Силлабус пәннің ОҚу бағдарламасы



бет27/48
Дата15.12.2023
өлшемі153,84 Kb.
#138679
түріБағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   48
Төлеу сөз (парафраз)
Төлеу сөз – өзгенің сөзін мағынасын сақтай отырып қайта жазып шығу. Бұл академиялық жазылымда «Парафраз жасау» деп аталады. Парафраз көлемі жағынан түпнұсқаға қарағанда кішірек болуы мүмкін. Парафразға да міндетті түрде сілтеме жасалып, беті көрсетіледі.
Төл сөзге қарағанда төлеу сөзге айналдыру студенттер үшінбіршама құнды болып табылады. Себебі, өзгенің сөзін өз сөзбен айналдыру барысында онадығ ақпаратты студент толықтай елегінен өткізеді. Сондықтан, парафраз жазба жұмысында кеңінен қолдануы тиіс. Бұл өз кезегінде жұмыстың жоғары бағалануының септігін тигізеді.
Парафраз жасау барысында мына жайттарды естен шығармау қажет:

  • Өзге автордың сөзін өз сөзімен (мағынас сөздермен, сөз тіркестерімен) жазу барысында негізгі мағынасын өзгертіп алмау.

  • Парафраз алынған дереккөзге сілтеме жасауды ұмытпау.

  • Парафраз сөйлемге немесе параграфқа жасалуы мүмкін.

  • Төл сөзді қолданғанның орнына парафраз жасап тырысу.



Қорытынды жасау.
Қорытынды мәтінді оқу арқылы ондағы негізгі деген оймен ғана беруге бағытталады. Оның негізгі мақсаты – бір автордың еңбегіндегі негізгі ойды ықшамдап, өз сөзімен жеткізу. Бұл әдіс сөздік жағынан шектеу қойылған шағын еңбектер жазу барысында қолданған өте ыңғайлы, мәселен, шағынэссені жазу барысында жиі қолданылады.
Қорытынды мен парафраз жасаудың өзара ұқсастықтары бар. Екеуінде де автор өзгенің сөзін өз сөзімен береді, бірақ парафраз бір сөйлемді немесе параграфты төлеу сөзге айналдыруға негізделсе, қорытынды тек тұтас бір мәтіннің немесе тұтас бір беттің негізгі деген ойды ғана беруге бағытталады. Сол себепті, қорытындыға сілтеме жасалғанда ақпарат алынған бет көрсетілмейді, тек әдебиетке сілтеме жасалады.
Қорытында жасау барысында ескеретін жайттар:
· Мәтінді оқу барысында негізгі мәліметтерді белгілеп тыру;
· Мәтіннің негізгі идеясы мен тұжырымын бұзбай ықшамдап пікір жазу;
· Тұжырымды негіздеу үшін мәтіннен идеяны қолдайтын мысал келтіру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет