның әскери тұтқындарын

күзетеді. Бұл сәт жапон мили -

таристерінің шабуылы үдеп

тұрған кез болатын, ал Бала-

шево атақты азамат соғы 

-

сының батыры Сергей Ла зоны



жапон мили тарис терінің тірі-

дей паравоз пешіне өртеген

жері есебінде де көңілге

қорқыныш ұялататын, жан-

жағы ну орманды жер еді.

Неміс тұтқындарындай ба-

сына түскенге көніп, айдауға

еріп жүре бермейтін, жапон

тұтқындары қол-аяқтары кі-

сендеулі болса да өте қауіпті.

«Тұтқынға түсіп бағынышты

болғанды ар санайтын жапон

әскерлері аса сақ болмасаң не

өзіңді, не өзін өлтіріп тастай-

тын, қорқу-үрку дегенді біл-

мейтін, жандарынан безген

нағыз жанкешті жаһал сарбаз-

дар болды. Біздерді соншама

айлар бойы қинап арнайы

әскери оқу-жаттығудан неге

өткізгендігін сонда ғана ұғын -

дық. Қолымызда қаруы 

мыз

бола тұрып жапон тұт 



-

қындарына жақындамай, бел -

гі  лі ара-қашықтықты сақтауға

тырыстық. Сол 4-5 күн 

нің

ішінде қанша сақтануға мәж -



бүр болсақ та арамыздан

жапон тұтқынының қолынан

бір сарбазымыз қайтпас са -

парға аттанып, елу шақты

жапон тұтқынының 15 шақ -

тысы өз-өздерін өлімге қиды.

Ол жерде де көп тұрақтатпай

Қиыр Шығыстың айналасын

орман қоршаған теңіз жиегін-

дегі «Советский газом» деп

аталатын шағын деревния-

сына алып келді. Шағын болса

да теміржол станциясы бол -

ғандықтан мұнда әр елді ме-

кеннен келіп сауда жа 

-

сай тындар да, бұл деревния-



дан жақын елді мекендерге

барып сауда жасайтындар да

аз болмайтын. Ел ішінде бас

көтерер ер азаматтар май 

-

данға аттанып, әлі соғыстан



орала қоймаған. Ауылдың бар

тұрмыс-тіршілігі шал-кемпір-

лер мен қыз-келіншектерге

артылған. Күнкөрістің өзі қи -

ындап жатқанда ауылдың 13-

16 жасар балалары топтасып

бұзақылықпен айналысып, ба -

зардағы сауда жасап шықпа

жаным, шықпа деп әзер

күндерін көріп, қолдағы барын

базарға шығарып отыр 

-

ғандардың  қолдағы бар азық-



түлік, киім-кешектері мен өзге

де оны-мұны заттарын тартып

әкетіп, бас көтергендерін аяу-

сыз соққыға жығып кетіп жа-

тады екен. Эшолоннан түскен

әскерилерді де ебін тауып

оңашаға шығарып өлтіріп киім-

кешек, ақша, болса қаруларын

да олжалауды кәсіп еткен

бұзақы топтан ауыл тұр 

-

ғындары да зәрезап болған.



Бұған қоса орман ішіндегі

жолды торуылдаған шағын

қарақшы топ та ауыл тұр 

-

ғындарының үрейін алып



жолда келе жатқан, бара

жатқандардың дымын қал 

-

дырмай тонап жібереді екен.



Біздің екі взвод сарбазға осы

станция мен базар ма ңының

қауіпсіздігін қам тамасыз ету

тапсырылып, әр 2-3 сарбаз-

дан үйді-үйге бөліп қо 

ныс -


тандырды. 

Бір күні көрші ауылдың ба-

зарына қолдағы барын сау -

далауға алып бара жатқан

ауылдың тұрғындарына осы

жол торуылдаған қарақшы топ

шабуыл жасап, астында аты

бар бір тұрғыны қашып шығып

бізге келіп хабарын жеткізген

соң дереу оқиға орнына жет-

тік. Біз келгенде 3-4 адамын

қарақшылар өлтірген соң

ашынған ауыл тұрғындары

көтеріліп қарақшы топтың 3

мүшесін өлтіріп тастап, көп -

шілікке әлдері жетпесін сезген

қарақшы топ орманға қашып

кіріп кетіпті. Өлтірілген қа 

-

рақшы топ мүшелерінің бірі



өздерінің ауылдас миллицио-

нер болып шықты. «Жау

жағадан алғанда бөрі етектен»

дегендей, бет-бейнелерін тұм -

шалап жол торуылдаған қа -

рақшылар мен ауыл бұ 

 -

за  қыларының әлімжеттігі де



біздер келгелі тиыла бастады.

Американың Жапонияның екі

қаласына тастаған атом бом-

басынан соң Жапония тізе

бүккенімен жапон әскери 

-

лерінің арасында өз беттері н -



ше соғыс жүргізіп жатқандары

да болды. Сондықтан, бізді

ауылымызға қайтара қойған

жоқ. «Германияны жеңгені үш -

ін», «Жапонияны жеңгені үш -

ін» медальдарын омырауы 

-

мызда жарқыратып жүріп



1949-шы жылы демалыс алып

ауылға келдім. Ауыл да тап -

шылықтан көз аша алмай

отыр екен. Анамның құр сүл -

дері ғана қалыпты. Аштық пен

ауыр жұмыс титықтатқан

анамды көріп келесі күні

аудандық атқару комитетінің

сол кезгі хатшысы болған Бо-

табаев деген азаматқа жолы -

ғып, мән-жайды баяндаған соң

дереу потребсоюздан 32 келі

ұн жаздыртып берді. Ұнды

арқалап ауылға келгенімдегі

ауыл тұрғындарының қуа 

-

нышын айтып жеткізе алмас-



пын. Анамның ғана емес ауыл

тұрғындарының біразының

ажалдарынан бұрын өлмеуіне

үлесін қосқан Ботабаевтың

азаматтығын әлі де ұмытқан

емеспін. Екі апталық демалы-

сымды үйдің шаруасын рет-

теумен өткізіп әскери

бо ры шымды өтеуге қайта ат-

тандым да келесі 1950-ші

жылдың октябрь айында

әскери борышымды өтеп

болып туған жеріме оралдым.

1951-ші жылдың жазында

Пернеш есімді қызға үйленіп 5

ұл, 6 қыз сүйіп, немере-шө -

берелі болдық. Қазір ол

марқұм болып кетті. Жақында

жылдық асын өткізгелі от-

ырмыз. Өзім қазір немерем

мен келінімнің қолына қарап

қалған жайым бар. Қиыр

Шығыстың қатал табиғаты мен

әскери өмір жалын атқан

жастығыма ғана емес, денсау -

лығыма да елеулі залалын ти-

гізді. Былтыр октябрь айында

Алматыға барып емделіп

қайттым. Квотасыз. Биыл на-

урыз айында аудандық тера-

пия бөлімінде жатып ем

қабылдап шықтым. Терапия

бөлімінің басшысы Бақыт

Смағұлова мен Ардақ қызыма

және қолдарынан келгенше

денсаулығымның жақсаруына

өз үлестерін қосқан ақ желеңді

өзге де абзал жандар мен

әлеуметтік бағдарламалар бө -

ліміндегі Айдар Сәрсен баев -

тарға айтар алғысым шексіз.

Қазіргі кезде көз көрісім на-

шарлап, буын, жүрек аурула-

рыма қоса қуық ауруы да

мазалап жүр. Алматыға барып

емделіп қайтсам ба деген

едім, оған да квота қажет

болып тұр. Мұның бәрі де сол

қарғыс атқыр соғыс жыл 

-

дарының зардабы ғой. Ендігі



қалған аз ғұмырымда ешкімге

масыл болмасам екен деген ті-

легім жыл өткен сайын бос

үмітке айнала бастағандай.

Енді ел басына ондай қиын-

қыстау күн тудыра көрмесін.

Тәуелсіз еліміздің тыныш 

-

тығын тілейік” - деп сөзін енті-



гіп тоқтатқан Досбол

ақ сақалдың сол бір сұрапыл

жылдарда көргені де, ол

жайлы айтары да аз емесі

белгілі. Бұл бір ғана соғыс

ардагерінің басынан өткерген

қиын да қыс талаң кездердің

бір үзіктері ғана. Ал қаншама

соғыс ардагерлері қанды май-

дан дала 

сындағы бастан

өткер ген дерінің әлі де талай

шы ғармаларға арқау болары

анық.


Тұрар ТОҚҚҰЛОВ.

ÑÎҒÛÑ ÛËÀңÛ

Жеңіс тұғырында демеуліктер

Жақында Астана қала 

-

сында “Қазатомөнеркәсіп” ұлт -



тық атом компаниясының

дәстүрлі ХІV спартакиадасы

болып өтті. Бұл спорт мереке-

сіне біздің ауданнан №6 кен

басқармасы, №23 барлау эк-

педициясы, “Демеу-Шиелі”,

“Се мізбай-U” мекемесінің қыз -

меткерлері қатысып, бағын

сынады. Айта кету керек,

осын дай айтулы шарада “Де -

меу-Шиелінің” волейболшы-

лары жеңіс биігінен көріне

білді. Қазатомөнеркәсіп “Де -

меу ЭКШС” мекемесінің аты-

нан жарысқа түскен Шиелілік

волейболшылар өз тобында

Қаратау, Ақбастау, Волковгео-

логия, Степное РУ, НАК-ГРК

командаларынан басым түсіп,

финалдық ойында 2:1 есебі-

мен Үлбі металлургия заводы -

ның волейболшыларын ұтып,

алтыннан алқа тақты. Бұған

қосымша “Демеу-Шиелі” ко 

-

ман дасы бадминтон, шахмат



сайыстарында жүлделі үшінші

орынға көтерілді. Жеңімпаз

бен жүлдегерлерді “Қаз 

-

атомөнеркәсіп Демеу” ЖШС



бас директоры Ербол Төле -

баевпен, “Демеу-Шиелі” фи 

-

лиалының директоры Нәйла



Палымбет құттықтап, шын

жүректен алғыстарын білдірді.

Жеңімпаздар енді Астана

қаласында өтетін респуб 

-

ликалық жарыстарға жолдама



алып, әзірліктер жасауда. Та -

быс тілейміз!



Бекболат МИЗАМБАЕВ.

Суретті түсірген

Ғани ӘЛІМБЕТОВ.

Суретте: Солдан оңға

қарай:  “Демеу-Шиелі”

командасының спортшы-

лары-Айболат Сағынаев,

Мейрамкүл Нысанбай, Алмас

Ақпейлов, “Демеу-Шиелі”

филиалының директоры

Нәйла Палымбет, Ақниет Иб-

раев, Бекболат Мизамбаев,

Руслан Саденов. 





Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет