Сынып сағаты:
|
Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет
|
Күні:
|
02.09.2022 ж
|
Сынып жетекшісі:
|
Рахимова Д.Т
|
Сынып: 2 «Ә»
|
Қатысушылар саны:6
|
Қатыспағандар саны:
|
Сынып сағаттың тақырыбы:
Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)
|
«Отан-отбасынан басталады», «Еңбек түбі береке»
|
Сынып сағаттың мақсаты
|
білім алушылармен бірге білімге ұмтылу, отаншылдық, еңбексүйгіштік құндылықтарының адам өміріндегі рөлін талқылау.
|
Құндылықтарды дарыту
|
|
Ресімдеу
|
Слайд
|
Музыкалық және бейне көркемдеу
|
Презентация
|
Үлестірмелі материалдар
|
Суреттер, мақал – мәтелдер жазылған плакаттар
|
Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер
|
Кітаптар,презентация
|
Дайындыққа арналған әдебиет
|
Интернет материалдары
|
Сынып сағаттың барысы
|
Сынып сағаттың кезеңі\ уақыты
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
Ресурстар
Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары
|
Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)
|
Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар мен ата-аналар!(Танысу сәті)
Шаттық шеңбер.
Күндей жадырап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөлдір таза көңілмен,
Бүгінгі күнімізді бастайық.
Есімдер аллитерациясы әдісі.
Мақсаты: Ата-аналармен оқушылардың жаңа сынып жетекшімен танысу.
Шарты:Ата-аналар мен оқушылар ты ұстап есімдерін айтып және де есімдерінің бірінші әрпінен басталатын жағымды қасиетін айту керек.
Әр сөзінен кейін қалғандары үш рет қол соғып қошеметтеп қояды.
- Сіздің есіміңізді, жақсы қасиетіңізді айтып жатқанда қандай сезімде болдыңыз?
- Өзіңіз қазіргі кезде қандай көңіл-күйде отырсыз?
Танысып болсақ сынып сағатымызды бастаймыз.
XXI ғасырда Қазақстанда тыныштық, бейбітшілік болсын деп тілей отырып бүгінгі «Терең білім,еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» атты сынып сағатымызды бастаймыз.
|
Оқушылар мен ата-аналар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша
орындарына отырады.
|
Презентация
Шар
Презентация
|
Сынып сағаттың басы
|
Балалар біз қай мемлекетте тұрамыз?
-Елбасымыз кім?
-Елордамыз қай қала?
-Мемлекеттік тіліміз қандай тіл?
Балалар біздің бір ғана Отанымыз бар. Ол – Тәуелсіз Қазақстан. Тәуелсіздік алғаннан кейін еліміздің рәміздері дүниеге келді. Олар:
«Отан сөзін» қалай түсінесіңдер?
|