Сынып жетекшісі: Г. Жұбанова Тәрбиелеу білім беру процесінің циклограммасы ІV -апта Білім беру ұйымы



бет1/4
Дата25.04.2023
өлшемі19,38 Kb.
#86614
  1   2   3   4

Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: _______________ Л. Ахметова
Сынып жетекшісі: Г.Жұбанова
Тәрбиелеу - білім беру процесінің циклограммасы ІV -апта

Білім беру ұйымы: №71 жалпы білім беретін мектептің МАД сыныбы
Топ/сынып: МАД «А»
Балалардың жасы: 5-6 жас
Жоспардың құрылу кезеңі: (апта күндері, айы, жылы) 2022-2023 оқу жылы



Күн тәртібінің үлгісі

24.04.2023ж.
Дүйсенбі

25.04.2023ж.
Сейсенбі

26.04.2023ж.
Сәрсенбі

27.04.2023ж.
Бейсенбі

28.04.2023ж.
Жұма

Балаларды қабылдау. Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру

Сәлеметсіз бе?! Демалысың қалай өтті?

Қайырлы күн!

Қош келдің, Ермек!

Сәлем, көңіл күйің қалай?

Армысың, алтын күн!

Таңертеңгі жаттығу

Кешенді жаттығу. №11

Кешенді жаттығу. №12

Кешенді жаттығу. №13

Кешенді жаттығу. №14

Кешенді жаттығу. №15

Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

«Кім жақсы тыңдайды?»
Мақсаты: Есту зейінділігін, фонематикалық қабылдауын дамыту: балаларға сөздегі дыбыстарды естіп ажыратуға, сөйлемде керекті сөздерді дұрыс белгілеуді үйрету. 
Ойын барысы: 
1 - нұсқа. 
Екі баланы шақырту. Бір-біріне арқаларымен тұрғызу, топқа қырымен қарап тұрады, сосын тапсырма беріледі: «Мен сөздерді айтам, ал Мақсат тек ш дыбысын естігенде қолын көтереді, ал Жансая ж дыбысын естігенде» балаларға тапсырманы қайталату. Балалар дұрыс жауаптарды санайды, қате жауаптарды белгілейді. Педагог сөздерді шағын интервалмен атайды (барлығы 15 сөз: 5 – ш дыбысымен, 5 – ж дыбысымен, 5 –керекті дыбыстар жоқ). 
Сөздер: шалқан, айна, жылқы, түлкі, шана, ожау, тышқан, қонжық, кітап, ешкі, жаңғақ, күшік, орындық, жұмыртқа, құлып. 
Қалғандары балалардың жауаптарын қадағалайды, қателерін дұрыстайды. Соңында ең зейінді баланы белгілейді. 
2 - нұсқа. 
Екі баланы шақырту. Бір-біріне арқаларымен тұрғызу, ш-ж дыбыстарына қолдарын көтереді, ал балалар осы дыбыстарға сөздер ойлап табады. Ойынның соңында жеңімпазды атайды. 
3 - нұсқа. 
Екі балаға берілген дыбысқа сөздер жинақтату. Біреуіне ш дыбысымен, екіншіге ж дыбысымен. Сөздерді ең көп және дұрыс атаған бала жеңеді. 



«Зейінді бол»
Мақсаты: Күрделі геометриялық суреттен үшбұрышты, төртбұрышты, шеңберді көрсете білу.
Қажетті құралдар: Геометриялық пішіндер кескінделген суреттер.
Ойын барысы: Тәрбиеші көрсеткіш таяқшамен бірінші (екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы) суретті нұсқап, балаларға мынадай сұрақ қояды: Суреттен қандай таныс пішінді көресіңдер? Әрбір суретте өзара ұқсас неше пішін бар? Есептеу кезінде аз қателескен қатар ұтып шығады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет