Сынып сағаты Мектеп атауы: №1 А. С. Пушкин атындағы мектеп гимназиясы



бет7/10
Дата19.02.2023
өлшемі49.55 Kb.
#69234
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Сынып сағаты 1
Ауған соғысы тәрбие сағаты
Сынып сағаты

Мектеп атауы: №1 А.С.Пушкин атындағы мектеп гимназиясы



Бөлім:

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМ МЕН АЗАМАТТЫҚТЫ ТӘРБИЕЛЕУ, ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ





Педагогтің Т.А.Ә.


Бекбулатова А.С




Күні:





Сынып: 5А

Қатысушылар
саны:

Қатыспағандар
саны

Сабақтың тақырыбы

Тәуелсіздіктің ұлы рухы – Желтоқсан



Сабақтың мақсаты

Оқушыларға Тәуелсіздіктің кімдердің қанымен, қандай ауыртпалықпен келгендігі жайлы айтып, ұлттық сезім, ұлттық мақтаныш, ұлттық сана, ұлттық парызды әрбір қазақ баласының бойына дарыту.
Өз Отанына,туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып,өз ана тілін,әдет-ғұрпын,салт- дәстүрін сақтай білуге патриоттық сезімге тәрбиелеу.



Сабақтың барысы



Сабақтың кезең
/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының
әркеті

Ресурстар






Қазақстан туралы не білеміз? Мен Қазақстанда тұрамын. Мен Қазақстанда білім алып жатырмын.Мен еліммен мақтанамын.Елімнің гүлдене бергенін қалаймын.
Мұғалім сөзі. Міне оқушылар біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді.Мыңдаған жылдық тарихы бар.Қазақстан тәуелсіздік алды.
Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.
1991 жылы КСРО ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да болды. 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі “Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы” заңды қабылдады. Ескеретіні, Қазақстан КСРО құрамындағы елдердің арасында ең соңғысы болып Тәуелсіздігі туралы заңды қабылдады. Бұл заң 1990 жылы 25-қазанда қабылданған Қазақстанның Егемендігі туралы Декларациямен бірге Қазақ елінің елдігін нығайта түсті

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Бұл түс- ашық аспанның,тыныштықтың белгісін көрсетеді.Тудың ортасындағы алтын күн – баршаға ортақ, бәріне нұрын шашып, сәулесін төгеді.Оның жылуы жер бетіндегі бүкіл тіршілік тіршілік атаулыға ортақ. Алтын күнді қанатымен жебеп, өрге көтер»п ұшып бара жатқан қыран құс – ерлік белгісі. Матаның сол жағында ою — өр негі бар тік жолақ орналасқан. Бұл қазақ елінің әшекейі. Алтын күн, Қыран және ою- өрнек біздің халқымыздың ашық келешегі мен бай – берекесі, тыныштық пен байлықтың белгісі.


Әр қазақтың есінде сақталады,


Желтоқсандық өркендер ақталады.
Ер намысын қорғаған сарбаздарым,
Ерліктерің мәңгілік сақталады.
Қандай бақыт қуаныш күн бүгін,
Дәлелдеуде Қазақстан елдігін.
Арман еткен қыршын кеткен ағалар мен апалар,
Елің алды егеменді теңдігін,- деп жырлай келе тәуелсіздігіміз жасай берсін, еліміз тыныш болсын!

Желтоқсан -тәуелсіздіктің ұлы рухы”





Балалар бірге «Атамекен » әнін шырқайды


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет