Сын белгісі категориясының өрісіндегі есімді аналитикалық құрылымдардың қызметі



бет1/2
Дата30.09.2023
өлшемі16,8 Kb.
#111920
түріҚұрамы
  1   2

Сын белгісі категориясының өрісіндегі есімді аналитикалық құрылымдардың қызметі.
Қазақ тіліндегі сын есімнің күшейтпелі, асырмалы шырай формалары есімді аналитикалық құрылым болып табылады. А. Ысқақов [] күшейтпелі шырайдың күшейткіш буынын қос сөздердің бір түрі қайталама қос сөздер құрамында қарастырады. Біз күшейткіш буындарды шырай категориясын беретін грамматикалық мағынасы бар грамматикалық формалар деп санап, бұл пікірге келіспейміз. К. Аханов «Тіл біліміне кіріспе» [21, 441] атты еңбегінде шырай категориясының аналитикалық құрылымдары ретінде асырмалы шырай формаларын ғана таниды. Ал күшейткіш буындар арқылы жасалған күшейітпелі шырайдың формаларын синтетикалық құрылымға жатқызады. Өйткені бұл формалар шығу тегі жағынан да көмекші сөздермен жанаспайтындығын айтады. Сөйтіп, қып-қызыл мен қап–қара сын есімдеріндегі -қып, -қап элементтерін орыс тіліндегі префикс сияқты қызмет атқарады деп есептеп, күшейтпелі шырайдың синтетикалық формасы деп табады. К. Аханов аналитикалық құрылым болу шарттарының бірі аналитикалық формаға синоним синтетикалық форма болуы қажет деп есептеп, қап-қара, қып-қызыл, біп-биік, ап-ащы, ып-ыстық сөздерінің құрамындағы күшейткіш буындарды синтетикалық форма деп танып, оларды шартты түрде мағынасы жағынан тым қара, өте қызыл, аса биік, өте ащы, тіпті ыстық тәрізді аналитикалық формаларға сәйкес деп есептейді. Аналитикалық формаға синоним синтетикалық форманың болуы тіл білімінде кездесетін құбылыс болса да, бұл бұлжытпай орындалуы керек шарт болып табылмайды. Қазақ тіл білімінде күшейткіш буындарды шырайдың аналитикалық формасын жасайды деп дәлелдеушілер қатарында Ә.Төлеуов, Н.Оралбаева, С.Исаев, т.б. ғалымдар бар. Профессор С.Исаев: «Сөздің аналитикалық формасына сын есімнің күшейтпелі тұлғасы да жатады. Біріншіден күшейтпелі тұлғалардың үстелуі не қосымша, не префикс, не артикль сияқты тұлғаларға жатпайды, мұнда жартылай қайталау бар. Сондықтан үстеме буындар көмекші сөздер мәнінде қолданылады. Сонымен бірге күшейтпелі, асырмалы шырай тұлғасын жасайтын күшейткіш үстеу аталып жүрген өте, тым, аса, тіпті, орасан тәрізді көмекші сөздердің сапалық сындармен тіркесуі де сөздің аналитикалық формасына жатады»

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет