Шөгінді тау жыныстар және оның құрлымы



бет1/3
Дата02.12.2022
өлшемі4,31 Mb.
#54352
  1   2   3

Шөгінді таужыныстар және олардың құрлымы

Шөгінді тау жыныстардың қалыптасуы

  • Шөгінді таужыныстардың қалыптасу процесі литогенез деп аталады. Бұл процесте төрт саты бөлінеді:
  • гипергенез
  • седиментогенез
  • диагенез
  • катагенез

Гипергенез

Гипергенез сатысы мору деп те аталады. Бұл сатыда əр түрлі атмосфералық себепкерлер мен организмдердің əсерінен бұрын болған таужыныстар бұзылып, шөгінді құрайтын өнімдер пайда болады. Себепкерлердің қандайы басым болуына байланысты морудың физикалық жəне химиялық түрлері ажыратылады.

Седиментогенез

Бұл сатыда мору өнімдері тасымалданып шөгеді, яғни шөгінділер пайда болады. Шөгу процесі тасымалдау жолынан басталып седиментация алабында бітеді. Бұл жолда мору

өнімдерінің іріктелуі- сынықтар ерітінділерден ажырауы одан əрі қарай жүреді. Седиментогенез процесінде мору өнімдеріне жанартаулық материал мен организмдердің тіршілік əрекеттері

өнімдері қосылады.

Диагенез

Диагенез деп шөгіндінің таужынысқа айналу процесін айтады. Шөгінді орнықсыз жүйе. Ол болбыр, əдетте су мен газға қаныққан ботқа тəрізді зат. Суда қалыптасқан шөгінділерде 40-тан 80% -ға дейін су болады, ал құрлықтың шөгінділерінде 40-60% газ болады.

Диагенез сатысының кең тараған минералдары

  • сульфидтер /пирит марказит/
  • оксидтер мен гидроксидтер /опал, халцедон, кварц, гетит, гидрогетит, псиломелан, пиролюзит, манганит/
  • сульфаттар /барит, целестин/
  • карбонаттар /кальцит, доломит, сидерит, магнезит/
  • фосфаттар /даллит, курскит, коллофан/
  • силикаттар /глауконит, лептохлориттер, каолинит, гидрослюда, монтмориллонит, цеолиттер/
  • Бұл минералдар көбінесе ұсақ-майда түйіршіктер, сферолиттер, оолиттер, тасберіштер, керіш құрайды

Катагенез

Катагенез деп шөгінді таужыныстардың стратисферадан метаморфизмге дейінгі өзгеруін айтады. Бұл процесс температура мен қысымның жоғарылауына байланысты. Диагенезден айырмашылығы бұл процесс таза физикалық-химиялық, организмдер қатыспайды. Катагенезде шөгінді таужыныстар одан əрі тығыздалады жəне минерал түзілуінің əр түрлі процестері /жемірілу, еру, орынбасу, ерітіндіден қайта түзілу, сынықтардың



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет