А.Ә.Әлімхан Х. Б. Ахметова М. М. Абдрахманова



Pdf көрінісі
бет1/65
Дата29.12.2022
өлшемі0,88 Mb.
#60158
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65
Байланысты:
китап Алимхан. Оқу сауаттылығы



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 
С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ 
А.Ә.Әлімхан 
Х.Б.Ахметова 
М.М.Абдрахманова 
 
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ 
 
 
Тапсырмалар жинағы 
 
 
 
 
 
 
 
Өскемен 
2021 



ӘОЖ 811. 512. 122 (075. 8)
КБЖ 81.2 Каз я 7 
Ә 55 
«С.Аманжолов атындағы ШҚУ» ҚЕ АҚ 
Ғылыми кеңесінде бекітілді. 
(№10 хаттама, 29.04.2021ж.) 
Пікір жазғандар
А.М.Картаева, филология ғылымдарының докторы
И.А.Ибатаева, жоғары санаттағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Д.Б.Жиенбаева, жоғары санаттағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
 
Әлімхан А.Ә., Ахметова Х.Б., Абдрахманова М.М. Оқу сауаттылығы: 
Тапсырмалар жинағы. Өңд., толықт. 2-бас. – Өскемен: «Берел» баспасы, 2021 – 
97 бет. 
ISBN
Тапсырмалар жинағы қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінде оқу 
сауаттылығын жетілдіру мақсатында практикалық сабақтар өткізуге арналған. 
Еңбекте оқу сауаттылығының жағдай, мәтін, аспект құрамдауыштарына түсінік 
беріле отырып, оқу сауаттылығынан тест тапсырмалары қамтылған

Көмекші оқу құралы жоғары оқу орындарының оқытушыларына, 
магистранттарына, студенттеріне және мектеп мұғалімдері мен оқушыларға 
ұсынылады. 
ISBN 
ӘОЖ 811. 512. 122 (075. 8)
КБЖ 81.2 Каз я 7 
Әлімхан А.Ә.,
 2021 
 
 



АЛҒЫСӨЗ 
 
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы 
Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Болашақта 
ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік 
қабілетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас 
ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек»,- деген еді. 
Дүниежүзілік Экономикалық Форум «Білімге жаңа көзқарас» 
Халықаралық есебінде ХХІ ғасырдың табысты адамының 16 түрлі білімі мен 
дағдысын айқындады. Мұнда үш негізгі блок анықталған болатын: «Базалық 
дағдылар» (қаржылық, мәдени және азаматтық сауаттылық, АКТ дағдылары), 
«Құзыреттер» (креативтік, байланысқа бейімділік, мәселелерді шешу) және 
«Мінез-құлық түрлері» (топта жұмыс істеу дағдысы, лидерлік қасиеті, 
ынталылығы). Білім алушылардың оқу жетістігін бағалайтын PISA 
халықаралық зерттеуі аталған құзыреттіліктерді кешенді бағалауды 
қарастырадтын PISA (Programme for International Student Assessment) 15 
жастағы білім алушылардың оқу жетістігінің деңгейін бағалайды. Нақты осы 
жастағы оқушылардың білімін бағалау себебі әлемнің көптеген елдерінде бұл 
жастағы балалардың мектепте міндетті білім алуының аяқталатындығымен 
түсіндіріледі. Жастар осы жаста болашақ мамандықтарын таңдай алады, 
әрікелешек білім алу траекториясын анықтау мүкіншілігіне ие болады. 
PISA зерттеулеріндегі тест тапсырмалары білім алушылардың оқу 
сауаттылығы жетістіктерін бағалаудың келесі түрлерін қарастырады. Олар: 
мәтінге көз жүгірте қарап негізгі ойды анықтау; мазмұнын түсінуі; қажетті 
мәліметтерді табу және таңдай білуі; синтез және талдау дағдысы; мәселені 
шешу және айқындауы; ақпараттың нақтылығын анықтау мен сапасын бағалай 
білуі.Оқушылардың оқу сауаттылықтарын бағалау негізгі бағыттың бірі 
болыпотыр. Оқу сауаттылығы – ақпараттың мазмұнын бағалау, түсіну және 
интерпритациялау қабілеті болып табылады. Тестілеуге қатысушылар 
тапсырмаларды орындау барысында мәтіннің негізгі ойын анықтап, оны жалпы 
мәтін мәнмәтінінен бөліп алып, өз қөзқарасын дәлелдермен негіздеу 
қабілеттерін көрсете білуі қажет, сондай-ақ, олар өзінің әртүрлі форматта 
берілген мәтіндермен жұмыс істей алу қабілетін, ақпаратты біріктіру мен ұғына 
білу дағдысын және сыни ойлау құзыреттерін көрсете білуі қажет. 
Оқу сауаттылығын тексеру оқу техникасы немесе мәтіннің мазмұнын 
нақты түсінуін бағалау емес, оқу барысында меңгерген білімдері мен 
дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу қабілеттерін бағалауға 
бағытталған.
Қазіргі мектептерде оқушылардың бойындағы функционалдық 
сауаттылық пен өмірге қажетті құзыреттер жиынтығын дамытуға басты назар 
аударылады. Сондықтан әрбір мұғалім жаңа кезең талаптарына сай болу үшін 
педагогикалық үрдістің бірізділігін және оқу мен тәрбиенің біртұтастығын 
сақтай отырып, оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды 



қабылдауға ынталы, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын, өзгермелі өмірге 
оқушыны да, өзін де даярлай білетін шығармашыл тұлға болуы тиіс. 
Қазіргі білім беру жүйесі - оқушыларды оқу сауаттылығы арқылы жазба 
мәтіндерді түсінуге және қолдана білуге дағдыландыру, мәтіндегі ойды дұрыс 
айқындауға үйрету, оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық 
ойлауын, сөйлеу тілін дамыту, логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру 
мақсаттарында қолданылатын тапсырмалар жинағын құрастыруды міндеттейді. 
Осы қажеттіліктерден туындаған тапсырмалар жинағы болашақ қазақ тілі мен 
әдебиеті мамандарын кәсіби даярлау үдерісінде де аса қажетті құрал екені 
даусыз. 
Оқу құралында оқу сауаттылығының жағдай, мәтін, аспект 
құрамдауыштарына түсінік беріле отырып, оқу сауаттылығынан тест 
тапсырмалары ұсынылып отыр. 
Оқу сауаттылығынан тапсырмалар жинағы мектеп оқушыларына, 
мұғалімдерге, жоғары оқу орындары мен педагогикалық колледждердің «қазақ 
тілі мен әдебиеті» мамандықтарының студенттеріне және барлық қазақ тілін 
үйренушілерге арналған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет