Шығыс Қазақстан облысының инновациялық потенциалы



Дата18.04.2023
өлшемі19,21 Kb.
#83849
Байланысты:
Шығыс Қазақстан инновация


Эссе
Шығыс Қазақстан облысының инновациялық потенциалы
Инновациялық процесс – экономикалық даму мен ұдайы өндірудің негізгі қозғаушы күшіне айналып отыр. Ол дамудың инновациялық түріне тән жаңа техника мен технологиялық процестерді кеңейтілген енгізу негізінде жүзеге асырады. Яғни өндірістік аппаратты үнемі жаңартып отыру еңбек өнімділігін арттыруға, энергия мен материалды үнемдеуді жүзеге асыруға және сол арқылы қажетті материалдық - техникалық және технологиялық процестердің көлемін азайтуға мүмкіндік береді. Соңғы екі онжылдықта дамыған елдер материалдық емес өндірістің жедел өсуімен және ақпараттық технологиялардың қоғамдық дамудың шешуші факторына айналуымен сипатталатын постиндустриалды қоғам кезеңіне өтті. Осындай жағдайда инновациялық процесс елдің бүкіл дерлік экономикасына және оның жекелеген аймақтарына еніп, сонымен бірге техникалық инновацияларды дамытуға өз ықпалын тигізді. Елдегі инновациялық даму тұтас Қазақстан үшін және оның ішкі бөлімдері үшін де дамудың жаңа сатысына өтуінің бастамасы болып табылады.
Ендігі кезекте Республикамыздағы Шығыс Қазақстан облысының инновациялық дамуы туралы қарастыратын болсам.Шығыс Қазақстан – елдегі Рудный Алтайдың негізгі жалғыз орталығы,ерте замандардағы сауда жолының негізі.Бүгінгі таңда облыс еліміздің қуатты тұрғыда дамып жатырған өнеркәсіптік,соның ішінде түсті металлургияның аймағы.Аймақ Ресей мен Қытай,Моңғолия шекараларының біріккен жерінде орнын тапқан.
Аймақтың инновациялық тұрғыдан алдыңғы қатарлы дамуы облыстық кәсіпорындардың технологиялық циклдерімен байланысты.Облыста соңғы уақытта инновацияларды әзірлеумен және енгізумен ең белсенді айналысатын 60-қа жуық компания бар. Өңірдегі түсті металлургия саласында дамушы төрт өнеркәсіптік алпауыттар бар.
Олардың бірі – Өскемен титан-магний комбинаты туралы бөліп айта кетсем. Комбинат шетелдік серіктестермен белсенді ынтымақтасады. Алдағы уақытта, өнеркәсіп титан өнімдерінің жаңа түрлерін Каспийдің қазақстандық қайраңындағы мұнай-газ жобаларында, химия және энергетика өнеркәсібінде, тұщыландыру қондырғыларында, кеме жасауда пайдалануға өндіруді қолға алып отыр. Бұл біртіндеп жүзеге асырылатын орта мерзімді жоспарлар. Өткен жылы Парижде UKAD еуропалық машина жасау холдингі және EADS компаниялар тобы Airbus ұшақтарын өндіруде пайдаланылатын соғылған бөлшектерге арналған титан жартылай фабрикаттарын жеткізуге ұзақ мерзімді келісімге қол қойды.
Ескере өтетін жайт 2016 жылы ҚР Инвестициялар және даму министрлігі өткізетін ұлттық инновациялық конкурстың қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан "Ең инновациялық-белсенді өңір" номинациясына ие болған болатын.Бұдан біз Шығыс Қазақстан облысының еліміздің ішіндегі болашағы зор,елдің экономикалық дамуына басты үлесін қоса білетін индустриялды-инновациялы аймақ деп нақты айтуымызға болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет