Ұйымдастыру
І. Кіріспе бөлім
ІІ. Негізгі бөлім
ІІ. Қорытынды
|
Мұғалім оқушылармен амандасып, сабаққа дайын екендіктерін тексереді
ҚР – ның Әнұраны орындалады
Мұғалім:
Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар, ұстаздар, жаңа оқу жылының басталуымен баршаңызды құттықтай отырып, бүгінгі ең алғашқы сынып сағатын бастаймыз. Бүгін сіздермен «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» тақырыбын кеңінен ашып, талқылайтын боламыз.
Сынып сағатын бастамас бұрын, жазғы демалыста алған әсерлеріңізбен бөлісулеріңізді сұраймын.
Жазғы демалыстан қандай әсер алдыңыз?
Алдағы жаңа оқу жылынан не күтесіз?
1.Ел президентінің ел жастарына арнаған үндеуінен үзік видео тамашалау;
Құрметті оқушылар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 12 шілде, 2022 жылы күні бейнежазба арқылы «AMANAT» жастар қанатының кезектен тыс VI Съезіне қатысушы делегаттарға құттықтау сөз арнап, ел жастарына арнайы үндеу жолдаған болатын, сол бейнажазбадан үзінді тамашалайық....
Мінекей оқушылар, өздеріңіз бақылағандай пленарлық отырыс барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «AMANAT» партиясы жастар қанатының кезектен тыс VI Съезінің делегаттарына арналған осы үндеуінде Жаңа Қазақстанның жастары айрықша түсінуге тиіс үш маңызды бағытты атады. Олар – терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет.
Біріншіден, Мемлекет басшысының айтуынша, көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар елді алға бастайды, болашақтың кілті цифрлық технология мен инновацияда. Сондықтан бірнеше тіл біліп, түрлі кәсіп игеру жастардың қолынан келеді. Президент атап өткендей, еліміз бәсекеге қабілетті болуы қажет. Халқымыздың әл-ауқатын арттырып, тұрмыс сапасын жақсарту керек. Мемлекет басшысының айтуынша, білімді әрі білікті өрендер ғана биік мақсатқа жете алады. Елге тірек болу – әрбір жастың мұраты. Ел жастардан тың бастамалар және озық идеялар күтеді.
Екіншіден, жастар адал еңбекті бағалап, рухы биік, санасы сергек болуға тиіс. Жаңа заманның жақсы қасиеттерін бойға сіңіре отырып, жаһанданудың жағымсыз әсерлерін де естен шығармау керек. Мемлекеттік мүдде бәрінен биік тұруы керек екенін айта келіп, Президент әрбір жасты ана тілін, ата дәстүрін, төл тарихын білуге үндеді.
Үшіншіден, отаншылдық қасиет туралы Мемлекет басшысы әркім қоғам алдындағы жауапкершілігін терең сезіну керек екенін, туған елге құрмет жалынды сөзден емес, жасампаз істен көрінетінін, алдына мақсат қойған азамат нағыз мемлекетшіл тұлғаға айналатынын ерекше атап өтті.
«Білімге ұмтылу, отаншылдық, еңбексүйгіштіктік құндылықтарының адам өміріндегі рөлі» (Баяндау) ;
Олай болса, бүгінгі тақырыпты, яғни осы үш құндылық туралы кеңінен ашып айтатын болсақ, Білім – бүгінгі қоғамда адам деңгейін, тұлға биіктігін айқындауға көмектесетін құндылық. Өз деңгейіңізді арттырғыңыз келсе, білім алуға ұмтылыңыз. Бұл – сіздің ең дұрыс шешіміңіз. Бүгінгі дәуірде еліміздің атағын аспандатып, құндылығын қорғау үшін біз қолдана алатын тек бір ғана қару бар. Ол – сапалы білім. Сіз мектеп пен жоғары оқу орынында өзіңіздің қолыңызда болатын қарудың сұлбасын жасайсыз. Ал қорғану үшін немесе деңгейіңді өсіру үшін ол қарудан оқ атып, білім деңгейіңді көрсету қажет болады. Сіз ататын оқ – өз бетіңізбен көңіл көкжиегіңізді дамыту мақсатында жинаған біліміңіз.
Адам өз-өзін әрдайым дамытып отыруға тиіс. Өйткені, заман күннен күнге қарыштап жылжып барады. Егер сіз бір орында тұрып қалсаңыз дәуір талабынан кейіндеп қалғаныңыз. Кейіннен көштің басын қуып жету қиынға айналып, соңғы қатарда шаң қауып қала бересіз. Ал бұл дүние адами құлдырауға әкеліп соғады.
Сондықтан, білім ал, қаныңда бар қасиетіңді көрсет! Білім қаруыңды күн сайын «оқта»!
Ал, «Патриот – ол Қазақстанды шын сүйетін, ұлттық құндылықтарды қастерлейтін, бойында адалдық, ар-намыс, ізгілік қасиеттері бар, халқының дәстүрі мен Отанына деген сүйіспеншілігі мол адам».
Қазақстандық патриотизм – бүкіл қазақстандықтарды кемел болашағына сендіру, оларды жасампаз еңбекке шақыру, береке-бірлікті, баянды ынтымақты орнықтыру болып табылады. Тәуелсіз еліміздің 31 - жылында шыққан биіктері, қайта оралған құндылықтар, өлмес-өшпес мұра, тапқан табыстар жастар жүрегіне қуаныш пен мақтаныш келер күнге деген сенімді ұялатып келеді. Мына өлең жолдарын оқып шығайық
«Адамды – адам еткен еңбек». Жалпы адам баласы өмірге келген күннен бастап еңбекпен тығыз байланыста болады. Себебі, шыр етіп өмір есігін ашқан сәттен бастап ана сүтін емудің өзі еңбекке жатады.
Еңбек дегеніміз бойымыздағы энергия яғни күшіміз, осы күшті пайдаланудың өзі еңбек. Адамдар еңбек ету арқылы көптеген жетістіктерге жетеді.
«Еңбексіз адам өзінің бар адамдық қасиетінен және барлық құнынан айырылады. Адам өзінің жеке еңбегінсіз бір адымда алға ілгерілей алмайды; бір жерге тұрақтап тұрып қалуға да тиісті емес; ол адам қайта кері кетеді», -дейді К.Д.Ушинский.
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы мінез-құлық қасиетке мән бере отырып:
Бойыңа жалқаулықты үйір қылсаң, Жүрерсің көрінгенге көзің сүзіп,- дейді. Демек, еңбек адамгершілік тәрбиесінің әрекетті құралы болып табылады, өйткені еңбек іс-әрекеті процесінде жастардың бойында жалпы адамзаттық маңызы бар еңбексүйгіштік қалыптасады.
Сіздерге осы үш қасиетті бойға сіңіріп, келешекте үлкен тұлға болып қалыптасуға сенім білдіргім келеді.
Диаграммамен жұмыс.
(Осы «үш құндылықты» дамытуға керекті басты күш – құралдар қандай деп ойлайсыз? (мысалы: кітап, тәрбие...)
Тақтада берілген кестені дәптерлеріңізге толықтыруды сұраймын.
|