Сыныбы: Лексика- грамматикалық бөлім: 7-бөлім. Спорт. Белгілі спорт жұлдыздары. Морфология Грамматикалық материал: Етістік,оның мағыналық түрлері. Етіс түрлері. Оқу мақсаттары: Жазылым



Дата13.04.2023
өлшемі23,28 Kb.
#82470
түріСабақ

1.
Сыныбы: 6
Лексика- грамматикалық бөлім:
7-бөлім.Спорт.Белгілі спорт жұлдыздары.Морфология
Грамматикалық материал: Етістік,оның мағыналық түрлері.Етіс түрлері.
Оқу мақсаттары:
Жазылым:6.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып,мінездеме,өмірбаян құрастырып жазу;
Әдеби тіл нормалары: 6.4.4.2.етістіктің етіс түрлері мен салт-сабақты етістіктердің тіркесімдік мүмкіндігін ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану.
Тыңдалым
Мұғалім мәтінді оқып береді.Оқушылар тыңдайды.
Қазіргі заманғы Олимпиада ойындары – 2000 жылдан астам уақыт бұрын Ежелгі Грекияда өткен дәстүрлі спорт жарыстарының жалғасы. Сондықтан Ежелгі Грекия Олимпиада ойындарының отаны деп саналады.Олимпиада ұраны үш латын сөзінен құралып, «тезірек, биігірек,күштірек» деген мәнде жұмсалады. Олимпиада ойындарының ажырамас символы – олимпиада оты.Қазірге дейін қасиетті Кронос тауының етегінде, Алфей өзенінен алыстау жерде Гера шіркеуінің жанында қазіргі олимпиада ойындарының оты ойын басталғанға дейін бірнеше ай бұрын жағылады. Бұл рәсімді 11 әйел адам жүргізіп, таң ата Олимп отын жағады. Олимпиада оты эстафета арқылы атлеттен атлетке жетіп, бірнеше айда ойын басталатын жерге келіп жетеді.Отты өшіру ойынның аяқталғанын білдіреді. Ежелгі Грекияда от қасиетті деп саналған, Прометейдің құдайлардан ұрлап алып халыққа сыйға берген оты Грекияның қасиетті жерлерінде үнемі жанып тұрады. Олимпиада ойындарының ресми эмблемасы бір-біріне шырмала бекітілген бес сақина – бес құрлықтың халқы дегенді білдіреді. Сақинаның көк түсі – Еуропаны, қара түс – Африканы, қызыл түс – Американы, сары түс – Азияны, жасыл түс Австралияны бейнелейді. Бұл символды қазіргі олимпиада ойындарының негізін салушы, француз ақсүйегі барон Пьер де Кубертен енгізді.
(«Әлемдік және ұлттық спорт түрлері» кітабынан)

Айтылым
Өздерің еліктейтін спортшының өмірбаяны туралы білетін мәліметтеріңді айтыңдар
Дескриптор:
Жалпы- балл.
Спортшы туралы мәліметтер біледі- 2 балл.

Дескриптор:_Жалпы-4_балл.'>Әдеби тіл нормаға сай тапсырма
Өздерің ұнататын спорт түрі туралы етістерді қатыстырып мәлімет жазыңдар.Дауыстап оқыңдар.
Дескриптор:
Жалпы-4 балл.
Етістерді қатыстырып сөйлем құрай алады-2 балл.
Ұнататын спорт түрі туралы мәліметтер бәледі-2 балл.

Жазылым
Берілген қағаздардағы сөздерді құрастырып,етіс түрлеріне бөліп тақырыпқа байланысты 5 сөйлем жазыңдар
Қағаздағы сөздер: футбол,қолғап,доп,киім,тамашалау,болашақ,көзілдірік,телефон,таңдау,жетістік
Дескриптор:
Жалпы-4 балл
Етіс түрлерін ажырата алады-2балл
Тақырыпқа байланысты сөйлемдер құрай алады-2 балл

2.
Сыныбы: 6
Лексика- грамматикалық бөлім:
7-бөлім. Спорт.Белгілі спорт жұлдыздары.Морфология
Грамматикалық материал: Етістік,оның мағыналық түрлері.Етіс түрлері.
Оқу мақсаттары:
Тыңдалым-айтылым: 6.1.3.1.тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну,детальды ақпаратты анықтау;
Әдеби тіл нормалары: 6.4.4.2.етістіктің етіс түрлері мен салт-сабақты етістіктердің тіркесімдік мүмкіндігін ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану
Тыңдалым-айтылым:
Оқушылар спортшылар туралы видеоролик көреді.Талқылайды.


Жазылым:

Интерактивті тақтада шыққан ребустарды шешеді.Дәптерге жазып алады.




Дескриптор:_Жалпы-2_балл_Сұрақтарға_жауап_беріп,сабаққа_қатысады-2_Әдеби_тіл_нормалары'>Дескриптор:_Жалпы-2балл_Сәйкестендіру_жұмысын_жазу-2___Айтылым'>Дескриптор:
Жалпы- 2 балл.
Ребусты шеше алады-2

Жеке жұмыс.Интерактивті тақтадағы сәйкестендіру тапсырмасы.Сәйкестендіру жұмыстарын дәптерге жазыңдар.




Дескриптор:
Жалпы-2балл
Сәйкестендіру жұмысын жазу-2


Айтылым:

1.Болашақта спортшы болсаң,қай спорт түрін таңдар едің?


2.Қай спорт түрлері қазір танымал?
3.Өзің еліктейтін спортшы туралы айтып бер


Дескриптор:
Жалпы-2 балл
Сұрақтарға жауап беріп,сабаққа қатысады-2
Әдеби тіл нормалары
Салт етістіктер мен сабақты етістіктерді қатыстырып,спорт туралы сөйлемдер жаз.(5 сөйлем)

Дескриптор
Жалпы-4балл
Салт етістіктер мен сабақты етістікті ажырата алады-2
Сөйлем құрастыра алады-2

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет