Сынып ұжымына мінездеме №215 орта мектебінің 6 сыныбы. Сыныпта 13 оқушы бар. Оның ішінде 6 ұл бала,7 қыз бала. Сынып жетекшісі Курманбаева Гулмира. Әлеуметтік құрамы орташа. Материалдық жағынан жеткілікті қамтылған. Сынып оқушыларының оқу әрекетіне, тәрбиелік шараларға қатысу белсенділіктері жас ерекшеліктеріне сай жақсы деп айтуға болады. Оқушылардың мұғалімдерге қарым-қатынастары жақсы, педагогикалық талаптарға бағынады. Сынып оқушыларының мектеп мотивациялары оң, сабаққа қызығушылықпен келеді, көңіл-күйлері көтеріңкі.
Сыныптағы психологиялық ахуалды қолайлы деп айтуға болады. Сынып оқушылары ұйымшыл. Сонымен қатар сыныпта шығармашылыққа бейім оқушылар бар. Жалпы сыныптан тыс шараларға, сабақтарға белсене қатысады. Тапсырманы әр оқушының бейімділігін, жеке-дара ерекшеліктерін ескере отырып бөледі. Оқушылардың еңбек қатынасына деген ынта жігері жоғары. Сыныптағы оқушылардың бір біріне қол ұшын беруге әзір тұрады. Мектептің қоғамдық жұмыстарына әр уақытта топпен бір кісідей атсалысып қатысып, тапсырылған жұмыстарды уақытында, тиянақты, үлкен жауапкершілікпен атқарады. Сабақ үстінде бір біріне үнемі көмектесіп отырады. Сыныпта мазасыз оқушы жоқ.