Сынып: 7 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны



Дата13.02.2023
өлшемі22,73 Kb.
#67414
түріСабақ

Физика Тексерілді: М.Қамбаров
Кыска мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп: А Шерімкулов
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Әуез Дидар
Сынып: 7 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақ тақыр. Қатынас ыдыстар.
оқу мақсаты 7.3.1.6.Қатынас ыдыстардағы қолдану мысалдарын келтіру
Сабақ
мақсаттары Қатынас ыдыстардың не екенін білу; Қатынас ыдыстарға құйылған бір түрлі сұйықтың деңгейі не үшін бірдей болатынын түсіну; Қатынас ыдыстарға құйылған әртүрлі сұйықтың деңгейі не үшін әртүрлі болатынын түсіну; Су құбырының жұмыс істеу принципін түсіну.
Жетістік
критерийлері Қатынас ыдыстардың не екенін біледі; Қатынас ыдыстарға құйылған бір түрлі сұйықтың деңгейі не үшін бірдей болатынын түсінеді; Қатынас ыдыстарға құйылған әртүрлі сұйықтың деңгейі не үшін әртүрлі болатынын түсінеді; Су құбырының жұмыс істеу принципін түсінеді.
Тілдік
мақсаттар
Оқушылар өздерінің түсініктерін көрсететін жаңа сөздерді пайдаланулары керек. Олар терминдерді түсіну және қолдану керек. Арнайы пәндік лексика мен терминология: Сөздік
Қазақша Орысша Ағылшынша Қысым Давление Pressure Беттің ауданы площадь поверхности the area of the surface Қатынас ыдыстар сообщающиеся сосуды communicating vessels Су құбыры водопровод water pipes Атмосфералық қысым атмосферное давление Atmosphere pressure Торичелли тәжірибесі опыт Торричелли experience Torricell
Құндылықтарды
дарыту Оқушыларды адамгершілікке, патриоттық сезімді бойларына сіңдіру.
Пәнаралық
байланыстар Математикамен байланыс арқылы математикалық есептеулерді дұрыс жүргізуді, график салуда масштаб сақтауды жүзеге асыру
АКТ Презентация және http://www.bilimland.kz/index.php/kz/ сілтемесін АКТ көмегімен ұсыну
Бастапқы білім Қысым. Паскаль заңы. Сұйықтың қысым
Сабақтың жоспары Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы
І. Мұғалім: Ұйымдастыру кезеңі. «Жүректен жүрекке» оқушылар бір – біріне ыстық ықыластарын білдіреді. «Миға шабуыл» Осы сурет арқылы нені түсінуге болады? не себепті бұл ыдыстардағы сұйықтың деңгейі барлық бөліктерінде бірдей? Оқушылар: Үй тұрмысындағы ыдыстар.Өйткені қысым барлық ауданға түседі. http://bilimland.kz/kk/content/category/search#p=1&pn=6&s=%D0%B0%D1%82%D1%8B%D0%BD%D0%B0%D1%81+%D1%8B%D0%B4%D1%8B%D1%81%D1%82%D0%B0%D1%80
Сабақтың
ортасы
ІІ. Мұғалім: Қатынас ыдыстар деп екі ұшы ашық орталары жалғасқан ыдыстарды айтады. Мұғалім: Қатынас ыдыстардың қасиеттері • Кез келген пішінді қатынас ыдыстардағы тыныш тұрған біртекті сұйықтың еркін беттері бірдей деңгейде болады. Оқушы: Осы ыдыстарға құйылған ыдыстағы судың деңгейлері бірдей биіктікте болатынын айтады. Мұғалім: • Қысымдары тең болғанда, тығыздығы үлкен сұйық бағанының биіктігі тығыздығы аз сұйық бағанының биіктігінен кем болады. Мұғалім: Сұйықтардың тепе-теңдік шарты: p1 = p2 = p3 = …= pn http://purecomm.org.il/_uploads/imagesgallery/1553.JPG
Топтық жұмыс • Қатынас ыдыстардағы әртекті сұйық бағандарының биіктігі олардың тығыздықтарына кері пропорционал. http://kiselevich.ru/edu/fizika/ege/img1/38-2-sos.jpg ІІІ. Сыныпты топқа бөліп тапсырмалар беріледі. Топтық жұмыс 1 топ. Тапсырма №1 1. Қатынасты ыдыстарға сынап пен су құйылған (суретке қарау). Су бағанының биіктігі 68см. Сынап бірдей деңгейде болу үшін сол жағына қандай биіктікте керосин құю керек? су сынап 2. Цилиндрлі қатынасты ыдыстарда су бар. Кең ыдыстың көлденең қимасы тар ыдыстың көлденең қимасынан 4 есе үлкен. Тар ыдысқа бағана биіктігі 20см болатын керосин құйды. Кең ыдыстағы су деңгейі қаншаға көтерілетінін және тар ыдыста қаншаға азаятынан табыңдар. ТЫҒЫЗДЫҚТАР ТАБЛИЦАСЫ (кг/м3) су.........................................1000 керосин...........................................800 май (көлік майы)................900 бензин.............................................710 2 топ. Тапсырма №2 1. Аквариум бетіне дейін сумен толтырылған. Ұзындығы 50см және биіктігі 30см аквариум қабырғаларына су қандай күшпен әсер етеді? 2. Су манометрімен жалғасқан колбадағы қысым неге тең? Атмосфералық қысым 770мм.сын.бағ. ТЫҒЫЗДЫҚТАР ТАБЛИЦАСЫ (кг/м3) су.........................................1000 керосин...........................................800 май (көлік майы)................900 бензин.............................................710 Дескрипторлар: Қатынас ыдыстардың не екенін біледі; Қатынас ыдыстарға құйылған бір түрлі сұйықтың деңгейі не үшін бірдей болатынын түсінеді; Қатынас ыдыстарға құйылған әртүрлі сұйықтың деңгейі не үшін әртүрлі болатынын түсінеді; Су құбырының жұмыс істеу принципін түсінеді «Сөздіктерді сәйкестендіру» Сөздік
Қазақша Орысша Ағылшынша Қысым сообщающиеся сосуды communicating vessels Беттің ауданы опыт Торричелли water pipes Қатынас ыдыстар водопровод Pressure Су құбыры Давление experience Torricell Атмосфералық қысым атмосферное давление Atmosphere pressure http://www.remstroisovet.ru/images/images/sosudi.jpg http://purecomm.org.il/_uploads/imagesgallery/1553.JPG
Торичелли тәжірибесі площадь поверхности the area of the surface Жауабы :
Қазақша Орысша Ағылшынша Қысым Давление Pressure Беттің ауданы площадь поверхности the area of the surface Қатынас ыдыстар сообщающиеся сосуды communicating vessels Су құбыры водопровод water pipes Атмосфералық қысым атмосферное давление Atmosphere pressure Торичелли тәжірибесі опыт Торричелли experience Torricell Қатынас ыдыстар тақырыбы бойынша қалыптастырушы бағалау.
соңы Сабақты қорытындылау
Саралау – оқушыларға қалай көбірек
қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті
жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды
жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Барлық оқушылар: Бүгінгі игерген
материалдар келесі сабақтардың негізі
болатындықтан, тақырып бойынша теориялық
білімдерін барлық оқушыда қалыптастыру.
Оқушылардың басым бөлігі: үйкеліс және
оның түрлерін біледі және ажырата алады.
алады. Үйкеліс күшіннің формуласын
пайдаланып есеп шығара алады. (1) Алдағы тақырыптың түсінуін. (2) Үй жұмысының орындалуын. (3) Жаңа тақырыпты меңгеруде пікірталастарға қатысып отыруын. (5) Сыни ойлау дағдыларын дамытуға бағыттал,ан есептерде ойлау операцияларын қолдануы. Оқушы құрал-жабдықтар мен жұмыс жасағанда өздерінің және басқалардың денсаулығына, мектеп мүлкіне жауапкершілікпен қарау. Алынған нәтижені талқылау барысында креативті, сыни тұрғыдан талқылау. Оқушылардың жұппен, топпен жұмыс жасауы, мұғаліммен біріге отырып жаңа білім алуға әрекет етуі олардың өзара , және мұғаліммен қарым қатынасын нығайтады,Олар өз пікірін айтуға дағдыланады.Тілдік дағдылары қалыптасады.
Сабақ бойынша
рефлексия
2 минут
1. Мен сабақ қызықты _____________ қызықсыз болды деп ойлаймын. 2. Мен сабақта: үйрендім көп нәрсені _____________ үйренгенім аз болды. 3. Мен басқаларды мұқият ______________ зейінсіз тыңдадым.
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1: : Оқушылар белсенді сұрақтарға жауап беріп отырды.
2: Тақырыпты оқушылар белсенді түрде ойларын айтып, аша білді.
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1: Оқушылардың қызығушылығын оятатындай жұмыстардың жасалуы.
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу
қажет?
1: Жұптық тапсырма кезінде оқушылардың деңгейлеріне байланысты бөлу.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет